Медицина қызметкерлерінің кәсіби қарым қатынасы

Get Started. It's Free
or sign up with your email address
Медицина қызметкерлерінің кәсіби қарым қатынасы by Mind Map: Медицина қызметкерлерінің кәсіби қарым қатынасы

1. «Медбике-дәрігер» арасындағы қарым-қатынастар:

1.1. Науқастың денсаулық жағдайындағы кенеттен болған өзгерістер туралы дәрігерге жедел хабар берілуі тис;

1.2. Тағайындалған дәрігерлік емді қолдану барысында күмән туындаған жағдайда , науқас жоқ уақытта, сыпайы түрде, осы жөнінде дәрігермен мән-жайды талқылауы қажет.

1.3. Сұхбаттасу кезінде дөрекі сөйлесуге тыйым салынады;

1.4. Дәрігерлік тағайындаулар уақытында нақты, нақты және кәсіби орындалуы тиіс;

2. «Медбике-медбике» арасындағы қарым-қатынастар:

2.1. өз ұжымдастарымен жұмыс істеу барысында дөрекілікке, тұрпайылыққа жол берілмеуі тиіс;

2.2. Қандай да бір ескертулер, науқас болмаған уақытта, әдепті түрде айтылуы тиіс;

2.3. Тәжірибиелері мол медбикелер жас мамандарға тәлімгерлік көмек көрсетулері қажет;

2.4. Қиын жағдайларда бірі біріне көмектесулері тиіс.

3. «Медбике-кіші медицина қызметкері» арасындағы қарым-қатынастар:

3.1. өзара сыйластықты сақтаулары тиіс;

3.2. кіші медицина қызметкерінің жұмысын сыпайы түрде бақылауы қажет;

3.3. Әдепсіздікке, дөрекілікке, тәкаппарлыққа жол беруге болмайды;

3.4. Науқастар мен келушілердің көзінше ескертулер жасауға болмайды.

4. «Медбике-емделуші» арасындағы қарым-қатынастар:

4.1. Медициналық бике емделушімен сабырлы әрі ашық жарқын сөйлесуге міндетті. Дөрекі, тұрпайы немесе тым ресми сөйлесуге тыйым салынады. Науқастарға «Сіз» деп және аты мен әкесінің атын атап сөйлескен жөн.

4.2. Науқастың жанында тұрып оның диагнозын, емдеу жоспарын талқылауға, палатадағы өзге де науқастардың денсаулығын әңгімелеуге тыйым салынады.

4.3. Күрделі және ауырсындыратын емшараларды бастамас бұрын медбике осы емшаралардың мәнін, мағынасын және қажеттілігін түсінікті түрде науқасқа түсіндіруі және тыныштандыруы қажет.

5. «Медбике – емделушінің туысқандары (және жақындары)» арасындағы қарым-қатынастар:

5.1. Ұстамдылықты, сабырлылықты, тыныштықты және әдептілікті сақтауы қажет;

5.2. Күрделі науқастарды күтушілерге емшара мен манипуляцияларды дұрыс орындау тәртібін түсіндіруі тиіс;

5.3. Тек өз құзыреті шеңберінде сұхбаттасуы (науқастың сырқаты, болжамы жөнінде әңгімелемей, дәрігерге жолдау) тиіс;

5.4. Қойылған сұрақтарға сабырлы жауап беруі қажет, күрделі науқаста дұрыс күте білу ережелерін шыдамдылықпен үйретуі тиіс.