ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІК ТҮРЛЕРІ

Начать. Это бесплатно
или регистрация c помощью Вашего email-адреса
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІК ТҮРЛЕРІ создатель Mind Map: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІК ТҮРЛЕРІ

1. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

1.1. ОБЕКТІЛЕРІ

1.1.1. Авторлық құқық шығармашылық қызмет нәтижесi болып табылатын:

1.1.1.1. ҒЫЛЫМ

1.1.1.1.1. ӘДЕБИЕТ

1.2. ХАЛЫҚҚА ТАРАТЫЛҒАН

1.2.1. жарияланған

1.2.1.1. жарыққа шыққан

1.2.1.1.1. басып шығарылған

1.3. ХАЛЫҚҚА ТАРАТЫЛМАҒАН

1.4. ОБЪЕКТИВТІК НЫСАНЫ

1.4.1. 1) жазбаша (қолжазба, машинаға басылған, нота жазбасы және т.б.);

1.4.2. 2) ауызша (көпшiлiк алдында айту, көпшiлiк алдында орындау және т.б.);

1.4.3. 3) дыбыс немесе бейне жазу (механикалық, цифрлық, магнитті, оптикалық және т.б.);

1.4.4. 4) бейнелеу (сурет, эскиз, картина, жоспар, сызба, кино, теле, бейне немесе фото кадр және т.б.);

1.4.5. 5) көлемдiк-кеңiстiктi (мүсiндеме, модель, макет, құрылыс және т.б.);

1.4.6. 6) өзге де нысандарда қолданылады.

1.5. ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ

1.5.1. идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң жеке өздерiне

1.6. ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ

1.6.1. 1) әдеби туындылар;

1.6.2. 2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;

1.6.3. 3) сценарийлiк туындылар;

1.6.4. 4) хореография және пантомима туындылары;

1.6.5. 5) мәтiндi немесе мәтiнсiз музыкалық туындылар;

1.6.6. 6) аудио-бейне туындылар, радио туындылар;

1.6.7. 7) кескiндеме, мүсiн, графика туындылары мен басқа да бейнелеу өнерiнiң туындылары;

1.6.8. 8) қолданбалы өнер туындылары;

1.6.9. 9) сәулет, қала құрылысы, дизайн және бау-саябақ өнерi туындылары;

1.6.10. 10) фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас әдiстермен алынған туындылар;

1.6.11. 11) географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты карталар, жоспарлар, эскиздер, безендiрмелер мен үш өлшемдi туындылар;

1.6.12. 12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;

1.6.13. 13) өзге де туындылар.

1.7. ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

1.7.1. ҚР Азаматтық Кодекспен және авторлық құқық пен сабақтас құқықтар туралы өзге де заң актiлерiмен, ал оларда көзделген жағдайларда өзге де заң актiлерiмен реттеледi

1.8. ОБЪЕКТІЛЕРІ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ТУЫНДЫЛАР

1.8.1. 1) ресми құжаттар (заңдар, сот шешiмдерi, заң шығару, әкiмшiлiк, сот және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтiндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары;

1.8.2. 2) мемлекеттiк рәмiздер мен белгiлер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгiлерi және өзге де мемлекеттiк рәмiздер мен белгiлер);

1.8.3. 3) халық шығармашылығының туындылары;

1.8.4. 4) ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактiлер туралы хабарлар

1.9. ҚОРҒАУ БЕЛГІСІ

1.9.1. Айрықша авторлық құқық иесi өз құқықтары туралы мәлiмдеу үшiн туындының әрбiр данасына салынған және үш элементтен: 1) қоршауға алынған латынша "С" әрпiнен; 2) айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмiнен (атауынан); 3) туындының бiрiншi жарияланған жылынан тұратын авторлық құқықты қорғау белгісін пайдалануы мүмкін.

1.10. ЖЕКЕ МҮЛІКТІК ЕМЕС ҚҰҚЫҚТАРЫ

1.10.1. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ-туынды авторы ретiнде танылу және оны пайдалану кезiнде осы туындыға басқа адамдардың авторлығын тануды болғызбайтын нақ осындай тануды талап ету құқығы

1.10.2. АВТОРЛЫ0 АТҚА ҚҰҚЫҚ-туындыны өз атынан, бүркеншiк атпен немесе жасырын атпен пайдалану құқығы

1.10.3. ТУЫНДЫҒА ҚОЛ СҰҚПАУШЫЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ-өз туындысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге және оның атауын қоса алғанда, туынды жарық көргенде, көпшiлiк алдында орындалғанда немесе өзге түрде пайдаланылғанда автордың келiсiмiнсiз кiмнiң болса да өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуiнен туындыны қорғау құқығы

1.10.4. ХАЛЫҚҚА ЖАРИЯ ЕТУ ҚҰҚЫҒЫ- қызметтік міндеттерін немесе жұмыс берушінің қызметтік тапсырмасын орындау тәртібімен жасалған, туындыларды қоспағанда, туындыға белгiсiз адамдар тобының қол жеткiзуiне жол ашу құқығы

1.11. МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРЫ

1.11.1. Авторға туындыны кез келген нысанда және кез келген әдiспен пайдалануға айрықша құқықтар берiледi

1.11.2. Автордың туындыны пайдалануға айрықша құқықтары мынадай әрекеттердi жүзеге асыру, жүзеге асыруға рұқсат беру немесе тыйым салу құқығын білдіреді:

