Электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік.

Get Started. It's Free
or sign up with your email address
Электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік. by Mind Map: Электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік.

1. Ақпараттандыру туралы 35 бап 1.Қолжетiмдiлiгi шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстары жалпыға бірдей қолжетiмдi болып табылады.

2. Тәсілдері:

2.1. 1) электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу жөніндегі сұрау салуды ақпараттық жүйенің меншік иесіне немесе иеленушісіне электрондық поштаны пайдалана отырып және сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында немесе электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі немесе иеленушісі белгілеген өзге де тәсілдермен беру арқылы;

2.2. 2) пайдаланушының жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйелерге тікелей өтініш жасауы арқылы жүзеге асырылады.

3. Тілдері

3.1. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар ашық деректерді жеке және заңды тұлғаларға ашық деректердің интернет-порталы арқылы қазақ және орыс тілдерінде ұсынуға міндетті.

4. Мыналарды:

4.1. 1) мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитындарын қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлерді;

4.2. 2) төтенше жағдайлар, табиғи және техногендiк апаттар, ауа райы, санитариялық-эпидемиологиялық және азаматтардың, елдi мекендер мен өндiрiстiк объектiлердiң тыныс-тіршілігі мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi өзге де жағдайлар туралы мәлiметтердi;

4.3. 3) мемлекеттiк органдардың қызметi туралы ресми мәлiметтердi;

4.4. 4) мемлекеттiк органдардың, кiтапханалардың, архивтер мен өзге де ұйымдардың ашық ақпараттық жүйелерiнде жинақталатын мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділіктi шектеуге болмайды.