Халықаралық білім берудегі нормативтік актілер.Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы...

Get Started. It's Free
or sign up with your email address
Халықаралық білім берудегі нормативтік актілер.Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы. 6 - тарау Білім беру қызметінің субьектілері,40 - бап.Білім беру ұйымдары. by Mind Map: Халықаралық білім берудегі нормативтік актілер.Білім туралы  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы. 6 - тарау Білім беру қызметінің субьектілері,40 - бап.Білім беру ұйымдары.

1. 1.Меншік нысанына және ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан,бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушыларды,тәрбиеленушілерді бағып-күтуді және тәрбиелеуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар,сондай-ақ заңды тұлғалардың халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдары,заңды тұлға құрмай,мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлер білім беру ұйымдары болып табылады.

2. 2.Білім беру ұйымдарында бiлiм беру қызметiмен айналысу құқығы: 1) лицензиялауды талап ететін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе,лицензия алған сәттен бастап және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен лицензиядан айыру немесе оны жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап; 2) лицензиялауды талап етпейтін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеген сәттен бастап туындайды.

3. 3. Іске асырылатын білім беру бағдарламаларына қарай білім беру ұйымдарының мынадай үлгілері болуы мүмкін: 1) мектепке дейінгі ұйымдар; 2) орта (бастауыш,негiзгi орта,жалпы орта) бiлiм беру ұйымдары; 3) техникалық және кәсіптік білім беру; 4) орта білімнен кейінгі білім беру; 5) жоғары білім беру; 6) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру; 7) мамандандырылған білім беру ұйымдары; 8) арнайы білім беру ұйымдары; 9) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары; 10) балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары; 11) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары

4. Білім беру жүйесінің ЮНЕСКО белгілеген негізгі мақсаттары.

5. Бірлесе өмір сүруге үйрену/үйрету

6. Жұмыс жасай білуге үйрену/үйрету;:Үйрене білуге үйрену және үйрету.

7. Өмір сүруге үйрену/үйрету.