1.11.2.1. 1) туындыны қайта жаңғыртуына (қайта жаңғырту құқығы); 2) туындының түпнұсқасын немесе даналарын кез келген әдiспен таратуына: сатуына, айырбастауына, прокатқа (жалға) беруiне, өзге де операциялар, оның ішінде ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде операциялар жасауына (тарату құқығы); 3) туындыны көпшiлiк алдында көрсетуiне (көпшiлiкке көрсету құқығы); 4) туындыны көпшiлiк алдында орындауына (көпшiлiк алдында атқару құқығы); 5) жалпыға бiрдей мәлiмдеу үшiн эфирге немесе кабель арқылы хабарлауды қоса алғанда туындыны көпшiлiкке хабарлауына (көпшiлiкке хабарлау құқығы); 6) туындыны эфирге беруiне (радио және теледидар арқылы тарату), оның iшiнде туындыны кабель немесе спутниктiк байланыс арқылы таратуына (эфирге хабарлау құқығы); 7) туындыны аударуына (аудару құқығы); 8) туындыны қайтадан жасауына, аранжировкалауына немесе басқаша түрде өңдеуiне (өңдеу құқығы); 9) қала құрылысы, сәулет, безендiру жобасын iс жүзiне асыруына; 10) заңнамалық актiлерге қайшы келмейтiн өзге де әрекеттерді жүзеге асыруына

1.11.3. Егер заңды түрде жарияланған туындының даналары оларды сату арқылы азаматтық айналымға енгiзiлсе, онда Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды одан әрi таратуға автордың келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төленбестен жол берiледі.

1.11.4. Туынды кiрiс келтiру мақсатымен сатылғандығына не оны сату бұған бағытталмағандығына қарамастан, пайдаланылған деп саналады.

1.11.5. Туындының (өнертабыстардың, өзге де техникалық, экономикалық, ұйымдастырушылық және т.б. шешiмдердiң) мазмұнын құрайтын ережелердi iс жүзiнде қолдану туындыны авторлық құқық мағынасында пайдалану болмайды.

1.12. ТУЫНДЫНЫ САҚТАУҒА БЕРУ

1.12.1. 1. Туындылардың қолжазбаларын, материалдық негiздегi басқа туындыларды, оның ішінде машинкаға басылғандарын сақтауға беру, егер осылайша сақтауға беру әркiмнiң кiруiне ашық қоймада (депозитарийде) жүргiзiлсе және депозитариймен жасалған шарт бойынша кез келген адамның туынды данасын алуына жол берiлсе, туындыны пайдалану деп танылады. 2. Туындыны сақтауға беру құқық иесiнiң депозитариймен туындыны пайдалану талаптарын белгiлейтiн шарты негiзiнде жүзеге асырылады. Мұндай шарт және депозитарийдiң пайдаланушымен шарты жария болып табылады

1.13. ҚР АУМАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ

1.13.1. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет жарияланған немесе жарияланбаған, бiрақ түпнұсқасы қандай болса да объективтi нысанда оның аумағында болған туындыға авторлық құқық Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады. Бұл жағдайда автор және (немесе) оның мұрагерлерi, сондай-ақ автордың басқа да құқықтық мирасқорлары өздерiнiң азаматтығына қарамастан авторлық құқық иесi болып танылады.

1.13.2. Туындысы шет мемлекет аумағында алғаш рет жарияланған немесе қандай болса да объективті нысанда болған Қазақстан Республикасы азаматтарының да, сондай-ақ олардың құқықтық мирасқорларының да авторлық құқығы танылады

1.13.3. Халықаралық шарттарға сәйкес авторлық құқықты қорғау құқық иесіне берiлген жағдайда туындының шет мемлекет аумағында жариялану фактiсi тиiстi халықаралық шарттардың ережелерiне сай анықталады

1.13.4. Қазақстан Республикасының аумағында туындыны қорғау мақсатында туындының авторы туынды алғаш рет аумағында қорғауға алынған мемлекеттiң заңы бойынша анықталады.

1.14. ҚОЛДАНЫЛА БАСТАУЫ

1.14.1. Туындыға авторлық құқық оның жариялануына қарамастан туындыға үшiншi тұлғалардың қабылдауына қолайлы объективтi нысан берiлген кезден бастап қолданыла бастайды. Ауызша туындыға авторлық құқық оны үшiншi тұлғаға хабарлаған кезден бастап қолданылады.

1.15. ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ

1.15.1. Авторлық құқық автордың бүкiл өмiрi бойына және ол қайтыс болғаннан кейiн, автор қайтыс болғаннан кейiнгі келесi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде, жетпiс жыл бойы күшiнде болады

1.15.2. Бiрлесiп шығарылған туындыға авторлық құқық серiктес авторлардың бүкiл өмiрi бойына және басқа да серiктес авторлардың ең соңғысы қайтыс болғаннан кейін жетпiс жыл бойы күшінде болады.

1.15.3. Бүркеншiк атпен немесе жасырын атпен алғаш рет жарыққа шыққан туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде жетпiс жыл бойы күшiнде болады.

1.15.4. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мерзiм iшiнде авторлық құқық автордың мұрагерлерiне тиесiлi болады және мұрагерлiк бойынша ауысады, автормен, оның мұрагерлерiмен және одан кейiнгi құқықтық мирасқорларымен шарт бойынша құқық алған құқықтық мирасқорларына тиесiлi болады.

1.15.5. Автор қайтыс болғаннан кейін отыз жылдың ішінде алғаш рет жарыққа шыққан туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде ол жарыққа шыққаннан кейiнгi жетпіс жыл бойы күшiнде болады.

1.15.6. Авторлық, автордың есiмi және туындыға қол сұқпаушылық мерзiмсiз қорғалады.

1.16. ТУЫНДЫНЫҢ ҚОҒМ ИГІЛІГІНЕ АУЫСУЫ

1.16.1. 1. Туындыға авторлық құқықтың қолданылу мерзiмi бiткеннен кейiн ол қоғамның игiлiгiне айналады.

1.16.2. 2. Қоғамның игiлiгi болып табылатын туындыларды кез келген тұлға авторлық сыйақы төлеместен еркiн пайдалана алады. Бұл орайда авторлық құқық, автор есiмiне құқық және туындыға қол сұқпаушылық құқығы сақталуға тиiс.

