1. Бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық.
2. төлейді
2.1. Акциздерді өзінің айрықша ерекшеліктеріне қарай монополды түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді.
2.2. Акциздер көрсетілген қызметтерге де салынуы мүмкін, бұл орайда салық сомасы тарифке кіреді.
3. бөлінуі
3.1. әмбебаптық
3.1.1. Әмбебаптық акциздер тауарлар мен қызметтердің құнына пайызбен жалпы айналымнан өндіріледі, оларға сатудан алынатын, айналымдардан алынатын салықтарды жатқызуға болады.
3.2. жеке-дара
3.2.1. Жеке-дара акциздер айтарлықтай көп болуы мүмкін.
3.2.2. Мәселен, акциздер ҚР-ның аумағында өндірілген және оның аумағына импортталатын мына тауарларға, акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлеріне салынады:
3.2.2.1. спирттің барлық түрлері, алкоголь өнімі, темекі бұйымдары, құрамында темекі бар басқа өнімдер, бензин(авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, жеңіл автомобильдер, шикі мұнай (газ конденсатын қоса).
4. Тізбесі
4.1. Тізбенің едәуір бөлігін ең қажетті заттарға жатпайтын тауарлар мен өнімдер қамтып отыр.
4.1.1. Акцизделетін тауарлардың тізбесі де олардың мөлшерлемесі сияқты өзгеріп отыруы мүмкін, мұның өзі кейбір тауарларды тутынуды реттеудің қажеттігімен және мемлекеттің ағымдағы фискалдық саясатымен айқындалады.
5. Төлеушілер
5.1. 1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын;
5.2. 2) акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импорттайтын;
5.3. 3) Қазақстан Республикасының аумағында бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын;
5.4. 4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбеген болса, Кодекстің 279-бабының 5) – 7) тармақшаларында аталған тәркіленген, иесіз, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын;
5.5. 5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбесе, Кодекстің 279-бабында аталған акцизделетін тауарлардың конкурстық массасын өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.
5.6. Резидент емес заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері
6. Акцизделетiн тауарлар тiзбесi
6.1. 1) спирттiң барлық түрлерi;
6.2. 2) алкоголь өнiмi;
6.3. 3) құрамындағы этил спиртiнiң көлемi 0,5 проценттен аспайтын сыра;
6.4. 4) темекi бұйымдары;
6.5. 5) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны;
6.6. 6) микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателiнiң көлемi 3000 текше сантиметрден асатын моторлы көлiк құралдары;
6.6.1. двигателiнiң көлемi 3000 текше сантиметрден асатын, адамдар тасымалдауға арналған жеңiл автомобильдер және өзге де моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа);
6.6.2. жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары;
6.7. 7) шикi мұнай, газ конденсаты.
7. Ставкалары
7.1. 1. Акциз ставкалары тауар құнына процентпен (адвалорлық) және (немесе) заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді.
7.2. 2. Алкоголь өніміне акциздер ставкасы осы баптың 1-тармағына сәйкес не онда су араластырылмаған (жүз проценттік) спирттің болу көлеміне байланысты бекітіледі.
7.3. 3. Спирттің барлық түріне және шарап материалына акциз ставкалары спирттің және шарап материалының бұдан әрі пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.
7.3.1. Алкоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке және шарап материалына акциз ставкасы алкоголь өнімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын тұлғаларға өткізілетін спиртке және шарап материалына белгіленетін базалық ставкадан төмен белгіленуі мүмкін.