Білім берудегі инновациялық үдеріс және инновациялық іс-әрекет

Get Started. It's Free
or sign up with your email address
Білім берудегі инновациялық үдеріс және инновациялық іс-әрекет by Mind Map: Білім берудегі инновациялық үдеріс және инновациялық іс-әрекет

1. Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады.

2. Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың ерекшеліктерін атап өткен:

2.1. – дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілін арттырады.

2.2. – қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;

2.3. – оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;

2.4. – саралап деңгейлел оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.

2.5. – ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;

2.6. – иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат” үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;

3. Білім беру жүйесіндегі инновация – білім мақсатына жаңашылдықты енгізуді көздейді, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдісі мен түрлерін, жаңа мазмұнын әзірлеуге, қолданылып отырған педагогикалық жүйені тарату мен енгізу мектепті басқарудың жаңа технологияларын әзірлеу, мектеп тәжірибелік орын ретінде мектептің принципі жаңа білімділік бағдары мақсатын, мазмұнын, әдісін түрлері мен басқа компоненттерін көздейтін жүйелі сипаттама білім мен тәрбие беруді көздейді.

4. Білім берудің негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған педагогикалық инновация қажеттілігінің себептері:

4.1. 1*Сапа менеджменті жүйесі терең, тиянақы білім беруді талап етуіне орай озық технологияларды пайдалану.

4.2. 2*Қазіргі заманғы және сапалы білімді қалыптастыруға ықпал жасайды.

4.3. 3*Инновациялық қызмет педагогтің кәсіби өсуін , тұрақты өзін – өзін жетілдіруін, озық тәжірибелерді зерделеп, зерттеп игеруін қаматамасыз етіп, шығармашылық жауапкершілік сезімін арттырады.

4.4. 4*Инновациялық білім педагогикалық әлемде жаңа құндылықтарды қалыптастырып, қарым – қатынастың жаңа жетілдірілген мәдениетін игереді..

4.5. 5*Инновациялық үрдістер – педагогикалық сапалылық пен белсенділікті қалыптасытырып, кәсіби шеберлігін шығармашылықпен үйлестіру арқылы талаптар деңгейінде еңбек етуге жеткізеді.

5. Инновациялық білім беру құралдарына мыналар жатады:

5.1. Аудио-видео құралдар

5.2. Компьютер

5.3. Интерактивті тақта

5.4. Интернет

5.5. Компьютер – мультимедaялық құрал

5.6. Электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен инновациялық сайт және тағы басқалары жатады

6. Н.В.Шиширина білім бьерудегі инновацияны мынадай топтарға бөлді:

6.1. Инновация - үрдіс, бұл технологиялық, және басқарушылық жетілдіру немесе жаңа немесе қолданыстағы білім беру процесінің тиімділігі мен сапасын арттыратын түбегейлі жаңа процесс құру.

6.2. Инновация - өнім, бұл білім беру ұйымынан тыс жерде пайда болатын түбегейлі жаңа немесе жетілдірілген дайын өнімнің физикалық формасы бар жаңалық.

6.3. Инновация - қызмет, бұл жеке, топтық және әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және дамыту мақсатында тұтынушыға жалпы, кәсіби сипаттағы білім,білік,дағдыларды беруге бағытталған кешенді өзара іс-қимыл,қызмет.