Педагогтың сөйлеу мәдениеті – кәсіби іс-әрекет жетіс-тігінің шарты.

Get Started. It's Free
or sign up with your email address
Педагогтың сөйлеу мәдениеті – кәсіби іс-әрекет жетіс-тігінің шарты. by Mind Map: Педагогтың сөйлеу мәдениеті – кәсіби іс-әрекет жетіс-тігінің шарты.

1. Сөйлеу мәдениеті дегеніміз адамның қарым-қатынас жасаудың тілдік құралдарын дұрыс таңдай отырып, әдеби тілдің жазбаша және ауызша нормаларын меңгеру арқылы ойды айқын және әсерлі жеткізе алуы.

2. Мұғалімнің сөз сөйлеу әдебі дегеніміз кез келген жағдайларда сөздік, тілдік құралдарды дұрыс пайдалану ережелерінің жиынтығы.

3. Осы салада арнайы зерттеу жүргізген мамандардың пайымдауынша, педагогтардың сөйлеу мәдениетінің жоғары болуына мынадай негізгі көрсеткіштер әсер етеді:

3.1. 1)сөйлеген сөздің дұрыстығы - әдеби тілдік нормалардың сақ-талуы

3.2. 2)сөздің анықтылығы.

3.3. 3)сөздің нақтылығы педагогтың айтып тұрған нәрсесін терең білуімен, логикалық ойлау қабілетінің толық пайдаланылуымен, өз ойын нақты жеткізе алуымен, сөздерді орынды қолдана алуымен ерекшеленеді.

3.4. 4) Сөйлесу барысындағы сөздің түсініктілігі тілдік құралдар-дың дұрыс таңдалуына байланысты.

3.5. 5) педагогтың тіл байлығы – оның сөздік қорының жеткіліктілігі.

3.6. 6) тіл тазалығы сөйлеу әдебінің негізгі шараларының бірі.

3.7. 7) сөздердің қажет болғанда бейнелі, көркем, эмоциялы болуы.