Начать. Это бесплатно
или регистрация c помощью Вашего email-адреса
Web - технологиялар создатель Mind Map: Web - технологиялар

1. Интернет желісін қолданып пайдаланушылармен бірге жұмыс істеуді ұйымдастыру есептерін шешудің техникалық, коммуникациялық, программалық әдістер кешені.

2. Артықшылықтары: Web-технологиялар ақпаратты жеткізу құралы ретінде адам мен компьютер арасындағы әмбебап интерфейс болып табылады. Әр адамға жазбалар, тақырыпшалар, сілтемелер мен картинкалар ұғынықты. Веб-интерфейс ақпаратты алу құралы ретінде түсінікті. Интернеттің коммуникациялық арна ретінде кең ауқымды пайдаланылуы веб интерфейстің қарапайым екендігін көрсететіні даусыз. Браузер – веб-беттерді көруге арналған программа. Браузерлер – казіргі компьютерлер жабдықталған проограммалар. Кең тараған браузерлер: Internet Explorer, Firefox, Opera, Safari, Chrome.

3. HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML беттер ғаламторда браузерден серверге, жай текст немесе жасырын символдар(шифрлар) арқылы HTTP және HTTPS хаттамаларымен жіберіледі.

4. CSS Стильдің каскадты кестелері – HTML секілді веб-дизайнерге үлкен нақтылық және әсермен бетке элемент қосу және өзгертуге мүмкіндік беретін технология. CSS оқу, HTML оқыған секілді өте жеңіл. Ал негізінен CSS пен жұмыс жасау жеңілірек, себебі мұнда жаңа тегтер енгізбестен, бар тегтер қолданылады. Осы бөлімді оқи отырып, сіз стильдің каскадты кестелері қалай жұмыс жасайтындығын, олардың құрылу негіздерімен танысасыз. Ары қарай сіз осы кестелердің жеке қасиеттерін қолдануды үйренесіз.

5. Ерекшеліктері

5.1. Web-технологиялардың өзін ақпаратпен жұмыс істеу концепциясы деп алуға болады. Оның мынадай ерекшеліктерін бөліп қарастыруға болады:

5.1.1. Web-технологиялардың техникалық негізі – локальды және глобальды желілер, көбіне Интернет

5.1.2. Клиенттердің ерекше типін пайдалану: web-браузерлер

5.1.3. Ақпараттық көздердегі өзгерістер публикацияларда бірден бейнелене алады

5.1.4. ақпаратты тұтынушылар саны шектеусіз

6. JavaScript — бұл салыфстырмалы қарапайым объектілі – бағытталған тіл, және ол үлкен емес клиенттік және серверлік қосымшаларды Интернет үшін жасауға және құруға арналған. JavaScript тілінде жазылған бағдарламалар HTML-құжаттамалары құрмына қосылады және солармен бірге таралады. Көру бағдарламалары (ағылшын тілінің browser сөзінен шыққан браузерлер) Netscape Navigator және Microsoft Internet Explorer типтері бағдарлама-қоюшы құжаттамаларында тұрғызылған құжат мәтіндерін таниды (script-коды) және оларды орындайды. Олай болса, JavaScript — бағдарламалаудың интерпретацияланатын түрі. JavaScript жасалған бағдарламаларпдың мысалы ретінде пайдаланушымен енгізілген мәлімттерді тексеретін немесе құжаттаманы ашу немесе жабу кезінже қандай да бір әрекеттерді орындауға атқаратын бағдарламаларын қарастыруға болады. Мұндай бағдарламалар негізінен пайдаланушының әрекетіне әрекет ете алады – тышқан пернесін басу, экранды формаға мәліметтерді беру немесе тышқанды жылжыту арқылы беттерде жылжуға мүмкіндік береді. Одан басқа, JavaScript-бағдарламалар браузерлердің өзін және құжаттамалар атрибуттарын басқара алады. JavaScript бағдарламаны жасау үшін ешқандай қосымша құралдар қажет емес, тек қана сәйкес версиядағы JavaScript тілін көтере алатын және HTML – құжаттамаларды құруға мүмкіндік беретін мәтіндік редактор болса болды. Бағдарлама JavaScript тікелей HTML-құжаттама мәтінінде тұрғызылатын болғандықтан сіз өзіңіздің жұмысыңыздың нәтижесін құжаттаманы браузермен көру кезінде көре аласывз және қажет болғанда өзгерістер енгізуге мүмкіндігіңіз болады.