1.17. БАСҚАРУ

1.17.1. 1. Құқық иеленушi өзiне тиiстi құқықтарды өз қалауы бойынша жеке жүзеге асыруға құқылы. Өзге адамдар авторлық құқықтарды тек құқық иеленушiнiң келiсiмi бойынша және, өкiлдiктi заңды өкiл жүзеге асыратын осы Кодекстiң 977-бабында көзделген құқықтарды қоспағанда, оларға берiлген өкiлеттiк шегiнде ғана басқара алады.

1.17.2. 2. Авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушiлер заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен авторлық және сабақтас құқықтарды басқару жүктелетiн ұйымдар құра алады

2. САБАҚТАС ҚҰҚЫҚ

2.1. ОБЪЕКТІЛЕРІ:

2.1.1. ҚОЙЫЛЫМДАР

2.1.1.1. ОРЫНДАУШЫЛАР

2.1.1.1.1. ФОНОГРАММАЛАР

2.2. СУБЪЕКТІЛЕРІ:

2.2.1. ОРЫНДАУШЫЛАР

2.2.1.1. ФОНОГРАММА ЖАСАУШЫЛАР

2.2.1.1.1. ЭФИРЛІК ЖӘНЕ КАБЕЛЬДІК ХАБАР ТАРАТУШЫ ҰЙЫМДАР

2.3. ЗАҢҒА СӘЙКЕСҚҰҚЫҚТАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ:

2.3.1. Орындалатын туынды авторларының құқықтары сақталған кезде, орындаушы осы тарауда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес

2.4. ШАРТҚА СӘЙКЕС ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ

2.4.1. Фонограмма жасаушы, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдары осы тарауда көзделген құқықтарды фонограмма жазылған не эфирге немесе кабель арқылы берiлетiн туындының орындаушысымен және оның авторымен жасалған шарт бойынша алынған

2.5. САҚТАУ

2.5.1. С Қ пайда болуы және жүзеге асырылуы үшiн туындыны тiркеу немесе қандай да бiр басқа формалды талаптарды сақтау талап етiлмейдi.

2.6. ЖАРИЯЛАУ

2.6.1. Фонограмма шығарушы және (немесе) орындаушы өз құқықтары туралы жариялау үшiн орындау жазбасының, фонограмманың әрбiр данасында және (немесе) ол сақталатын әрбiр қорапта орналасатын және үш элементтен:

2.6.2. 1) қоршауға алынған латынша "Р" әрпiнен;

2.6.3. 2) айрықша сабақтас құқықтар иесiнiң есiмiнен (атауынан);

2.6.4. 3) орындау жазбасының, фонограмманың бiрiншi жарияланған жылынан тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгісін пайдалануға құқылы.

2.7. ҚОЛДАНЫЛУЫ:

2.7.1. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет орын алған орындаушының орындауға құқығы Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады. Егер фонограмма жазбасы алғаш рет Қазақстан Республикасында көпшiлiк алдында қайта жаңғыртылса немесе оның даналары көпшілікке таратылса, бұл фонограмма шығарушының құқықтары Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.

2.8. ҚОРҒАЛУЫ:

2.8.1. Өзге де шетелдiк орындаушылардың, фонограммалар шығарушылардың, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының құқықтары Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес қорғалады.

2.9. СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН РЕТТЕУ

2.9.1. Орындаушының, фонограмма шығарушының, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының айрықша және өзге де құқықтарының көлемi мен мазмұнын, сондай-ақ аталған субъектiлердiң айрықша құқықтарын шектеу жағдайлары мен шектерi және оларды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк заң актiлерiмен реттеледi.

2.10. ОРЫНДАУШЫҒЫ ҚАТЫСТЫ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ

2.10.1. Орындаушыға қатысты сабақтас құқықтар алғаш рет орындалғаннан кейiн немесе қойылғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiнде болады. Орындаушының өз аты-жөнiне және орындауды немесе қойылымды бұрмалаудан қорғауға құқықтары мерзiмсiз қорғалады.

2.11. ФОНОГРАММА ШЫҒАРУШЫҒА ҚАТЫСТЫ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ

2.11.1. Фонограмма шығарушыға қатысты сабақтас құқықтар фонограмма алғаш рет жарияланғаннан кейiн жетпiс жыл бойы не, фонограмма бұл мерзiм iшiнде жарияланбаса, ол алғаш рет жазылғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiнде болады.

2.12. ЭФИРЛІК ХАБАР ТАРАТУ ҰЙЫМЫНА ҚАТЫСТЫ ҚОЛДАНУ МЕРЗІМІ

2.12.1. Эфирлiк хабар тарату ұйымына қатысты сабақтас құқықтар мұндай ұйым эфирге алғаш рет хабар берудi жүзеге асырғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiнде болады.

2.13. КАБЕЛЬДІК ХАБАР ТАРАТУ ҰЙЫМЫНА ҚАТЫСТЫ ҚОЛДАНУ МЕРЗІМІ

2.13.1. Кабельдік хабар тарату ұйымына қатысты сабақтас құқықтар мұндай ұйым кабель бойынша алғаш рет хабар берудi жүзеге асырғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiнде болады.

2.14. ШЕТЕЛДІК АЗАМАТТАР ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

2.14.1. егер олар өздерiнiң алғашқы қойылымын, орындауын, жазбасын немесе эфирге хабар таратуын Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде жүзеге асырса, оның аумағында Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес қолданылады.

3. ДАРАЛАНДЫРУ ҚҰРАЛДАРЫ

3.1. ФИРМАЛЫҚ АТАУ

3.1.1. Фирмалық атауға құқық

3.1.1.1. Заңды тұлғаның ресми бланкiлерде, баспа басылымдарында, жарнамада, маңдайша жазуларда, анықтамалықтарда, шоттарда, интернет-ресурстарда, тауарлар мен олардың қорабында және заңды тұлғаны даралауға қажеттi өзге де жағдайларда фирмалық атауды (осы Кодекстiң 38-бабы) пайдалануға айрықша құқығы бар.

