1. Әлеуметтік және эмоционалды қолдау көрсету қабілеті
1.1. Эмпатия
1.1.1. Білім алушылардың эмоционалды жағдайын түсініп, қажетті кезде көмек көрсету.
1.2. Онлайн коммуникация дағдылары
1.2.1. Әртүрлі онлайн платформаларда дұрыс қарым қатынас орната білу, эмоциялық сигналдарды түсіну және оларға жауап беру.
1.3. Қақтығыстарды шешу
1.3.1. Білім алушылар арасында туындауы мүмкін қақтығыстарды басқару, әсіресе онлайн ортада.
1.4. Мотивация
1.4.1. Білім алушыларды қашықтықтан оқыту кезінде ынталандырып, олардың оқу процесіне белсенді қатысуына жағдай жасау.
2. Сандық ресурстарды тиімді басқару
2.1. Ақпараттық ресурстарды ұйымдастыру
2.1.1. Әртүрлі цифрлы материалдарды (тапсырма, мақала, видеоларды) жүйелеп, оларды оңай қолжетімді ету.
2.2. Контентті жаңарту
2.2.1. Білім беру материалдарын үнемі жаңартып отыру, оларды заман талабына сай ету.
2.3. Қолданушыларды басқару
2.3.1. Білім алушыларға қажетті ресурстарды дер кезінде жеткізу, әртүрлі платформаларда жұмыс ұйымдастыру.
3. Деректерді талдау қабілеті
3.1. Білім беру деректерін талдау
3.1.1. Білім алушылардың оқу нәтижелерін жинап, талдау арқылы тиімді оқыту стратегияларын жасау.
3.2. Оқыту процесінің мониторингі
3.2.1. Білім алушылардың үлгерімін бақылау және сол нәтижелер негізінде оқыту әдістерін өзгерту.
4. Инновациялық ойлау
4.1. Шығармашылық
4.1.1. Стандартты тәсілдерден тыс, креативті шешімдер ұсыну және оқыту үдерісіне жаңашыл көзқараспен қарау.
4.2. Болашақ технологияларды болжау
4.2.1. Оқытудың болашақтағы түсіну және алдын-ала дайындалу.
4.3. Оқыту әдістемелерін өзгерту
4.3.1. Білім алушылардың қажеттіліктеріне сай оқыту әдістерін түрлендіру және бейімдеу.
4.4. Кері байланысты қолдану
4.4.1. Жаңа тәсілдерді қолдану барысында білім алушылардан және әріптестерден алған кері байланысты тиімді түрде пайдалану.
5. Технологиялық құзыреттілік
5.1. Ақпараттық қауіпсіздік
5.1.1. Білім алушылардың жеке деректерін қорғауды білу, онлайн ортада қауіпсіздік шараларын сақтау.
5.2. Цифрлы сауаттылық
5.2.1. Әртүрлі құрылғыларды қолдану, техникалық қиындықтарды шешу қабілеті.
5.3. Цифрлы мазмұнды жасау
5.3.1. Мультимедиалық презентациялар, бейнематериалдар, инфографика сияқты құрылғыларды дайындау және қолдану.
6. Жеке траектория бойынша оқыту
6.1. Дифференция
6.1.1. Әрбір білім алушының қабілетіне сәйкес оқу мазмұнын бейімдеу, бір сыныпта әртүрлі деңгейдегі білім алушыларға тиімді білім беру.
6.2. Прогресті бақылау
6.2.1. Білім алушылардың жетістіктерін бақылап, оларды үнемі бағалау және ынталандыру
6.3. Геймификация
6.3.1. Оқу процесін ойын элементтері арқылы қызықты ету.
7. Үздіксіз кәсіби даму
7.1. Өз бетінше оқу
7.1.1. Жаңа технологияларды меңгеру үшін тұрақты түрде өз бетінше оқып, жаңа ілім алу.
7.2. Әлемдік тәжірибені зерттеу
7.2.1. Әлемдегі үздік тәжірибелерді зерттеп, оларды өз жұмысында қолдану.