Get Started. It's Free
or sign up with your email address
Сана by Mind Map: Сана

1. Алдымен сана, кейін өзіндік сана пайда болады. Өзіндік сана кезінде адам өзін басқа дүниеден, жан-жануарлардан, адамдардан ажыратып қана қоймайды, сол дәрежеде адам әр нәрсенің ұқсастық жақтарын да байқай, соларды теңеу, салыстыру, ұқсату, бейнелеу арқылы түрлі топшылаулар жасап, белгілі пікір айтқан. Жұмбақтар, мәселен, өзіндік сана негізінде дүниеге келген. Жұмбақта бейнеленіп отырған объектінің барлық ерекшеліктері дәл келтіріледі. Мәселен, қоянды жұмбақтағанда, оның кескінін жылқы қарнына, түйе ерніне, есектің құлағына, қасқырдың жүйріктігіне ұқсатып барып сомдаған. Егер жәй сана негізінде еркектер дүниеге келсе, өзіндік сана негізінде жұмбақтар, жаңылтпаштар дүниеге келген.

2. Адам санасының ең маңызды қасиеттерінің бірі – оның белсенділігі. Сананың белсенділігі мынадай жагдайларда жүзеге шыгады дүниені мақсатты түрде және таңдау арқылы бейнелеуде. қоршаган дүниенің заңдылықтарын түсіндіретін теориялық модельдерді құрастырады. Табиги және әлеуметтік құбылыстармен проңесстердің даму туралы болжамын жасайды адамның қайта өзгеру әрекетінің негізгі ретінде қызмет етеді.

3. Сана — дегеніміз адам сезінген және аңғарған ішкі-сыртқы болмыс күйі. Ол таным, қиял, түйсік, ой, тілдік ұғым және жадыны қамттиды. Ол адам миында болатын ерекше құбылыс. Сананы адамның ең басты артықшылығы деуге болады, өйткені адамзаттың бүкіл прогрессінің басында оның санасының прогрессі тұр.

4. Сана белгілі бір дәрежеге – сана сезімге айналады. Сана – сезім өзін-өзі сезініп, ұғыну арқылы жететін сананың ең жоғарғы сатысы.

5. Тіл философиясының негізгі принциптері—тілді, оның формаларын әрекет деп тану, оларды халықтың ұлттық санасы деп есептеу. Тіл — әрекеттің өзі. Сондықтан оның бірден-бір ақиқат анықтамасы генетикалық қана болу керек. Тіл — дыбысты ойдың көрсеткішіне айналдыратын рухтың әрекеті. Даму— тілдің өмір сүруінің формасы. Тіл — ойлау әрекетінің творчестволық синтезі, бірақ сонымен бірге ол — актив форма, ойлау әрекетінің құралы да.

5.1. Сонымен, адамның санасы мен сөйлеу тілінің шығуы қоғамдық өндірістің және онымен бірге алғашқы қоғамдық қатынастар мен қажеттіліктердің ұзақ уақыт бойы қалыптасып, адам тектес маймылдардың үйірлерінің алғашқы әлеуметтік адам бірлестіктеріне айналуының және сондай-ақ соған сәйкес дене құрылысының өзгеруінің нәтижесі болып табылды.

6. Рух

6.1. Рух - кең мағынада сана, психикалық іс-әрекеттің жоғарғы формасы, тар мағынада ойлау ұғымымен бара-бар

6.1.1. Адамның рухани бастауларын талдауды оның құрылымдық күрделілігін ескерусіз толымсыз болады. Рух интеллект, зерде, ақылмен ғана шектелмейді. Рухы күшті адам үшін тек ақылды болу жеткіліксіз. Рухтың барлық адамдарда әрекет ету бастаулары бірдей, бұл оның бір жаратушыдан тарағанын дәлелдейді. Жердің әртүрлі түкпірінде бір-бірінен салыстырмалы оқшаулықта пайда болған адамдық қауымдастықтардың рухани мәдениетінің архетиптік түп-нұсқалары бірдей. Мұны қазіргі мәдени антропологиялық зерттеулер де қолдап отыр. Бүкіл әлемде рух тек адамзатқа қонған, бұл оған үлкен жауапкершілік те артады.

7. Тіл

7.1. Тіл философиясы тіл білімінен көп бұрын пайда болған. Лингвистика дүниеге келген күнінен бастап философиямен тығыз байланыста келеді. Ежелгі Греция сияқты кейбір елдерде тіл теориясымен алғаш айналысушылар философтар болған.

7.1.1. Дүниеге келу тарихының көнелігіне қарамастан тіл философиясы осы атауға XIX ғасырда ғана ие болды. XIX ғасырда европа халықтарының салыстырмалы-тарихи грамматикаларын жазумен қатар тіл философиясының ғылым саласы ретінде қалыптасуына, дамуына, өзіндік объектісінің айқындалуына көп көңіл бөлінді. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты—тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен функциясын, ойлаумен, адамдардың рухани өмірімен байланысын айқындау болды.