3.1.1.2. 2. Заңды тұлғаның фирмалық атауы оның жарғысы бекiтілген кезде айқындалады. Заңды тұлға белгiлi бiр фирмалық атаумен Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзiледi. 3. Тiркелiп қойған заңды тұлғаның фирмалық атауына ұқсас фирмалық атауды пайдалануға болмайды, өйткенi мұның өзi тиiстi заңды тұлғалардың ұқсап кетуiне, сондай-ақ олар шығаратын тауарлар немесе көрсететiн қызметтер жөнiнде жаңылыстыруға әкеп соғуы мүмкiн. 4. Егер бiр заңды тұлғаның фирмалық атауы басқа жеке немесе заңды тұлғаның тауар белгісімен (қызмет көрсету белгісімен) бiрдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас болса және осындай бiрдейлiктің немесе ұқсастықтың нәтижесiнде тұтынушыларды жаңылыстыруы мүмкiн болса, онда айрықша құқығы ерте пайда болған дараландыру құралы (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі) басымдыққа ие болады. Осындай дараландыру құралының иеленушісi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған тауар белгісіне (қызмет көрсету белгісіне) берілген құқықтық қорғауды жарамсыз деп тануды немесе фирмалық атауды пайдалануға тыйым салуды талап етуге құқылы.

3.1.2. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ Ф.А ТАУАР БЕЛГІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ

3.1.2.1. Заңды тұлғаның фирмалық атауы оған тиесілі тауар белгісінде пайдаланылуы мүмкiн.

3.1.3. құқықтың қолданылуы

3.1.3.1. 1. Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаны белгiлеу ретiнде Қазақстан Республикасында тiркелген фирмалық атауға айрықша құқық қолданылады. Шет мемлекетте тiркелген немесе кеңiнен танымал фирмалық атауға Қазақстан Республикасының аумағындағы айрықша құқық заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қолданылады. 2. Заңды тұлғаның таратылуына және оның фирмалық атауының өзгертiлуiне байланысты фирмалық атауға құқықтың қолданылуы тоқтатылады.

3.1.4. иелiктен алу құқығы

3.1.4.1. 1. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған және кәсiпорын тұтасымен иелiктен алынған жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаның фирмалық атауын құқық иелiгiнен алуға және ауыстыруға жол берiлмейдi.

3.1.4.2. 2. Фирмалық атауға құқықтың иесi басқа тұлғаға шартта келісілген әдістермен өз атауын пайдалануға рұқсат етуі (лицензия беруі) мүмкiн. Бұл орайда лицензиялық шартта тұтынушыны жаңылыстыруға жол бермейтiн шаралар көзделуге тиiс.

3.2. ТАУАР БЕЛГІСІ

3.2.1. қорғау талаптары

3.2.1.1. 1. Тауар белгiсiн құқықтық қорғау оны тiркеудiң негiзiнде не Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың негiзiнде тiркеусiз берiледi. Тiркелген не халықаралық шартқа орай тiркеусiз қорғалатын сөзбен жазылған, бейнеленген, көлемдiк белгiлер немесе бiр тұлғаның тауарларын немесе көрсететiн қызметтерiн екiншi тұлғаның бiртектес тауарлары мен қызметтерiнен ерекшелеу үшiн қолданылатын басқа да белгiлер тауар белгiсi (қызмет көрсету белгiсi) деп танылады. Егер бiр жеке немесе заңды тұлғаның тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі) басқа заңды тұлғаның фирмалық атауымен бiрдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас болса және осындай бiрдейлiктің немесе ұқсастықтың нәтижесiнде тұтынушыларды жаңылыстыруы мүмкiн болса, онда осы Кодекстiң 1020-бабының 4-тармағында көзделген ережелер қолданылады. 2. Тауар белгiсi ретiнде тiркеуге жол берiлмейтiн белгiлер, тауар белгiлерiн тiркеу, олардың қолданылуын тоқтату және тiркелуі жарамсыз деп тану тәртiбi, сондай-ақ тiркелмеген тауар белгiлерiн құқықтық қорғауға жол берiлуi мүмкiн болатын жағдайлар тауар белгiлерi туралы заң актiлерiмен белгiленедi. 3. Тауар белгiсiне құқық куәлiкпен куәландырылады.

3.2.2. пайдалану құқығы

3.2.2.1. 1. Тауар белгiсiне құқық иесiнiң өзiне тиесiлi белгiлердi қолдануға және билiк етуге айрықша құқығы бар. Тауар белгісі иелерінің оны пайдалануға құқықтарын тауар белгісінің ерекшелену қабілетіне нұқсан келтіруі мүмкін талаптармен шектеуге жол берілмейді. 2. Тауар белгiсiн кез келген айналымға енгiзу: дайындау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, тауар белгiсiн немесе осы белгiмен белгіленген тауарды сату, маңдайшадағы жазуда, жарнамада, баспа өнімдерінде немесе өзге де іскерлік құжаттамада пайдалану - тауар белгiсiн пайдалану болып саналады. 3. Тауар белгілері және тауар белгілерімен белгіленген тауарлар жарнамасының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.

3.2.3. құқықтық қорғау

3.2.3.1. ҚР аумағында құқықтық қорғау сараптама ұйымы немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа орай халықаралық ұйым тіркеген тауар белгісіне берiледi.

3.2.4. қолданылу мерзiмi

3.2.4.1. 1. Тауар белгiсiнiң басымдығы "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа орай белгiленедi. 2. Тауар белгiсiне құқық өтiнiм тiркелген кезден бастап он жыл бойы күшiнде болады. Тауар белгiсiне құқық иесiнiң тауар белгiсi қолданылуының соңғы жылы ішінде сараптама ұйымына берген арызы бойынша тауар белгiсiнiң қолданылу мерзiмiн он жылға ұзартудың тiркелуi мүмкiн. Ұзарту шектеусiз сан мәрте жүргiзiлуi мүмкiн.

