Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби-педагогикалық мәдениеті

Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби-педагогикалық мәдениеті

Get Started. It's Free
or sign up with your email address
Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби-педагогикалық мәдениеті by Mind Map: Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби-педагогикалық мәдениеті

1. Мәдениет – адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Мәдениет адамсыз жаралмайды. Белгілі американ психологгуманисі А. Маслоу «мәдениет біздің психологиялық және биологиялық табиғатымызға өте жақын, сондықтан оқытудың негізі ретінде қарау керек» дейді.

2. Педагогикалық мәдениет – жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі, онда білім беру мен тәрбиелеудің рухани және материалдық құндылықтары кең тұрғыда көрініс табады, ол тұлғаны әлеуметтендіру, ұрпақтар ауысуы тарихи процесіне қызмет көрсету үшін қажетті шығармашылық педагогикалық іс-әрекет тәсілдері болып табылады.

3. Педагогтың ақыл-ой мәдениеті - педагогтің іс-әрекеті кезіндегі өзіндік ойлауы мен шығармашылық ойы және икемділігінің деңгейі; түрлі педагогикалық жағдаяттардағы педагогикалық, сол сияқты жаңа, күтпеген және даулы мәселелерді шешудің жолдарын талдау мен құралдарын таңдаудағы педагогтың ойлау процесінің тиімділігін туындататаын және қамтамасыз ететеін сапалар жиынтығы

4. Өздігінен білім алу мәдениеті - өздігінен ілім алудың барлық құрылымдарының дамуы мен жетілуінің жоғары деңгейі. Өздігінен білім алу қажеттілігі дамыған тұлғаға тән қасиет, оның рухани өмірінің қажет элементі болып табылады. Тұлғаның танымдық қажеттілігінің қанағаттандырылуының жоғары формасы болып санала отырып, өзіндік білім алу адамның елеулі ерік күшінің көрінуіне, жоғары деңгейдегі саналығы мен ұйымшылдығына, өздігімен жетілу үшін іштей жауапкершілік қабылдау даярлығына байланысты.

5. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті – педагог пен оқушының арасындағы адмагершілікті саналы қарым-қатынасы, оның мазмұнында сөз мәдениеті, сыртқы өзіндік безендіру мәдениеті мен педагогикалық мақсатты өзара қатынас мәдениеті бар.

6. Педагогикалық кәсіби мәдениет – мұғалімнің әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, игерген білім, білікті тәжірибеде қолдана білуі және өзін-өзі, қоршаған ортаны жаңарту қабілетімен қатар басқа адамдармен ізгілік тұрғысында қарым-қатынас жасай білу қабілетімен сипатталады.

7. Кәсіби мәдениетті жоғары деңгейде меңгерген мұғалімнің шешуге тиісті міндеттері: 1. Жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ұйымдастыру әдістеріне оқыту; 2. Оқушыны құбылысқа тұтастай және қозғалыс кезінде қарауға үйрету; 3. Оқушыны өзін-өзі ұйымдастыруға үйретіп, өз бетінше өмір сүрудің нақты жолын көрсету;

8. Педагогикалық кәсіби мәдениетті жоғары деңгейде меңгерген мұғалім: - ғылыми теория, гносеология, әдістеме негіздерін білу тиіс; - мамандықты және пәнін жақсы білуі керек; - мұғалімнің өзінің сенетіндегін көрсететін және шығармашылық таным процесін дамытатын энергияның болуы қажет. Педагогикалық кәсіби мәдениетті жоғары деңгейде меңгерген мұғалімге тән мінез-құлық: - балаларды сүйе білу – ізгіліктік қағида мұғалімнің адами маңызды сапасы; - баланы, адамды құрметтеу - әр адамның бойынан тұлғаны көре білу қасиеті; - балаға, адамға сену – оқу процесіндегі жетістік кепілі, ізгіліктілік пен өзіне өзі сенім; - баланы, адамды білу – тұлғаның жан дүниесін білмейінше тәрбие жүйесіз жүргізіледі; гуманист болу – адамды тани білу; - баланы, адамды түсіну – оның орнына өзіңді қоя біліп, қоршаған дүниені соның көзімен көре білу қабілеті;

9. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы

10. Конструктивті іс-әрекет

11. Ұйымдастырушылық іс-әрекет

12. Коммуникативті іс-әрекет

13. 1. Консруктивтімазмұндық; 2. Консруктивтіоперативті; 3. Конструктивтіматералдық

14. Оқушыларды әр түрлі іс-әрекетке қосуға ұжымды қалыптастыруға бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүйесі

15. Педагогтың тәрбиеленушімен, мұғалімдермен, ата-аналармен педагогикалық қарым-қатынас орнатуға бағытталған іс-әрекеті

16. «Құзыреттілік – білімдер мен іскерліктерді, іс-әрекет тәжірибесін меңгеру нәтижесінде белгілі бір іс-әрекет түрін табысты жүзеге асыруға қабілеттілігін сипаттайтын тұлғаның кіріктірілген қасиеттері».

17. Арнайы құзыреттілік - өзінің кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет.

18. Әлеуметтік құзыреттілік бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті (ұжыммен, топпен) қызмет ету, басқару кәсібінде қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білу

19. Білім беру құзыреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субьектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.

20. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі ұғымы мұғалімнің жеке мүмкіндіктерін білдіреді, ол педагогикалық ситуацияларды дербес және тиімді шешуге ықпал етеді. Ол үшін мұғалім педагогикалық теорияларды және оны практикада қолдануды білуі керек.