Оқытушының кәсіби педагогикалық мәдениеті

Get Started. It's Free
or sign up with your email address
Оқытушының кәсіби педагогикалық мәдениеті by Mind Map: Оқытушының кәсіби педагогикалық мәдениеті

1. Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің компоненті

1.1. - аксиологиялық;

1.1.1. Кәсіптік педагогикалық мәдениеттің аксиологиялық компоненті білім берудің қазіргі кезеңінде кең тараған педагогикалық құндылықтар жиынтығын қамтиды. Педагогикалық іс-әрекет процесінде белгілі идеяларды, концепцияларды, білім мен іскерліктер жиынтығын меңгеруге болады. Қоғам мен жекелеген педагогикалық жүйе үшін білім, идеялар концепциясы басты орын алып, педагогикалық құндылық ретінде байқалады.

1.2. - технологиялық;

1.2.1. Кәсіптік-педагогикалық мәдениеттің технологиялық компоненті педагогикалық іс-әрекет ұғымымен тығыз байланысты. Сондықтан көп деректерде ол кәсіптік-педагогикалық мәдениеттің іс-әрекеттік компоненті ретінде қарастырылады

1.3. - жеке бастық-шығармашылық.

1.3.1. Кәсіптік - педагогикалық мәдениеттің тұлғалық - шығармашылық компоненті - педагог тұлғасындағы шығармашылық бастаманы бейнелейді. Педагогикалық шығармашылық педагогтан ынталылық, жеке тәуелсіздік, дербестік пен жауапкершілік, тәуекелділік, тәуелсіз пікір сияқты тұлғалық қасиеттерді қажет етеді. Педагогикалық мәдениет - шығармашылық жұмысы мен тұлғаның педагогикалық тұрғыдан жүзеге асуы болып табылады.

2. Педагогикалық құндықтар

2.1. Әлеуметтік-педагогикалық құндылық;

2.1.1. Әлеуметтік-педагогикалық құндылықтар мораль, дін, философия формасында қоғамдық сана-сезімде көрінетін әр түрлі әлеуметтік жүйелерде қызмет ететін құндылықтардың сипаттамасы және мазмұны.

2.2. Топтық педагогикалық құндылық;

2.2.1. Топтық педагогикалық құндылықтар нақты білім беру институттарының шегінде педагогикалық әрекетке бағытталған көзқарас, норма, концепциялардың жиынтығы. Бұндай құндылықтардың жиынтығы танымдық жүйеге ие. Бұл құндылықтар нақты кәсіби топтарда жүзеге асырылады: мектеп, лицей, гимназия мұғалімдері, колледж, техникум, университет оқытушылары.

2.3. жеке бастық педагогикмлық құндылық

2.3.1. Жеке бастық-педагогикалық құндылықтар бағалы құндылықтар жүйесін құратын педагогтың мақсаты, мотиві, бағдары, дүниеге көзқарасы көрінетін күрделі әлеуметтік-психологиялық білімі.

2.4. Құндылық деңгейлері

2.4.1. Жеке бастық

2.4.2. Кәсіби-топтық

2.4.3. Әлеуметтік-педагогикалықәлеуметтік-педагогикалық

3. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілік

3.1. О.А. Абдуллина, Ю.К. Бабанский, В.В. Краевский, Р.В. Овчарова,И.Ф. Харламовтар, Б.С.Гершунский

3.1.1. субъектілік компонет

3.1.2. нысандық компонент

3.1.3. пәндік компонент

3.1.4. өз білімін жетілдіру мақсатында қажеттіліктерін қанағаттандыру

4. Мұғалім педагогикалық мәдениетпен минимум жағдайында үш рет өзара қарым-қатынасқа түседі:

4.1. біріншіден, әлеуметтік-педагогикалық әсердің объектісі ретінде педагогикалық іс-әрекет мәдениетін меңгеру кезінде;

4.2. екіншіден, педагогикалық құндылықтардың тасымалдаушысы ретінде белгілі бір мәдени-педагогикалық ортада өмір сүріп, әрекет етеді;

4.3. үшіншіден, маманды-педагогикалық мәдениетті педагогикалық шығармашылықтың субъектісі ретінде құрып, дамытады.

5. Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің мәнін түсіну үшін, мынадай ерекшеліктерін білу керек:

5.1. 1.Кәсіби-педагогикалық мәдениет - әр түрлі формада көрінетін педагогикалық шындықтың сипаттамасы.

5.2. 2.Кәсіби-педагогикалық мәдениет–ол құрылымдық-функционалдық компонеттері бар, өзіндік ұйымы бар, қоршаған ортамен өзара әрекет ететін жүйелі білім беру.

5.3. 3.Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің талдау бірлігі шығармашылық педагогикалық әрекет.

5.4. 4.Кәсіби-педагогикалық мәдениетті жүзеге асыру және қалыптастыру ерекшеліктері дара шығармашылық, психофизиологиялық және жас ерекшелік, жеке тұлғаның әлеуметтік-педагогикалық тәжірибесімен шарттасып жатады.

6. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары – ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері

6.1. "Мұғалімнің іс-әрекеті, оның білімі және тәжірибесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық" Н.И.Непомняшая

6.2. «Мұғалімдер-қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады» Н.Ә. Назарбаев

7. ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

7.1. 1. Жарықбаев Қ., Табылдыев Ә. Әдеп және жантану, Алматы, Қазақстан, 1994. 2. Асылов Ұ., Нұсқанбайұлы Ж. Әдеп: инабаттылық дәрістері (Оқу құралы), Алматы, Рауан, 1998 3. Н.А.Назарбаев К экономике знаний через инновации и образование: послание Президента Н.А. Назарбаева народу Казахстана. – Астана, 2006. 4. Б.И. Додонов Эмоция как ценность.– М., 1978. 5. Общая и профессиональная педагогика// В.Д. Симоненконың ред.бойынша– М., 2005. 6. Кәсіби-педагогикалық мәдениетті қалыптастыру және жүзеге асыру ерекшеліктері К. Рахатова «Туран-Астана» университетінің магистранты