Get Started. It's Free
or sign up with your email address
СЕПСИС by Mind Map: СЕПСИС

1. Клиникалық бағыт бойынша жіктеу

1.1. 1. септициемия 2. септикопиемия 3. бактериалды эндокардит 4. хрониосепсис

1.1.1. Септицемия — сепсистің метастазсыз түрі. Бұл кезде көкбауыр үлкейіп, лимфа түйіндері ұлғаяды. Ішкі органдарда дистрофиялық өзгерістер, қабынулар байқалады. Септикопиемия кезінде сепсистік ошақтар өкпеде, бүйректерде, ми тінінде, жүректе басталады. Іріңді қабыну сепсис ошағынан айналадағы тіндерге өтіп, іріңді плеврит, перикардит, перитонит дамиды.

2. .Сепсистің орналасқан орнына қарай

2.1. * терапевтік (өкпенің іріңді қабынуы); *бадамша бездік (іріңді баспа); *хирургиялық (шиқан шыққанда); *гинекологиялық (ауруханадан тыс жасатқан аборттан кейін); *урогендік (несеп жолдарындағы іріңді қабынулар); *отогендік (іріңді отиттің асқынуы); *кіндіктік (нәрестенің кіндігінің айналасындағы қабыну) түрлері бар.

3. Сепсис ауруының диагнозы — оның жергілікті және жалпы симптомдарына, лабораториялық, бактериологиялық зерттеулерге сүйене отырып нақтыланады. Бактериологиялық зерттеудің маңызы зор. Зерттеуге қанды тәулігіне бірнеше қайтара, науқастың дене қызуы жоғарылағанда алған дұрыс. Бактериологиялық зерттеуге науқастың зәрі, қақырығы, ірің, жарадан және серозды қуыстардан алынған экссудатты жіберуге болады.

4. Анықтама Сепсис (sepsis) - инфекцияның жергілікті ошағынан әртүрлі микроорганизмдер мен олардың токсиндерінің қан ағымына тұрақты немесе мезгіл-мезгіл енуі кезінде организмнің бұзылған реактивтілігі жағдайында пайда болатын циклдік емес типтегі жалпы спецификалық емес жұқпалы ауру. Сепсис жалпы іріңді инфекцияға жатады.

4.1. Сепсистің дамуында дененің реактивтілігінің ерекшелігі, ең алдымен иммунитеттің бұзылуы маңызды. Сепсис кезіндегі ағзаның реакция түрі иммундық қорғаныс сипатына байланысты, ол қалыпты (қабыну құбылыстарының басым болуы), гиперергиялық (деструктивті-дегенеративті өзгерістердің басым болуымен тез, жедел басталуы), анергиялық (летаргиялық курс) болуы мүмкін.

5. Клиникалық көрінісі бойынша:

5.1. 1)кенеттен дамитын; 2)жедел; 3)ауры; 4)рецидивті; 5)созылмалы.

6. Сепсисте қандағы кининогендердің деңгейі өсіп, микроциркуляция бұзылыстарына әкелуіне байланысты, кешенді емге протеолиз ингибиторларын қосқан абзал (годокс тәулігіне 200000 -300000 бірлік немесе контрикал тәулігіне 40000 – 60000 бірлік).

6.1. Сепсистің қарқынды этиопатогенезді, симптоматикалық (жүрек – тамыр препараттары, анальгетиктер, антикоагулянттар, ангиопротекторлар) кешенді емі, науқастың жағдайы толық қалпына келгенше, гомеостаз толық реттелгенге дейін жүргізіледі.