3.2.5. пайдаланбаудың салдары

3.2.5.1. Тауар белгiсiн дәлелсiз себептермен үш жыл бойы үздiксiз пайдаланбаған жағдайда кез келген мүдделi тұлғаның талап етуi бойынша оның тiркелу күшiнiң жойылуы мүмкiн.

3.2.6. құқықтың ауысуы

3.2.6.1. 1. Құқық иесi барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге не олардың бiр бөлiктерiне қатысты тауар белгiсiне құқығын шарт бойынша басқа тұлғаға беруi мүмкiн. 2. Егер тауар белгiсiне құқық тауарға немесе оны дайындаушыға қатысты жаңылыстыруға себепкер болса, ол белгiге құқықты беруге жол берiлмейдi. 3. Тауар белгiсiне құқықтың ауысуы, соның iшiнде оның шарт бойынша немесе құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен берiлуi сараптама ұйымында тiркелуге тиiс.

3.2.7. пайдалануға рұқсат беру

3.2.7.1. 1. Құқық иесi тіркелген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге не олардың бөлiктерiне қатысты тауар белгiсiн пайдалану құқығын лицензиялық шарт бойынша басқа тұлғаға беруi мүмкiн (осы Кодекстiң 966-бабы). 2. Лицензиатқа тауар белгiсiн пайдалануға рұқсат ететiн лицензиялық шартта, лицензиат тауарларының немесе көрсететiн қызметiнiң сапасы лицензиар тауарларының немесе көрсететiн қызметтерiнiң сапасынан төмен болмайтындығы және лицензиардың осы шарттың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар екендiгi туралы талапты қамтуға тиіс. 3. Тауар белгiсiне құқықтың қолданылуы тоқтатылған жағдайда лицензиялық шарттың қолданылуы тоқтатылады. 4. Тауар белгiсiне құқықтың басқа тұлғаға ауысуы лицензиялық шарттың тоқтатылуына әкеп соқпайды.

3.2.8. құқықты беру мен табыстау

3.2.8.1. Тауар белгiсiне құқық беру туралы шарт, лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттар жазбаша нысанда жасалады. Тауар белгiсiне құқық беру немесе тауар белгісін пайдалануға құқықты табыстау уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен тіркелуге жатады.

3.2.9. құқықты бұзғаны үшін жауаптылық

3.2.9.1. 1. Тауар белгiсi иесінің құқығын бұзған тұлға бұзушылықты дереу тоқтатуға және тауар белгісі иесінің шеккен залалдарын өтеуге міндетті. 2. Тауар белгісін немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені немесе жалпыға бірдей белгілі тауар белгісін пайдаланудың құқыққа сыйымдылығын айқындауға байланысты дауларды сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды. 3. Тауар белгісі немесе оған айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгілеме құқық иеленушінің келісімінсіз орналастырылған тауар және оның қаптамасы контрафактілік деп танылады. Контрафактілік тауарлар және олардың қаптамалары, сондай-ақ оларды жасау үшін пайдаланылған саймандар, жабдық немесе өзге де құралдар мен материалдар осындай тауарларды айналымға енгізу қоғамдық мүдделер үшін қажет болатын және Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзбайтын жағдайларды қоспағанда, соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде айналымнан шығарылуға және тәртіп бұзушының есебінен жойылуға жатады. 4. Құқық иеленуші осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда контрафактілік тауарлардан және олардың қаптамаларынан заңсыз орналастырылған тауар белгісін немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені алып тастауды талап етуге құқылы.

3.3. ТАУАР ШЫҒАРЫЛАТЫН ЖЕРДІҢ АТАУЫ

3.3.1. құқықтық қорғау талабы

3.3.1.1. 1. Тауар шығарылатын жердiң атауына, заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, оны тiркеудiң негiзiнде құқықтық қорғау берiледi. Айрықша қасиет ерекшелiгiмен немесе негiзiнен географиялық объектiге тән табиғи жағдайлармен немесе өзге де факторлармен не табиғи жағдайлардың және сол факторлардың ұштасуымен айқындалатын тауарды белгiлеу үшiн пайдаланылатын елдiң, елдi мекеннiң, жердiң немесе басқа да географиялық объектiнiң атауы тауардың шыққан жерiнiң атауы (шыққан жерiн көрсету) деп танылады. Тауар шығарылатын жердiң атауы географиялық объектiнiң тарихи атауы болуы мүмкiн. 2. Географиялық объектiнi бiлдiретiн немесе оның атауын беретін, бірақ Қазақстан республикасында тауар әзірленген жерге байланыссыз белгiлi бiр тауар түрiнiң белгiсi ретiнде жаппай қолдануға енiп кеткен белгi осы параграфтың ережелерiне сәйкес тауар шығарылатын жердiң атауы деп танылмайды және ол құқықтық қорғау мақсаты үшiн тiркелуге жатқызылмайды. Алайда бұл мұндай атауды адал пайдаланбаудан құқықтары бұзылған тұлғаны оларды заң актілерінде көзделген өзге де әдістермен, соның iшiнде терiс пиғылды бәсеке туралы ережелердiң негiзiнде қорғау мүмкiндiгiнен айырмайды. 3. Тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғау оны тіркеген кезде немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа орай беріледі.

3.3.2. пайдалану құқығы

3.3.2.1. 1. Тауар шығарылатын жердің атауын пайдалану құқығын иеленушi тұлға осы атауды тауарға, оның қорабына, жарнамада, анықтамалықтарда, шоттарда орналастыруға және осы тауарды азаматтық айналымға енгiзуге байланысты оны өзге де түрде пайдалануға құқылы. 2. Осы Кодекстiң 1033-бабының 1-тармағында аталған талаптарға сай келетiн тауарды белгiлеу үшiн тауар шығарылатын жердiң атауын бiрнеше тұлға бiрлесiп те, бiр-бiрiне тәуелсiз де тiркетуi мүмкiн. Тауар шығарылатын жердiң атауын пайдалану құқығы мұндай тұлғалардың әрқайсысында болады. 3. Тауар шығарылатын жердiң тiркелген атауымен бірдей немесе ұқсас географиялық белгiлеудi алғаш тiркелген күніне дейiн кемiнде алты ай бұрын адал ниетпен пайдаланған тұлға тауар шығарылған жердiң көрсетілген атауы тіркелген күннен бастап жетi жыл бойы одан әрi пайдалану құқығын сақтайды. 4. Тауар шығарылатын жердiң атауын пайдалану құқығын иелiктен алуға, оны беру туралы өзге де мәмiлелерге және оны лицензия негізінде пайдалануға беруге жол берілмейді.

