Тәрбие жүйесі Финляндия vs Қытай
by Фарида Тельман
1. Ұлттық құндылықтар
1.1. Финляндия: Еркіндік, теңдік,гуманизм,демократия, жеке тұлға дамуы, шығармашылық пен инновация, адам құқығы мен өзіндік ойлау.
1.2. Қытай : Ұжымшылдық, үлкендерді сыйлау, патриотизм, дәстүрге құрмет, еңбекқорлық пен жауапкершілік.
2. Мұғалімдер мен оқытушылар сапасы
2.1. Финляндия: Мұғалімдер – ең беделді мамандықтардың бірі. Педагогтар өте сапалы дайындықтан өтеді. Жоғары біліктілік, оқыту әдістерін үнемі жаңартып отыру, оқушыларға жеке назар аудару, оқушыға бағытталған тәсілдер қолданады.
2.2. Қытай: Мұғалім беделі жоғары, оқушыдан үлкен құрмет күтеді. Қатаң біліктілік талаптары, дәстүрлі әдістер, үлкен топтармен жұмыс істеу тәжірибесі және де авторитарлық тәсілдер жиі кездеседі.
3. Білім беру жүйесінің құрылымы
3.1. Финляндия: Икемді, оқушы қызығушылығына негізделген. Эксперименттік жобалар мен баланың даму қарқынына қарай бейімделеді.Оқушыны еркін дамытуға бағытталған, стандарттардан тыс та жұмыс істеуге мүмкіндік бар.
3.2. Қытай: Орталықтандырылған, барлық мектептерде бірдей талаптар,қатаң құрылым, бәсекеге қабілеттілік пен нәтижеге бағытталған.
4. Тәрбие бағыты
4.1. Финляндия:Балаға еркіндік беріп шығармашылық пен жеке тұлғаны дамытуды мақсат етеді.
4.2. Қытай: Қатаң тәртіп, ұжымдық сана және академиялық жетістікке бағытталған.Сонымен қатар ұжымдық тәрбие мен патриоттық тәрбиеге, иерархияға негізделген.
5. Мектептегі тәрбие
5.1. Финляндия: Инновациялық әдістер, оқушы орталық, практикалық және жобалық оқыту. Оқушыға бағытталған, икемді және тәжірибеге негізделген оқыту. Оқу уақыты қысқа, бірақ нәтижелі.Шығармашылыққа бағытталған.
5.2. Қытай: Қатаң оқу үлгісі, емтихандарға және нәтижеге бағытталған, дәстүрлі әдістер басым,қатаң сынып тәртібі бар.Ұзақ оқу күндері және емтихан нәтижесіне бағытталған.
6. Ата-ана рөлі
6.1. Финляндия: Ата-аналар баланың еркіндігін, қызығушылығын,тәуелсіздігін және сезімін ескеріп, эмоционалды және кеңестік қолдау көрсетеді.Тұлғалық дамуын қолдайды.
6.2. Қытай: Ата-аналар бақылаушы рөлде, баланың жетістігін талап етіп, нәтижеге қатты мән береді, жоғары талап қояды, баланы жақсы оқу мен табысқа жетуге итермелейді.Дәстүрлі құндылықтар мен нәтижеге негізделген.
7. Қоғам ықпалы
7.1. Финляндия: Демократиялық қоғам, теңдік және жаңа идеяларды қолдау, эксперименталды жобалар.Әр адамның еркіндігі мен пікіріне құрмет.
7.2. Қытай: Дәстүрлі мәдениет пен патриотизм, ұжымдық өмір салты және әлеуметтік нормалар.Қоғамдық қысым жоғары, дәстүр мен беделге бағыну күшейтілген және ұжым мүддесі басым тұрады.
8. Тәрбиелеу әдісі
8.1. Финляндия: Сенім мен ынталандыру арқылы жеке қызығушылықты арттыру, топтық жұмыс пен сыншыл ойлауды дамыту,позитивті мотивация,оқушының мүддесіне сай әдістер.
8.2. Қытай: Бақылау, қатаң ережелер, жазалау мен марапаттау жүйесі арқылы тәртіп пен нәтижеге басымдық,оқушыны тәртіпке үйрету және тәртіп арқылы нәтиже күту.