Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби мәдениетінің құрылымы

Get Started. It's Free
or sign up with your email address
Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби мәдениетінің құрылымы by Mind Map: Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби мәдениетінің құрылымы

1. В.А.Крутецкий жалпылама түрде педагогикалық қабілеттерді ұсынып, оларға сәйкесінше анықтамалар берді:

1.1. Дидактикалық қабілеттер – білім алушыларға түсінікті етіп оқу материалын жеткізу, пәнге қызығушылығын тудыру, белсенді дербес ойлау қабілеттері. Дидактикалық қабілеті бар оқытушы қажет жағдайда оқу материалын қайта құрастыра алады, оны педагогикалық жағынан бейімдейді, қиынды жеңіл етеді, түсініксізді түсінікті етеді.

1.2. Академиялық қабілеттер – сәйкесінше ғылым саласына қабілеттілік . Қабілетті оқытушы пәнді оқу курсының шеңберінде ғана емес, одан кең және терең біледі, ӛз ғылымы саласында жаңалықтарды үнемі бақылап отырады, материалды еркін меңгерген, пәнге қызығушылығы жоғары, зерттеу жұмысымен айналысады.

1.3. Перцептивті қабілеттер – білім алушының ішкі дүниесіне ене алу қабілеті, психологиялық байқағыштық, білім алушыны түсіне алу.

1.4. Сӛйлеу қабілеттері – сӛйлеу, ым және пантомимика арқылы ӛз ойларын, сезімдерін білдіре алу. Педагог сӛзі әрдайым ішкі күші және рухымен, сенімділігімен сипатталады. Ойын еркін, анық, қарапайым, түсінікті етіп жеткізу.

1.5. Ұйымдастырушылық қабілеттер – бұл, біріншіден, білім алушылар ұжымын ұйымдастыру, оны нығайту, ұжымды маңызды міндеттерді шешуге ынталандырып бағыттау, екіншіден, ӛз жұмысын дұрыс ұйымдастыра білу қабілеттері.

1.6. Авторитарлық қабілеттер – білім алушыларға тікелей эмоционалдықжігерлі әсер ету қабілеті және соның негізінде олардың алдында беделге ие болу.

1.7. Коммуникативті қабілеттер – білім алушылармен қарым-қатынасты құру қабілеттілігі, білім алушылардың тілін табу, олармен мақсат бағдарлы қатынасты орнату қабілеттілігі, педагогикалық такттың болуы.

2. Педагог -деп ежелгі Грекиядағы ауқатты адамдардың балаларын жетелеп жүрген құлды айтқан. Біртіндеп педагог сӛзі кең мағынаға ие болып, бүгінгі таңда «баланы ӛмірге жетелеуші», яғни тәрбиелеуші, оқытушы деген мағынаны білдіреді. Педагог қызметінде осы мамандықтың қалыптасу кезінен бері тәрбиелік қызмет ерекше маңызға ие. Мұғалімнің атқаратын қызметтерінің ішінде тәрбиелік міндеттер маңызды және ауқымды орын алады. Сондықтан педагогика ұғымының мәнін ашуда, оның тәрбиелік аспектісі бірінші орында тұрады.

3. Жоғары оқу орнының барлық оқытушыларын шартты түрде үшке бӛлуге болады:

3.1. педагогикалық бағыттылығы басым оқытушылар

3.2. зерттеушілік бағыттылығы басым оқытушылар

3.3. педагогикалық және зерттеушілік бағыттылығы бірдей кӛрініс тапқан оқытушылар

4. Жоғары оқу орны оқытушысының педагогикалық іс-әрекеттегі кәсіпқойлығы педагогикалық жағдайларды талдау негізінде педагогикалық міндеттерді кӛре білу мен құрастыра алу және оларды шешудің тиімді тәсілдерін таба алу іскерлігінен кӛрініс табады. Студенттермен жұмыс барысында педагог шешетін алуантүрлі жағдаяттардың барлығын сипаттау мүмкін емес. Әрдайым жаңа, ерекше және тез ӛзгеріп отыратын жағдайда шешім қабылдауға тура келеді. Сондықтан, педагогикалық іс-әрекеттің маңызды сипаттамаларының бірі – шығармашылығы болып табылады.

5. Педагогикалық қабілеттер және сәйкесінше педагогикалық іс-әрекет құрылымында келесі компоненттерді ажыратып кӛрсетуге болады: конструктивті, ұйымдастырушылық, коммуникативті және гносеологиялық

6. Конструктивті қабілеттер тактикалық мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді: курсты құрастыру, жеке тарауларға нақты мазмұнды іріктеу, сабақтарды ӛткізу түрлерін таңдау.Жоғары оқу орнындағы білім беру-тәрбие үрдісін құрастыру мәселелерін шешу міндеті күнделікті әрбір педагог-практик алдында туындап отырады.

7. Ұйымдастырушылық қабілеттер тек қана студенттерді оқыту үрдісін ұйымдастыру үшін қызмет етпейді, сонымен бірге жоғары оқу орны оқытушысының ӛзінің іс-әрекетін ӛздігінен ұйымдастыру үшін де қызмет етеді.

8. Жоғары оқу орындарының оқытушылары кӛбінесе пән бойынша білімді жоғары бағалап, маңыздылығын түсінеді, ал педагогика, психология және оқыту әдістемесі бойынша білімнің маңыздылығын елемейді.

8.1. Педагогикалық қабілеттерді құрайтын гносеологиялық компоненттің маңызды құрамдас бӛлігі танымдық әрекеттің, яғни білімді меңгеру әрекетінің негізін құрайтын білімдер мен іскерліктер болып табылады.

8.2. Гносеологиялық қабілеттер оқытушы әрекетінің негізін құрайтын болса, педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейіне жетуді анықтайтын қабілеттер жобалау және жоспарлау қабілеттері болып табылады.

8.3. Жобалау қабілеті педагогикалық әрекеттің стратегиялық бағыттылығын қамтамасыз етеді және соңғы нәтижеге бағдарлана алу, студенттердің болашақ мамандануына байланысты ӛзекті мәселелерді шешу іскерліктерінде кӛрініс табады, курсты жоспарлауда ол курстың оқу жоспарындағы орнын есепке алумен және басқа пәндермен байланыстарын орнатумен сипатталады. Ондай қабілеттер педагогикалық тәжірибенің жинақталуымен дамиды.