3.3.3. құқықтық қорғаудың қолданылу аясы

3.3.3.1. 1. Қазақстан Республикасында республика аумағында орналасқан тауарлар шығарылатын жердің атауларына құқықтық қорғау берiледi. 2. Басқа мемлекеттегi тауар шығарылатын жердiң атауын құқықтық қорғау, егер осы атау тауар шығарылатын елде, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тіркелген болса, осы Кодекске сәйкес Қазақстан Республикасына берiледi.

3.3.4. қолданылу мерзімі

3.3.4.1. Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығы сараптама ұйымына өтiнiм берілген күннен бастап есептегенде он жыл бойы қолданылады. Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзiмi оның иесiнің соңғы қолданылу жылы iшiнде берген өтiнiші бойынша, тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын беретiн шарттар сақталған кезде он жылға ұзартылуы мүмкiн. Ұзартылу шектеусiз сан мәрте жүргiзiлуi мүмкiн.

3.3.5. жауаптылық

3.3.5.1. 1. Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын бұзған тұлға бұзушылықты дереу тоқтатуға және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығы иесінің шеккен залалдарын өтеуге міндетті. 2. Тауар шығарылған жердiң атауын немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені пайдаланудың құқыққа сыйымдылығын айқындауға байланысты дауларды сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды. 3. Тауар шығарылған жердiң атауы немесе оған айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгілеме құқық иеленушінің келісімінсіз орналастырылған тауар және оның қаптамасы контрафактілік деп танылады. Контрафактілік тауарлар және олардың қаптамалары, сондай-ақ оларды жасау үшін пайдаланылған саймандар, жабдық немесе өзге де құралдар мен материалдар осындай тауарларды айналымға енгізу қоғамдық мүдделер үшін қажет болатын және Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзбайтын жағдайларды қоспағанда, соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде айналымнан шығарылуға және бұзушының есебінен жойылуға жатады. 4. Құқық иеленуші осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда контрафактілік тауарлардан және олардың қаптамаларынан заңсыз орналастырылған тауар шығарылған жердiң атауын немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені алып тастауды талап етуге құқылы. 5. Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын бұзған тұлға жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету кезінде жұмыстарды орындаумен немесе қызметтер көрсетумен бірге жүретін материалдардан, оның ішінде құжаттамадан, жарнамадан, маңдайша жазулардан тауар шығарылған жердiң атауын немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені алып тастауға міндетті. 6. Құқық иеленуші құқық бұзу фактісі дәлелденген кезде залалдарды өтеудің орнына бұзушылықтың сипатын, тауар шығарылған жердiң атауы немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілеме құқық иеленушінің келісімімен орналастырылған біртектес (түпнұсқа) тауарлардың нарықтық құнын негізге ала отырып, бұзушыдан сот айқындайтын мөлшерде өтемақы төлеуді талап етуге құқылы.

4. ПАТЕНТ ҚҰҚЫҒЫ

4.1. Өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні құқықтық қорғау талаптары

4.1.1. 1. Өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгiге құқықтар патентпен қорғалады.

4.1.2. 2. Жаңа, өнертапқыштық деңгейi бар және өнеркәсiпте қолдануға болатын техникалық шешiм құқықтық қорғау берiлетiн өнертабыс болып танылады.

4.1.3. 3. Жаңа және өнеркәсiпте қолдануға болатын техникалық шешім құқықтық қорғау берiлетiн пайдалы модель болып танылады.

4.1.4. 4. Бұйымның сыртқы түрiн белгiлейтiн, жаңа, түпнұсқалық болатын көркемдiк-конструкторлық шешім құқықтық қорғау берілетін өнеркәсіптік үлгі болып танылады.

4.1.5. 5. Патент алуға құқық туындайтын өнертабыстың, пайдалы модельдің, өнеркәсiптiк үлгiнің патентке қабілеттілік шарттарына қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасының Патент Заңы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.

4.1.6. 6. Патентке қабiлетi жоқ техникалық шешiмдердiң, бұйымдардың көркемдiк-конструкторлық шешiмдерiнiң тiзбесi заң актiлерiмен белгiленедi.

4.2. пайдалану құқығы

4.2.1. 1. Патент иесiнiң өнiмдi қорғалған шешiмдердi қолдану арқылы өндiру, патентпен қорғалған технологиялық процестердi өз өндiрiсiнде қолдану, қорғалған шешiмi бар бұйымдарды сату немесе сатуға ұсыну, тиiстi бұйымдарды импорттау құқықтарын қоса алғанда, патентпен қорғалған өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi өз қалауы бойынша пайдалануға айрықша құқығы болады.

4.2.2. 2. Осы Кодекске немесе басқа заң актiлерiне сәйкес патент иеленушінің құқықтарын бұзу болып табылмайтын пайдалану жағдайларын қоспағанда, басқа адамдардың өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi патент иесiнiң рұқсатынсыз пайдалануға құқығы жоқ.

4.2.3. 3. Патенттелген өнертабысты, пайдалы модельдi немесе өнеркәсiптiк үлгiнi қолданып жасалған бұйымдарды рұқсатсыз жасау, қолдану, импорттау, сатуға ұсыну, сату, азаматтық айналымға өзгедей енгiзу немесе осы мақсатпен сақтау, сондай-ақ өнертабысқа патентпен қорғалатын әдiстi қолдану немесе тiкелей өнертабысқа берiлген патентпен қорғалатын әдiс арқылы дайындалған бұйымды азаматтық айналымға енгiзу не осы мақсатпен сақтау патент иесiнiң айрықша құқығын бұзу болып танылады.

