ҚР ның туристік қызметті мемлекеттік реттеу саласын саралау

Get Started. It's Free
or sign up with your email address
ҚР ның туристік қызметті мемлекеттік реттеу саласын саралау by Mind Map: ҚР ның туристік қызметті   мемлекеттік реттеу саласын саралау

1. – туроператорлық, турагенттік қызметті лицензия берген кезден бастап жеті ай өткен соң сәйкестік сертификаттарынсыз жүзеге асыру; сонымен қатар заңсыз көші қон мақсатында туроператорлық қызметті жүзеге асыру;

2. Туристiк қызмет көрсету — туристiк саяхат кезеңiнде және осы саяхатқа байланысты туристiң қажеттіліктерiн қанағаттандыру үшiн маңызы зор қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушылары, гидтер (гид-аудармашылар) көрсететін қызметтер және сапар мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер).

3. Қазақстан Республикасында туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:

3.1. 1) туристiк қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшiн қолайлы жағдайлар жасау;

3.2. 2) туристiк қызметтiң басым бағыттарын айқындау және қолдау;

3.3. 3) Қазақстан Республикасы туралы туризм үшiн қолайлы ел деген түсiнiктi қалыптастыру;

3.4. 4) Қазақстан Республикасының туристерi мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларының және олардың бiрлестiктерiнiң қауiпсiздiгiн, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың мүдделерi мен мүлкiн қорғау.

4. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаттары:

5. 1) азаматтардың туристiк қызмет саласында демалу, еркiн жүрiп-тұру құқықтарын қамтамасыз ету; 2) қоршаған ортаны қорғау; 3) туристерге тәрбие, бiлiм беруге және оларды сауықтыруға бағытталған қызмет үшiн жағдайлар жасау; 4) саяхат жасау кезiнде азаматтардың қажеттерiн қамтамасыз ететiн туристiк индустрияны дамыту; 5) туристік индустрияны дамыту есебiнен жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттiң және Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстарын молайту; 6) халықаралық туристiк байланыстарды дамыту болып табылады.

6. Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің басым бағыттары:

7. 1) туризмді Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабельді саласы ретінде қалыптастыру; 2) туристік ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін ескеру, табиғи және мәдени мұраларын қорғау; 3) балалардың, жасөспірімдердің , жастардың, мүгедектер мен халықтың күнкөрісі төмен топтарының арасында туристік және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгізу; 4) туристік индустрияны инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасау; 5) Қазақстан Республикасының аумағында келу туризмімен және ішкі туризммен айналысатын туристік ұйымдарды қолдау және дамыту;

8. Туристік қызметті лицензиялау. Туристердің құқықтарымен мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасында туроператорлық, турагенттік, қызмет, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметтер лицензияланады. Туроператорлар мен турагенттер лицензия алу үшін туроператордың және турагенттің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуы қажет. Сақтандыру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады.

8.1. 1) Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы орган туроператорлық, турагенттік қызметті, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметтерді жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын сот тәртібінсіз алты ай мерзімге дейін мыныдай негіздер бойынша тоқтата тұруға құқылы:

8.1.1. – туристік ұйымның туристік қызмет көрсету шарттары бойынша міндеттемелерін орындамауы, не тиісінше орындамауы (күнтізбелік үзіліссіз он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдай);

8.1.2. – лицензиар белгілеген нормативтерді және туристік ұйымдар орындауға міндетті басқа да нормаларды бұзу (күнтізбелік үзіліссіз он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдай);

8.1.3. – Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін бұзу; – берілген лицензияға негіз болған ақпараттың дұрыс болмауы.

8.2. 2) Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, бұрын жасалған шарттардан туындайтын міндетттемелерді қоспағанда, туристік қызмет көрсетуге тыйым салуға әкеп соғады.

8.3. 3) Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы орган лицензияны кері қайтарып алуды сот тәртібімен жүзеге асырады. Лицензияны кері қайтарып алу үшін мыналар негіз болып табылады:

8.3.1. – Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы орган белгілеген мерзімде лицензияның қолданылуын тоқтата тұратын себептерінің жойылмауы; – Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.

8.4. 4)Туристік қызметке берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім атқарушы биліктің мүдделІ органдарының назарына жеткізіледі және облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы орган белгілеген мерзімді баспа басылымдарында жарияланады.

8.5. 5) Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық атқарушы органның лицензияны тоқтата тұру туралы шешеіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

8.6. 6) Лицензиялар, туроператорлар мен турагенттер туралы деректер туристік саланың мемлекеттік тізіміне енгізіледі.

9. «Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» Заңы бойынша (15 бап) Қазақстан Республикасында туристердің құқығы мен мүддесін қорғау мақсатында туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтер, туризмнің нұсқаушылық қызмет көрсетулері лицензияланады. Лицензиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.09.2001ж. № 1213 «Туристік қызметті лицензиялау тәртібі» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Лицензия туралы, туроператорлар мен турагенттер туралы деректер туристік саладағы мемлекеттік тізімге енгізіледі.

9.1. Туристік фирманың ұйымдастыру және басқару құрылымы компанияның міндеттері мен стратегиялары арқылы анықталады, бірақ әдетте жалпы жетекшілік жасайтын және фирманың жалпы стратегиясын жасайтын басшы, сонымен қатар маркетинг және жарнама, бухгалтерия, делдалдық операциялар бөлімдері болады.