Арнаулы салық режимдері

Get Started. It's Free
or sign up with your email address
Rocket clouds
Арнаулы салық режимдері by Mind Map: Арнаулы салық режимдері

1. Біржолғы талон және патент негізіндегі

1.1. Бір жолғы талон арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және төлем көзінен ұсталатын  жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін расстайтын құжат

1.1.1. Ара-тұра сипаттағы болатын жеке тұлғалар қолданады

1.1.1.1. жылына бәрін жинақтағанда тоқсан күннен аспайтын қызмет

1.1.2. Бір жолғы талон құны

1.1.2.1. кіріс алынатын объект туралы барлық  факторларды ескере отырып, салық органы жүргізген орташа күндік хронометраждық қадағалау мен зерттеу деректері негізінде жергілікті   органдардың шешімімен белгіленеді

1.2. Патент арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомаларының бюджетке төленгенінің расстайтын құжат

1.2.1. Патент негізіндегі арнаулы салық режимін мынадай талаптарға сай келетін

1.2.1.1. 1) қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын

1.2.1.2. 2) жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын

1.2.1.3. 3)салық кезеңiндегi табысы ең төменгі жалақының 300 еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайда (Табыс <=300*ЕТЖ)

1.2.1.4. ЖТС және ӘС патент құнының 1/2 бөлігі мөлшерінде

1.2.2. Салық кезеңі -күнтізбелік жыл

1.2.3. ЕСКЕРТУ

1.2.3.1. Тұлға қызметін тіркегеннен кейін 10 күн ішінде арнаулы салық режиміне рұқсат алуы үшін  салық комитетіне өтініш беру тиіс. Өтінішпен бірге патенттің  құны есептеу қажет. Қосымша ретінде бұл құжатқа төлемдердің жүргізілгендігін растайтын түбіртектер тіркеледі. Салық төлеушімен өтініш берілмеген жағдайда, бірден жалпы режимге көшіріледі Алдағы жылдары патентті өтінішсіз-ақ, қолданыстағы патентінің мерзімі аяқталмаған уақыт аралығында ала алады.

2. Оңайлатылған декларация негізіндегі

2.1. Жеке  кәсіпкерге қойылатын талап

2.1.1. 1. Жеке  кәсiпкердің өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны 25 адамнан аспайтын;

2.1.2. 2. Салық кезеңi iшiнде шектi табысы 1400 еселенген АТЖ-дан аспауы;

2.2. Заңды тұлғаға қойылатын талап

2.2.1. 1. Қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде 50 адамнан аспайтын;

2.2.2. 2. Салық кезеңi iшiнде шектi табысы 2800 еселенген АТЖ-дан аспауы;

2.3. Салықтарды оңайлатылған декларация негізінде есептеуді салық төлеуші салық салу объектісіне есепті салық кезеңінде 3 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану арқылы дербес жүргізеді.

2.3.1. САЛЫҚ СОМАСЫ=САЛЫҚ САЛУ ОБЪЕКТІСІ * САЛЫҚ СТАВКАСЫ

2.4. Салық сомасын түзету

2.4.1. Салықты түзету = есептелген салық сомасы * 1,5 % * қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк саны

2.4.1.1. жеке тұлға үшін 2 еселенген мөлшерінде (22859*2= 42728тг.),

2.4.1.2. заңды тұлға үшін 2,5 еселенген мөлшерінде (22859*2,5=53410тг.)

2.5. Салық кезеңі жарты жыл

3. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған

3.1. бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың айырықша тәртібі

3.1.1. Жер учаскесін бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу үшін негіз болып табылады

3.1.1.1. Бірыңғай жер салығының ставкасы 0,1% (0,1%-0,4%)

3.1.1.2. Бірыңғай жер салығы = жер учаскесінің бағалану құны* салық ставкасы

3.1.1.3. Әлеуметтік салық= айлық есептік көрсеткіш*20%*Жұмысшы саны

3.1.2. Бюджетке есепті кезеңде екі мерзімде жүргізіледі:

3.1.2.1. 1қаңтардан 1 қазан аралығы үшін 10 қарашасынан кешіктірілмей;

3.1.2.2. 1 қазаннан 31 желтоқсан аралығы үшін 10 ақпаннан кешіктірілмейтін мерзімде

3.2. Салық кезеңі - күнтізбелік жыл

3.3. АСР шарты

3.3.1. Жеке меншік құқығында

3.3.2. жер пайдалану құқығында (қайталап жер пайдалану

3.4. Шаруа қожалықтары мынадай салықтарды төлемейді

3.4.1. Қызметтен түскен шаруа қожалықтарының табысынан

3.4.2. Жеке табыс салығын

3.4.3. ҚҚС

3.4.4. Мүлік салығын /норма шегінде/

3.4.5. Көлік құралдарына салынатын салық/норма шегінде/

3.4.6. Жер салығы

4. Ауыл шаруашылық өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін

4.1. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсату және оны өткізу

4.2. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері  үшін  арнаулы салық режимі   корпорациялық табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, жер салығын, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді, мүлік салығын, көлік құралдары салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.

4.2.1. Жиынтық салық сомасы = Корпоративтік табыс салығы+ҚҚС+Жер салығы+Көлік салығы+Мүлік салығы+Әлеуметтік салық+жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем

4.3. бюджетке төленуге тиісті салықтар және төлем сомасы 80% азайтылады.

4.3.1. Салық сомасы =Жиынтық салық сомасы * 20%

4.3.2. Салық бюджетке 20 мамырдан және 20 қазаннан кешіктірілмей, қалған бөлігі мөлшері есебінде келесі кезеңнің 20 наурызында жүргізіледі

4.4. АСР қолдануға құқы жоқ

4.4.1. еншілес ұйымдары, филиалдары,өкілдіктері мен өзге де тұлғалар

4.4.2. заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері

4.4.3. осы арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғалардың аффилирлендірілген тұлғалары болып табылатын заңды тұлғалар

5. АСР қолданылмайды

5.1. 1) акцизделетін өнімді өндіруге;

5.2. 2) консультациялық, қаржылық, бухгалтерлік қызметтерге;

5.3. 3) мұнай өнімдерін өткізуге;

5.4. 4) шыны ыдыстарды жинауға және қабылдауға;

5.5. 5) жер қойнауын пайдалануға  .