Начать. Это бесплатно
или регистрация c помощью Вашего email-адреса
Стресс создатель Mind Map: Стресс

1. Стресс – адамның мазасыздығынан туындайтын көбіне өзі бейімделмеген жұмыстардың шамадан тыс болуына байланысты бейімделген психикамен организмнің өзгерістерге ұшырауына әкелетін процесс ретінде саналады. «Стресс» ағылшын сөзі, аудармасы «қысым, тартылыс, қысым келтіру» деген мағынаны білдіреді. Ең алғашқы рет стресс сөзіне анықтама берген канадалық физиолог Ганс Селье

2. Стресстің пайда болу себептері.

2.1. Уақыттың жетіспеушілігіне байланысты жұмыс

2.2. Ақпараттың шамадан тыстығы

2.3. Тұлғаға ұжымдық қысым

2.4. Міндетті түрде шектелу

2.5. Өзіне және қоршаған ортаның өміріне қауіп төндіретін жұмыстар

2.6. Өмірде мақсаттың болмауы

2.7. Болып жатқан жағдайды қалпына келтіре алмау

3. Стресс белгілері

3.1. Үнемі шаршаңқылық сезім

3.2. Эмоционалды денсаулығының азуы

3.3. Себепсіз бастың ауыруы

3.4. Дене салмағының күрт азаюы немесе көбеюі

3.5. Ұйқының бұзылуы

3.6. Ұйқылы ояу жүру

4. Стресске қарсы тұру белгілері

4.1. Өз денсаулығын күту

4.2. Өзін өзі жоғары бағалау

4.3. Ашық қарым қатынасқа түсе алу

4.4. Оптимизм

4.5. Өзін өзі басқару

5. Коррекциялық жаттығулар

5.1. «Менің сезімім» жаттығуы: Тренинг кезеңдері/ жоспарланған уақыт: Негізгі кезең, 20 минут. Ресурстар: Ақ парақ, акварель. Мақсаты: Іште жиналған жағымсыз эмоцияларды шығарып, жағымды эмоция қалыптастыру. Жүргізілуі: Қатысушыларға ақ парақ ұсынылады. Осы бөлінген бөлекшелерге ақ түске ақ бояумен өзінің ойына бірінші оралған жағымды суретті салып, ең жақын адамына тілектер жазу. Екінші бөлікке жасыл бояумен сурет салып, өз арман тілектерін жазу. Үшінші бөлікке қызыл түспен сурет салып, ішіндегі ашуын жазу. Төртінші бөлікке қара бояумен сурет салып, өміріңізде болған ең жағымсыз оқиғаңызды жазыңыз.

5.2. «Рефрейминг» жаттығуы Тренинг кезеңдері/ жоспарланған уақыт: Негізгі кезең, 15 минут. Ресурстар: Ақ парақ және түрлі-түсті маркерлер. Мақсаты: Жұмыс барысында стрес туындататын жағымсыз мінез-құлықтардан арылту. Жүргізілуі: Тренинг қатысушылары жұп болып бөлінеді, жұптағыларға бір бірлерінің өздері ұнатпайтын, стрестің туындауына әкелетін ең жағымсыз қасиеттерін анықтауға 3 минут уақыт беріледі. Жұбыңыздың жұмыс барысында стреске әкеліп соқтыратын ең жағымсыз қасиетін жағымды қасиетке айналдыруға арналған постер жасау.