
1. Сыныпта «оқуға үйрететін» білім ортасын құру
1.1. Сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін айқындайтын негізгі факторлар мыналар:
1.1.1. • мұғалімнің балалардың қалай оқитынын түсінуі; • нені оқыту керектігін түсінуі; • оқу үдерісін қалай құрылымдау туралы ұғым қалыптасуы; • сонымен қатар оқу нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеруі
2. Алдыңғы бөлімде оқыту – бұл жекеленген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айттық.
2.1. Іске тартылған педагогикалық тетіктердің ішінде мыналарды атап өтуге болады:
2.1.1. • оқыту негізін түсіну, оқыту стильдерін назарға алу және өмір бойы білім алудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау; • жүйелі ойлануға үйрету; • шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолдарын зерт- теу және анықтау; • оқу үдерісі үшін және өзін өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру; • тілді, есептеуді жақсы игеру және кеңістіктік ойлау қабілетінің болуы; • сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілік. Келесі бөлімде біз «оқуды үйрету» деп түсінетін құбылысты және мұғалім оқушыларға осындай оқу тетіктерін қалай бере алатынын қарастырамыз.
3. Қалай оқу керектігін үйрену
3.1. «Оқуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрену де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау тура- лы ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты таным- ды тану да бар. «Метатану» деп индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау, кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға болады.
3.1.1. • оқу міндеті қоятын талаптарды түсінуге; • жеке зияткерлік үдерістерін және олардың қалай ықпал ететінін білуге; • тапсырмаларды орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға; • нақты тапсырма үшін барынша оңтайлы болып табылатын стратегияларды таңдауға көмектеседі.