Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби мәдениетінің құрылымы

ЖМП

Get Started. It's Free
or sign up with your email address
Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби мәдениетінің құрылымы by Mind Map: Жоғары мектеп оқытушысының  кәсіби мәдениетінің құрылымы

1. Жоғары мектеп оқытушысы мынадай нeгiзгi талаптарға сай болуы қажет: Мамандығы бойынша негізгі дайындығы болуы; Адамдардың адамдарға, қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық нормаларды бiлyі; Қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып, жаңа білім алу, өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуі ; Компьютерлік техниканы меңгеруі ; Ғылыми, іскерлік, қоғамдық, саяси және тұрмыстық тілдер ауқымында мемлекеттік және шетел тілдерінде сөйлесе білуі.

2. Жоғары мектепте оқу мен тәрбие процестерінің бip-бipiмен етене бірлігіне қол жеткізу ұстаздардың алдына студенттердің бойында ғылыми- дүниетаным, моральдық-саяси сапалар, еңбек сүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру, олардың қоғамдық белсенділігін барынша дамыту міндетін қойып отыр. Осыған орай студенттердің оқу мерзімінің барлық кезеңіне арналған тәрбие беру жұмысының бірыңғай перспективалық жоспарының ұстанымдары мынадай:

3. Бүкіл тәрбие жұмысын кешенді түрде, яғни тәрбиенің барлық сапаларын (саяси-идеялық, еңбек, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесі) біріктіріп жүзеге асыру;

4. Курс сайын тәрбие жұмысының мазмұнын белгілеуде, әдістері мен ұйымдастыру формаларын қолдануда бірізділіктің болуын ескеру.

5. Жоғары мектеп оқытушысы — арнайы даярлығы бар және педагогикалык ic-әрекетпен айналысатын кәсіпкер адам.

6. Жоғары мектеп оқытушысына қойылатын талаптар: Ұстаз қандай болса, қоғамы да сондай деген бұлжымас заңдылық қай қоғамда да көкейкесті. Жаңа формация мұғалімі - рухани дамыған жеке тұлға. Кәсіби дағдыланған, педагогикалық дарыны бар, жаңашылдыққа бейім, өз-өзін талдауға қабілетті. Кәсіби оқытушы тек қана өз пәнін ғана емес, педагогикалық процестегі әрбіp мүшенің орнын анық біледі; студенттердің ic-әрекетін ұйымдастыра алады, нәтижелерін болжай біледі; кемшіліктерін түзете алады. Ол міндетті түрде құзіреттi жеке тұлға болуы керек. Құзіретті педагог құзіреттіліктің үш тобын қалыптастыра алуы тиіс: Әдіснамалық ( психология, педагогика). Жалпы мәдениетті (дүниетанымдық ). Пәндік-бағдарлы. Жоғары мектеп оқытушысы экономикалық қатынас жағдайындағы белсенді, кәсіби және әлеуметтік қызметке даярланған болуы керек.

7. Оқу, ғылыми және тәрбие жұмыстарының тұтастығын қамтамасыз ету;