4.2.4. Өзгеше дәлелденбейiнше бұйым патенттелген әдiспен жасалған болып саналады.

4.3. Патентке берiлетiн құқыққа билiк ету

4.3.1. Патентті алуға құқық, өтiнiмдi тiркеуден туындайтын құқықтар, патенттi иеленуге құқық және патенттен туындайтын құқықтар басқа тұлғаға толығымен немесе iшiнара берiлуi мүмкiн.

4.4. Авторлық құқық

4.4.1. 1. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң авторына авторлық құқық тиесілі болады.

4.4.2. 2. Авторлық құқық және өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптiк үлгiге басқа да жеке құқықтар қорғау құжатына негiзделген құқықтардың туындаған кезiнен бастап пайда болады.

4.4.3. 3. Өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсiптiк үлгi авторына заң актiлерi арнайы құқықтарды, әлеуметтiк сипаттағы жеңiлдiктер мен артықшылықтарды бекiтiп бере алады.

4.4.4. 4. Өтiнiмде автор ретiнде көрсетiлген тұлға өзгеше дәлелденгенше автор болып есептеледi. Дәлелдемелер ретiнде құқық пайда болғанға дейiн орын алған фактiлер мен мән-жайлар ғана тартылуы мүмкiн.

4.5. Тең авторлары

4.5.1. 1. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң тең авторларының өзара қатынасы олардың арасындағы келiсiммен белгiленедi.

4.5.2. 2. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi жасауға шығармашылық емес жәрдем (техникалық, ұйымдастырушылық немесе өзге де көмек, құқықтарды ресiмдеуге жәрдемдесу және т.б.) тең авторлыққа әкеп соқпайды.

4.6. Қызметтік өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер

4.6.1. Қызметкер өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындаған кезде жасаған өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптiк үлгiге (қызметтік өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге) патентке берiлетiн құқық, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс берушiге тиесілі болады.

4.7. Сыйақы алуға құқығы

4.7.1. Авторға қызметтiк өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсiптiк үлгi үшiн сыйақы төлеу мөлшерi, шарттары және тәртiбi автор мен жұмыс берушi арасындағы келiсiмде айқындалады. Егер автор мен жұмыс берушiнiң қызметтiк өнертабысты, пайдалы модельдi немесе өнеркәсiптiк үлгiнi жасаудағы үлесiн мөлшерлеу мүмкiн болмаса, авторға сыйақы төлеу мөлшері, шарттары және тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.

4.8. ҚР аумағында қолданылуы

4.8.1. 1. Қазақстан Республикасының аумағында сараптама ұйымы берген өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгiге патенттер қолданылады. 2. Шет мемлекет немесе халықаралық ұйым берген патенттер, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда қолданылады. 3. Егер белгiленген тәртiпте мәлiмденген шешiм тиiсiнше өнертабыстарға, пайдалы модельдерге немесе өнеркәсiптiк үлгiлерге Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде қойылатын талаптарға сай келсе, шетелдіктер мен шетелдiк заңды тұлғалар немесе олардың құқықтық мирасқорлары Қазақстан Республикасында өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгіге патент алуға құқылы.

4.9. Қолданылу мерзiмi

4.9.1. 1. Патент сараптама ұйымына өтiнiм берілген күннен бастап қолданылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптар сақталған кезде:

4.9.2. 1) өнертабысқа патент – жиырма жыл бойы күшiн сақтайды.

4.9.3. Қолданылуы үшін Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен рұқсаттар алу талап етілетін дәрілік затқа, пестицидке жататын өнертабысқа қатысты айрықша құқықтың және осы құқықты куәландыратын патенттің қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтінішхаты бойынша, бірақ бес жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкін.

4.9.4. Көрсетілген мерзім бес жыл шегеріле отырып, өнертабысқа патент беруге өтінім берілген күннен бастап өнертабысты қолдануға алғашқы рұқсат алынған күнге дейін өткен уақытқа ұзартылады;

4.9.5. 2) пайдалы модельге патент – бес жыл бойы күшiн сақтайды. Патенттің қолданылу мерзімін сараптама ұйымы патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бірақ үш жылдан аспайтындай етіп ұзартуы мүмкiн;

4.9.6. 3) өнеркәсiптiк үлгiге патент – он бес жыл бойы күшiн сақтайды. Патенттің қолданылу мерзімін сараптама ұйымы патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бірақ бес жылдан аспайтындай етіп ұзартуы мүмкiн.

4.9.7. 2. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi қорғау сараптама ұйымына өтiнiм берілген күннен бастап қолданылады. Құқықтарды қорғау патент берiлгеннен кейiн жүзеге асырылуы мүмкiн. Патент беруден бас тартылған жағдайда, қорғауға алынбаған деп есептеледі.

4.9.8. 3. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң басымдығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен айқындалады.

4.9.9. 4. Айрықша құқықтың қолданылу мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, өнертабыс, пайдалы модель немесе өнеркәсіптік үлгі қоғамдық игілікке өтеді.

4.9.10. 5. Қоғамдық игілікке өткен өнертабысты, пайдалы модельді немесе өнеркәсіптік үлгіні кез келген адам ешкімнің келісімінсіз немесе рұқсатынсыз және пайдаланғаны үшін сыйақы төлемінсіз еркін пайдалана алады.

