КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІ ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ

Get Started. It's Free
or sign up with your email address
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІ ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ by Mind Map: КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІ ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ

1. банктің қызметінің қаржылық-экономикалық нәтижелерін зерттеуге

1.1. мақсаты

1.1.1. банктің есепті кезеңдегі қаржылық жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштердің өзгерістері жөнінде дәл әрі жан-жақты мәліметтер алу арқылы банктің қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайына баға беру болып табылады.

2. банктің дамуының негізгі бағыттарын анықтауға

2.1. нәтижесіне қарай

2.1.1. банктің басшылары мен банктің қызметін қадағалаушы мемлекеттік органдар тиісті шешімдер қабылдайды, тәуекелдердің алдын алады, реттеу тетіктері мен жолдарын қарастырады.

3. қаржылық-шаруашылық үдерістерінің негізгі факторлары мен үдерістерін анықтауға арналған арнайы білім беру жүйесін білдіреді

3.1. негізгі объектісі болып

3.1.1. банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің және жекеленген банк топтарының коммерциялық қызметі саналады

3.2. негізгі субъектілері болып

3.2.1. коммерциялық банктер, банктің контрагенттері мен клиенттері, әртүрлі қаржы ұйымдары, мемлекеттік салық органдары, аудиторлық фирмалар, жергілікті және орталық билік органдары және заңда көзделген тағы да басқа заңды тұлғалар саналады

4. аса маңызды орын алады

4.1. Біріншіден

4.1.1. талдау белгілі кезеңдегі банктің жұмысының нәтежиесіне баға береді. Сондықтан банк талдау жүргізуге өзі де мүдделі, ынталы болады.

4.2. Екіншіден

4.2.1. талдау каржылық- шаруашылық жұмыстарды ұйымдастырудағы, басқарудағы оң-теріс жақтарды анықтайды.

4.3. Үшіншіден

4.3.1. талдаудың негізінде мүмкін болатын тәуекелдер, банктің өтімділік жағдайы, банктің табыстары мен шығындарының азаюына немесе өсуіне ықпал еткен факторлар анықталады.

4.4. Төртіншіден

4.4.1. талдау банктің отандық және әлемдік банк жүйесінде алатын орны мен нарықтағы позициясына баға береді.

4.5. Бесіншіден

4.5.1. талдау банктің қызметінің сапасы мен технологиялық дамуына, мамандарының кәсіби шеберлігіне баға береді.

5. 3 кезеңмен атқарылады

5.1. Алдын-ала дайындық кезеңі

5.1.1. бұл кезеңде талдауға қажетті есептік құжаттар мен мәліметтерді жинастыру, іріктеу, көрсеткіштерді баптар бойынша топтастыру, жинақтау, есептеу, көрнекі материалдарды дайындау жұмыстары жүргізіледі.

5.2. Талдау кезеңі

5.2.1. алынған есептік көрсеткіштерге сипаттама беріліп ақырғы нәтиже анықталады

5.3. Қорытынды кезеңі

5.3.1. талдау нәтижесінде қорытынды беріліп, жасалған қорытынды бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар беріледі, шешім қабылданады.

6. түрлері

6.1. Мерзімі мен жиелігіне қарай

6.1.1. Күн сайын талдау, Апта сайын талдау, Ай сайын талдау, Тоқсан сайын талдау, Жарты жылдық және жылдық қорытынды бойынша талдау, Ұзак мерзімді талдау

6.2. Талдау мәселелері бойынша

6.2.1. Тематикалық талдау, Толық талдау.

6.3. Талдаудың сипаты мен мақсатын қарай

6.3.1. Алдын-ала талдау Бақылау-оперативтік талдау Қорытынды талдау Болжам жасау мақсаттарын талдау

6.4. Талдау барысында қолданылатын әдістер бойынша

6.4.1. Корелляциялық талдау; Диссперсиялық талдау; Салыстырмалы талдау; Трендтік талдау; Оптимизациялық талдау; Регрессиялық талдау;

6.5. Талдау объектілеріне қарай

6.5.1. Құрылымдық талдау Функционалдық талдау Факторлық талдау Операциялық құндық талдау Рейтингтік талдау