Эссені қалай жазады - барлық ережелер

Get Started. It's Free
or sign up with your email address
Эссені қалай жазады - барлық ережелер by Mind Map: Эссені қалай жазады - барлық ережелер

1. Эссені қалай бастайды

1.1. 1-кеңес.Эссе жазуды бастамас бұрын, идеяны тұжырымдап, мақсатты анықтап, және жұмыс үшін ақпарат көздерін тауып алу керек.

1.2. 2-кеңес. Еркін жазу әдісін қолданыңыз. Оның мәні – болып жатқан нәрселерді миға редакциялаусыз және грамматика, пунктуация, стиль секілді т.б. ережелерге бағынбай-ақ жазуда. Бұл шығармашылық дағдарыспен күресуге және керемет идеяларды табуға көмектесетін тамаша тәсіл.

1.3. 3-кеңес. Кіріспе бөлімге тоқтап қалмау керек. Алғысөзді негізгі бөлім жазылғаннан кейін де жазса болады. Бұл жағдайда эссенің не туралы жазылғаны түсінікті болғандықтан, кіріспені де жазу оңайырақ болады.

1.4. 4-кеңес. Эссе жазудың барынша кеңінен тараған танымал нұсқаларының бірі – бірінші сұрақтан бастап, оған жауап жазу. 

2. Эссе жазуда жиі жіберілетін қателіктер

2.1. 1-қателік: Түсініксіз болып қалу немесе керекті әсер бере алмау секілді жеке қорқыныштардың кесірінен автор эсседегі барлық көрнекті ойларды алып тастап жатады. Осыған байланысты эссе өз даралығын және ерекшелігін жоғалтады.

2.2. 2-қателік: Мәліметтердің жеткіліксіз дамуы.Көп кездесетін қателік – автор өз тұжырымдамасында мысалдар мен дәлелдерді жеткілікті мөлшерде көрсетпейді.

2.3. 3-қателік: Эсседе көрсетілген мәселенің мәнін түсінбеу немесе тақырыпты дұрыс түсіндірмеу.

2.4. 4-қателік. Авторды көрсетпестен өзгелердің пікірін қолдану және эссе жазған адамның өзінің жеке көзқарасының болмауы.

3. Кіріспе бөлім Кез келген жазбаша жұмыс секілді, эсседе де кіріспе бөлім немесе кіріспе болады. Жақсы жазылған кіріспе оқырманның қызығушылығын оятып, эссені аяғына дейін оқуға қызықтырады. Кіріспе бөлімде мәселенің тұжырымдамасы және оның маңызы, риторикалық сұрақ, дәйексөз және т.б. болуы мүмкін. Сондықтан, ерекше эмоционалды түрде ойлана отырып, оқырманды қаралатын мәселеге алып келу маңызды.

4. 1.Мәселені қамтитын және оқырманның ойлануына ықпал ететін белгілі бір қысқа тақырыптың болуы.

5. 3.Сөйлеу стилінде жазылады. Эсседе күрделі тұжырымдар мен тым ұзақ сөйлемдер болмауы керек. Оқырманмен байланыс орнату үшін еркін стильді ұстану маңызды. Сонымен қатар, эссені іші сленгке толған сапасыз мәтінге айналдырып, артық кетудің қажеті жоқ. Мәтінге – әртүрлі интонация қолданылған қысқа, қарапайым және түсінікті сөйлемдер жақсы эмоционалдық өң береді.

6. Эссенің негізгі белгілері:

6.1. 2.Субъективті авторлық ұстаным. Эссені ерекшелейтін нәрсе – онда қандай да бір мәселеге тоқталған автордың көзқарасы, оның әлемге деген қатынасы, сөйлеуі мен ойы болады.

6.2. 4.Мәселеге толық талданым жасау. Жеке көзқарасты нақты деректерге сүйене отырып көрсетіп, дәлел келтіру керек.

7. Эссенің құрылымы неден тұрады

7.1. Негізгі бөлім Басты бөлімде қарастырылып отырған мәселе бойынша әртүрлі көзқарастар келтіріп, мәселенің тарихын қозғауға болады.