Жаратылыстану пәні

Get Started. It's Free
or sign up with your email address
Жаратылыстану пәні by Mind Map: Жаратылыстану пәні

1. табиғатты жан - жақты,әрі біртұтас зерттейтін ғылымдардың жиынтығы.

2. ақпаратты іздеу және іріктеу барысында базалық технологияларды қолдана отырып, АКТ қолдану дағдыларын енгізу туралы идеяларды ұсынады.

3. Маңыздылығы: Бастауыш мектеп жасындағы балалардың әлем жайлы ой - өрістің кеңеюіне, табиғи білімқұмарлықтың дамуына, қоршаған әлемді тұтастай қабылдаудың дамуына, табиғатты қорғауға, ластамауға және бағалай білу біліктерінің дамуына көмектеседі.

4. Кіші мектеп жасындағы балаларға «Жаратылыстану» пəнін оқу жəне меңгеру мынандай мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді: - қоршаған əлемнің күрделілігі мен көп қырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен үрдістердің өзара байланысын; - өлі жəне тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен үрдістердің себептерін; - жаратылыстану бағытындағы білімнің адамның көптеген іс-əрекет түрлері үшін маңыздылығын.

5. қарастыратын мәселелері: өзіміз өмір сүріп жатқан Жер планетасын, ондағы табиғи жағдайлар мен жан-жануарларды, өсімдіктер әлемін, олардың тіршілігінде болып жатқан құбылыстарды қазіргі заманғы ғылыми түсініктермен байланыстыра отырып қарастырады.

6. «Жаратылыстану» ұғымы екі сөзден құралған- «жаратылыс» (табиғат) және «тану» немесе «білу». Бұл сөзге синоним ретінде "табиғаттану" сөзін де алса болады.

7. биология, география, химия, физика пәндерәмен тығыз байланысты.

8. Мақсаты: «Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндерін негізгі мектепте оқытудың негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғат әлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерімен жұмыс істеуі туралы ақпаратты жинақтау, өңдеу, талдау және сақтау жүйесі.

9. пәнді оқу барысында оқушылардың бойында мынадай зерттеу дағдылары дамиды: бақылау әдісі; зерттеуді жоспарлау; деректерді алу және ұсыну; нәтижелерді түсіндіру.

10. Мақсаты:

10.1. «Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндерін негізгі мектепте оқытудың негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғат әлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерімен жұмыс істеуі туралы ақпаратты жинақтау, өңдеу, талдау және сақтау жүйесі.