4.10. Айрықша құқық беру

4.10.1. Өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптiк үлгiге айрықша құқық беру туралы шарт жазбаша нысанда жасалады. Айрықша құқық беру уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен тіркелуге жатады. Жазбаша нысанның және (немесе) тіркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың маңызсыздығына алып келеді. Тіркеудің күшін жою "Қазақстан Республикасының Патент Заңы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

4.11. Пайдалануға құқықты табыстау

4.11.1. 1. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптік үлгiнi пайдалануға лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттар жазбаша нысанда жасалады. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптік үлгiнi пайдалануға құқықты табыстау уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен тіркелуге жатады. Жазбаша нысанның және (немесе) тіркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың маңызсыздығына алып келеді. Тіркеудің күшін жою "Қазақстан Республикасының Патент Заңы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. 2. Лицензиялық шарттың мазмұны осы Кодекстiң 966-бабында жазылған талаптарға сәйкес келуге тиiс.

4.12. Ашық лицензия

4.12.1. 1. Патент иесi кез келген тұлғаға өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалануға лицензия (ашық лицензия) алу құқығын беру туралы сараптама ұйымына өтiнiш бере алады. 2. Ашық лицензияны пайдалануға ниет бiлдiрген тұлға патент иесiмен төлем туралы шарт жасасуға мiндеттi. Мұндай шарттың талаптары туралы дауларды сот шешедi. Ашық лицензияға құқық беру туралы патент иесiнiң өтiнiшi қайтарып алуға жатпайды.

4.13. Патентті бұзғаны үшін жауаптылық

4.13.1. Патент иеленушінің талабы бойынша патентті бұзу тоқтатылуы тиiс, ал оны бұзушы патент иеленушіге өзi келтiрген залалдарды өтеуге мiндеттi (осы Кодекстiң 9-бабы). Патент иеленуші келтiрiлген залалдың орнына тәртiп бұзушыдан өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi заңсыз пайдалану салдарынан алынған кiрiстi өндiрiп алуға құқылы.

4.14. Патент иесiнiң құқықтарын шектеу

4.14.1. Патент иесiнiң құқықтарын шектеу негiзi, патенттi тоқтату (жою) талаптары, оны жарамсыз деп тану, оның қолданылуын тоқтату, лицензияларды мәжбүрлеп беру және патенттердi мәжбүрлеп иелiктен алу заң актiлерiмен белгiленедi.

5. СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ҚҰҚЫҚ

5.1. қорғаудың талаптары

5.1.1. 1. Өсiмдiктердiң жаңа сорттарына және жануарлардың жаңа тұқымдарына құқық (селекциялық жетiстiктер) патент берiлген жағдайда қорғалады. Патент арқылы патент иесiнiң селекциялық жетiстiктердi, оның басымдығын пайдалануына және селекционердiң авторлығына айрықша құқықты куәландырады. Өсімдік шаруашылығында жасанды жолмен немесе сұрыптау жолымен алынған және оны қолда бар өсiмдiктер сорттарынан ерекшелендiретiн бiр немесе бiрнеше шаруашылық белгiлерi бар өсiмдiк сорты селекциялық жетiстiк деп танылады. Мал шаруашылығында адам жасап шығарған және оны осы түрдегi жануарлардың өзге тұқымдарынан айыруға мүмкiндiк беретiн генеологиялық құрылымы мен қасиетi бар және бiр тұқым ретiнде көбейту үшiн сан жағынан жеткiлiктi тұқым, яғни шығу тегi ортақ жануарлардың саны көп тұтас тобы селекциялық жетiстiк деп танылады. 2. Селекциялық жетiстiктердi құқықтық қорғау талаптары, өсімдік сорттарына және жануарлар тұқымдарына патентті ресімдеу мен беру тәртiбi заң актiлерiмен белгiленедi.

5.2. атауын айқындау құқығы

5.2.1. 1. Селекциялық жетiстiктiң авторы оның заңдарда белгiленген талаптарға сай келуге тиісті атауын айқындауға құқылы. 2. Қорғалатын селекциялық жетiстiктердi өндiру, ұдайы өндіру, сатуға ұсыну, сату және өткізудің өзге де түрлері кезінде олар үшін тіркелген атауларды қолдану мiндеттi. Өндiрiлген және (немесе) сатылатын тұқымдарға, асыл тұқымды материалға тiркелгеннен өзгеше атау беруге жол берiлмейдi. 3. Тiркелген селекциялық жетiстiктiң атауын оған қатысы жоқ өсiрiлген және (немесе) сатылатын тұқымдар мен асыл тұқымды материалға беру патент иесi мен селекционердiң құқықтарын бұзу болып табылады.

5.3. сыйақы алуға құқығы

5.3.1. 1. Патент иесi болып табылмайтын селекциялық жетiстiктiң авторы патенттiң қолданылу мерзiмi iшiнде патент иесiнен селекциялық жетiстiктi пайдаланғаны үшiн сыйақы алуға құқылы. 2. Селекциялық жетiстiк авторына сыйақы төлеудiң мөлшерi мен талаптары оның өзi мен патент иесi арасында жасалған шартта белгiленедi. Бұл орайда сыйақының мөлшерi лицензияларды сатудан түскен түсiмдi қоса алғанда, патент иесi селекция жетiстiктерiн пайдаланғаны үшiн алатын жыл сайынғы түсiмдер сомасының кемiнде бес процентi болуға тиiс. Сыйақы авторға, егер автордың патент иесiмен шартында өзгеше көзделмесе, селекциялық жетiстiк пайдаланылған әрбiр жыл аяқталғаннан кейін алты ай ішінде төленеді.

5.4. жетiстiкке құқығы

5.4.1. Селекциялық жетiстiк патентi иесiнiң осы жетiстiктi селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы заң актiлерiнде белгiленген шекте пайдалануға айрықша құқығы болады.

5.5. қолданылу мерзiмi

5.5.1. Селекциялық жетiстiкке патенттiң қолданылуы сараптама ұйымына өтiнiм берiлген күннен басталады және жиырма бес жыл бойына жалғасады. Селекциялық жетiстiктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен селекциялық жетiстiктердiң жекелеген түрлерi үшiн патенттi қолданудың неғұрлым ұзағырақ мерзiмдерi, сондай-ақ оларды ұзарту мүмкiндiгi белгiленуi мүмкiн.