Қорлар есебі

Get Started. It's Free
or sign up with your email address
Rocket clouds
Қорлар есебі by Mind Map: Қорлар есебі

1. Қор – ақшалай қаражат, құндылықтар, кіріс көздері. Негізгі түрі: экономикалық қорлар – өндірісті қамтамасыз ету көздері, құралдары, қаражаты. Бұған табиғи қорлар, еңбек қорлары, капиталдар, айналым құралдары , қаржы-қаражат жатады

2. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар

3. - шикізат; - негізгі материалдар; - көмекші материалдар; - жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып табылады.

4. Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері – ұн, мата, кірпіш және т.б. жатады.

5. Көмекші материалдарға - әр түрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады.

6. Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:

7. 1. Арнайы сәйкестендірілген есептеу әдісі 2. Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі 3. ФИФО әдісі 4. ЛИФО әдісі

8. ФИФО есептен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады.

9. Тауарлы-материалдық қорларды бағалау кезінде неғұрлым арзан өзіндік құнымен, не таза құнымен бағаланады. Қолда бар тауарлы-материалдық қорлардың бүлінуі немесе олардың жекелей, әлде толықтай ескіруі немесе олардың бағасының төмендеуі, яғни бір сөзбен айтқанда, өзіндік құнының деңгейіне келтіру мүмкіндігі болмаған жағдайда, өзіндік құнның орнына сату (өткізу) бағасы пайдалануы мүмкін.

10. 1310 «Шикізаттар мен материалдар» шотында шығарылған өнімнің негізін салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді шығаруға қатысатын немесе шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне септігін тигізетін көмекші материалдар да есепке алынады.

11. 1311 «Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар» шотында сатып алынған жартылай фабрикаттар және өндірілген өнімді құрастыру үшін алынған дайын құрастырушы бұйымдар және жинауға немесе өңдеуге кеткен шығындар есепке алынады.

12. 1312 «Отын» мұнай өнімдері, қатты және басқа да отын түрлері есепке алынады.

13. 1314 «Қосалқы бөлшектер» жөндеуге және машинаның тозған бөлшектерін айырбастауға (бөлшектер, агрегаттар, аккумуляторлар, дөңгелектер т.б.) аранлған қосалқы бөлшектер есепке алынады.

14. Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни кәсіпорын қоймасында және кәсіпорын бухгалтериясында есептелінеді.

15. Қоймада материалдық қорлардың әрбір түрлері, сорттары бойынша бөлек сақталуы тиіс. Материалдардың маркасы, сорты, көлемі, наменклатуралыцқ номері, өлшем бірлігі, сақталып тұрған материалдардың мөлшері, т.б. көрсеткіштері картон немесе фанерге жазылып, материалдарға байланып немесе жапсырылып қойылады.

16. Материалдардың бухгалтерияда аналитикалық есебі сандық және ақшалай өлшемде жүргізіледі.

17. Жалпы бухгалтерияда материалдардың әр номенклатуралық номеріне бөлек карточка ашылады. Материалдардың кіріс етілуіне, босатылуна жасалған әр құжат деректері тиісті карточкаға жазылуы керек. Ай біткеннен кейін немесе ай соңында әр карточка бойынша материалдардың кіріске алынуы мен шығыс етілуінің қорытындысы шығарылып, олар материалдардың айналым тізімдемесіне жазылады.

18. Қойма меңгерушісінің бухгалтиреяға тапсыратын құжаттары үлгілі түрі М-18А «Құжаттарды қабылдау-өткізу құжатына» тіркеледі. Материалдарға жауапты адамның келісімі бойынша бухгалтерия қызметкері әр операцияның дұрыстығын тексергені жайында және құжатты қабылдағаны жайында карточкаға қол қояды.