Тіркелген салық

Get Started. It's Free
or sign up with your email address
Тіркелген салық by Mind Map: Тіркелген салық

1. Осы салықты қарастыруда қолданылатын ұғымдар:

1.1. 1) бильярд үстелi - торлары (жақтауларда саңылаулары) бар және оларсыз бильярд ойынына арналған арнаулы үстел;

1.2. 2) ойын жолы - боулинг ойнауға арналған арнаулы жол (кегельбан);

1.3. 3) ұтыссыз ойын автоматы - ойындар өткiзу үшiн пайдаланылатын арнаулы жабдық (механикалық, электрлi, электронды және өзге де техникалық жабдық);

1.4. 4) карт - қорапсыз, дифференциалсыз және дөңгелектерiнде серпiндi аспа жоқ, жұмыс көлемi 250 текше сантиметрге және ең жоғары жылдамдығы сағатына 150 километрге дейiн жететiн екiтактiлi двигательдi, көлемi шағын жарыс автомобилi.

2. Тіркелген салықты төлеушілер

2.1. 1) ұтыссыз ойын автоматтарын;

2.2. 2) ойын өткiзуге пайдаланылатын дербес компьютерлердi;

2.3. 3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);

2.4. 4) картты (картинг);

2.5. 5) бильярд үстелдерiн (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулердi жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады.

3. Тiркелген салық салу объектiлерi

3.1. 1) бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;

3.2. 2) бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;

3.3. 3) ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер;

3.4. 4) ойын жолы;

3.5. 5)карт;

3.6. 6) бильярд үстелi тiркелген салық салу объектiсi болып табылады.

4. Тіркелген салықты есептеу және төлеу реті

4.1. Салық кезеңi

4.2. Тiркелген салықты есептеу тәртiбi және төлеу мерзiмi

4.2.1. 1. Тiркелген салықты есептеу, әрбiр салық салу объектiсiне тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы жүргiзiледi.

4.2.2. 2. Салық салу объектiлерi айдың 15-iне дейiн пайдалануға берiлген кезде тiркелген салық белгiленген ставка бойынша, 15-iнен кейiн белгiленген ставканың 1/2 мөлшерiнде есептеледi. Салық салу объектiлерi айдың 15-iне дейiн шығып қалған кезде тiркелген салық айдың жартысы үшiн деп, 15-iнен кейiн белгiленген ставка бойынша есептеледi.

4.2.3. 3. Тiркелген салық есептi салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей салық салу объектiлерiнiң тiркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.

4.2.4. 4. Кәсiпкерлiк қызметтiң өзге де түрлерiн жүзеге асыру кезiнде тiркелген салықты төлеушiлер қызметтiң осындай түрлерi бойынша кiрiстер мен шығыстардың бөлек есебiн жүргiзуге және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпте бюджетпен есеп айырысу жүргiзуге мiндеттi.

4.3. Тiркелген салық үшiн салық кезеңi күнтiзбелiк тоқсан болып табылады.

5. Салық декларациясын табыс ету мерзiмi

5.1. Тiркелген салық бойынша декларация есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына табыс етiледi.