МЕНЕДЖМЕНТ ПРОЦЕСІ (менеджерлер не істейді?)

Get Started. It's Free
or sign up with your email address
МЕНЕДЖМЕНТ ПРОЦЕСІ (менеджерлер не істейді?) by Mind Map: МЕНЕДЖМЕНТ ПРОЦЕСІ (менеджерлер не істейді?)

1. 4) Бақылау

1.1. Басқару процесінің қорытынды кезеңінде өз мақсаттарына қол жеткізу жолында ұйымның қозғалысын бақылау мен мониторинг іске асырылады.

1.2. Ұйымды өз мақсатына қарай жетелеу үшін, менеджерлер белгіленген уақытта «белгіленген пунктке» жетуін қамтамасыз ету мақсатында, қозғалысты қадағалап отыруға тиіс.

2. 3) Жетекшілік ету

2.1. Үшінші негізгі басқару функциясы– жетекшілік ету. Көпшілік ғалымдар мұны басқару қызметінің аса маңызды және сонымен қатар өте күрделі аспектілерінің бірі деп қарастырады.

2.2. Жетекшілік ету– ұйым мүшелерінің біріккен жұмысын ұйымдастыру және ұйымның мүдделерін ұсыну үшін пайдаланатын процестер жиынтығы.

3. Менеджмент – ұйымдық мақсаттарға тиімді түрде қол жеткізу үшін, ұйымның ресурстарына (адам, қаржы, материалдық және ақпараттық) негізделген әрекеттер (жоспарлау және шешім қабылдау, ұйымдастыру, жетекшілік ету және бақылауды қоса алғанда) жиынтығы

4. Менеджер – жоспарлайтын және шешім қабылдайтын, адам, қаржы, материалдық және ақпараттық ресустарды ұйымдас­тыратын, басқаратын және бақылайтын тұлға

4.1. Топ-менеджерлер бүкіл ұйымды басқаратын басшылардың салыстырмалы түрде шағын тобын құрайды. Осы топтағы негізгі лауазымдарды президент, вице-президент және бас атқарушы директор (CEO) иеленеді, ал топ-менеджерлер ұйымның мақсатын, жалпы стратегиясын, операциялық саясатын құрады. Сонымен қатар олар сыртқы ортада ұйым атынан өкілдік етеді, үкіметтік шенеуніктермен, басқа ұйымдардың жетекшілерімен байланыста болады.

4.2. Орта буын менеджерлері – көпшілік ұйымдардағы менеджерлердің ең үлкен тобы. Орта буын менеджерлеріне кәсіпорын басшылары, өндіріс директорлары және бөлім басшылары жатады. Орта буын басшылары, негізінен, жоғары буын басшылары әзірлеген саясаты мен жоспарларын жүзеге асыру үшін тиісті іс-әрекеттер жасайды, сондай-ақ төменгі буын басшыларының қызметін үйлестіруге жауап береді.9 Шығыс штаттағы үш фирманың жұмысына жауапты Starbucks компаниясының өңірлік басшысы Джейсон Эрнандез – орта буын басшысы.

4.3. Төменгі буын менеджерлері операциялық персонал қызметін бақылайды және үйлестіреді. Төменгі буын менеджерлері үшін кең таралған лауазым инспектор, үйлестіруші және кеңсе меңгерушісі болып келеді. Көбіне мұндай лауазымдарды, алдымен, операциялық персонал қатарынан басшылыққа кірген қызметкерлер иеленеді. Техастағы Starbucks кофеханасының басшылары Уэйн Максвелл мен Дженни Вагнер төменгі буын басшылары болып саналады.

5. 1) Жоспарлау мен шешім қабылдау

5.1. жоспарлау дегеніміз – мақсат қою және оған қол жеткізу тәсіліне қатысты шешім қабылдау.

5.2. шешім қабылдау көптеген нұсқалар жиынтығынан, іс-әрекеттер жоспарын таңдаудан құралады.

5.3. Жоспарлау мен шешім қабылдау болашақ әрекетке бағдар қызметін атқара отырып, басқару тиімділігіне қолдау көрсетуге көмектеседі. Басқаша айтқанда, ұйымның мақсаты мен жоспарлары менеджерлерге өз уақыты мен ресурстарын бөлуге тікелей көмектеседі.

6. 2) Ұйымдастыру

6.1. Басты мәселені қойып, іске асырылатын жоспарды әзірлеген соң, оның келесі басқару функциясы – осы жоспарды орындау үшін адамдар мен басқа ресурс­тарды ұйымдастыру міндеті туындайды.

6.2. Дәлірек айтқанда, ұйым қызмет түрлері мен ресурстарды топтастыру тәсілін анықтаудан құралады.

6.3. «Бізде жақсы адамдар көп. Оларға тек бағыт беретін және шабыттандыратын жақсы басшы қажет». – БИЛ ФОРД, FORD БҰРЫНҒЫ CEO