Жалпы химия курсында әр деңгейлі оқыту технологиясын қолданудың әдістемесін құрастыру.

Comienza Ya. Es Gratis
ó regístrate con tu dirección de correo electrónico
Жалпы химия курсында әр деңгейлі оқыту технологиясын қолданудың әдістемесін құрастыру. por Mind Map: Жалпы химия курсында әр деңгейлі оқыту технологиясын қолданудың әдістемесін құрастыру.

1. Мақсаты:

1.1. Жалпы химия курсын жүргізуге әр деңгейлі оқыту технологиясын қолданудың тиімділігін арттырудың жолдарын жасау

2. Міндеттері:

2.1. 1. Оқу үдерісінде әр деңгейлі оқыту технологиясын қолданудың әдістемесін дайындауға қатысты педагогикалық, психологиялық, дидактикалық және әдістемелік әдебиеттерді, сондай-ақ, әр кезеңдегі химия оқулықтарын теориялық, жүйелік және мазмұндық тұрғыдан талдау

2.2. 2. Жалпы химия курсын оқытуда күтілетін оң нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін құрал ретінде әр деңгейлі оқыту технологиясының әдістемесін құрастыру

2.3. 3. Әр деңгейлі оқыту технологиясының оқу үдерісіндегі тиімділігін педагогикалық эксперимент арқылы дәлелдеу.

3. Нысаны:

3.1. ЖОО және жалпы білім беретін мектепте химия пәнін оқыту үдерісі

4. Зерттеу әдістері:

4.1. Жалпы теориялық әдістер (анализ, синтез, салыстыру, индукция, дедукция, классификация, жалпылау, анықтау, модельдеу), социологиялық әдістер (сауал-сұрақ жүргізу, сұхбаттасу), тәжірибелік әдістер (бақылау, дидактикалық эксперимент).

5. Өзектілігі:

5.1. Қазіргі таңда қарқынды даму үстіндегі қоғамымыз терең білімді, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, өзіндік әрекеттің сан алуан түрлі саласында өз білімі мен біліктерін іс-жүзінде қолдана алуға қабілетті мамандарды қажет етіп отыр және олардың кәсіби даярлығының деңгейіне және сапасына қойылатын талаптар да күшейтілуде.

6. Зерттеу пәні:

6.1. Жалпы химия курсын жүргізуге әр деңгейлі оқыту технологиясын қолданудың әдістемесін құрастырудың ерекшеліктері.

7. Теориялық және практикалық маңызы:

7.1. Зерттеу нәтижелерін ҚР жоғары оқу орындарында (бакалавриат) оқылатын жалпы және бейорганикалық химия курстарында, химия пәнінен білім беру стандартын, оқу бағдарламасын, оқулықтарды, жұмыс дәптерін, есептер және жаттығулар жинағын, дидактикалық материалдарды, мұғалімдерге арналған әдістемеліктерді дайындауда және оларды сабақта пайдаланудың әдістемесін жалпы білім беретін мектептің оқу үдерісінде қолдануға болады