Салық және салық жүйесі

Начать. Это бесплатно
или регистрация c помощью Вашего email-адреса
Салық және салық жүйесі создатель Mind Map: Салық және салық жүйесі

1. Атқаратын Қызметтері

1.1. Бақылау (реттеу)

1.1.1. мемлекет бюджетінің кірісі мен шығысын есептейді, соған сәйкес өз қызметін атқарады

1.2. Қайта бөлу қызметі

1.2.1. салық түсімдерінің мақсатқа сай және өз уақытысымен жұмсалуына қадағалау жасайды.

1.3. Қазыналық

1.3.1. түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет пайдасына өтуін қадағалайды

1.4. Тұрақтандырушы қызметі

1.4.1. экономикалық өсу, техникалық жаңару, халық санының өсуі үшін әр түрлі шаралар жасайды

1.5. Шектеу қызметі

1.5.1. салық саясаты арқылы мемлекет өндіріс түрлерінің дамуын шектейді немесе тоқтатады

2. Жіктелуі

2.1. Өндіріп алу тәсілі бойынша

2.1.1. Тікелей салық

2.1.1.1. тікелей табыс немесе мүлік алушылардан алынады

2.1.1.1.1. Нақты салық

2.1.1.1.2. Дербес салық

2.1.2. Жанама салық

2.1.2.1. тауар бағасына қосылады және тауар сатқанда тұтынушылардан өндіріп алынады

2.1.2.1.1. Жеке жанама салықтар

2.1.2.1.2. Әмбебап жанама салықтар

2.1.2.1.3. Кедендік баж

2.1.2.1.4. Қазыналық монополия

2.2. Экономикалық белгілері бойынша

2.2.1. Тұтынуға салынатын салық

2.2.1.1. қызмет көрсетуге салынады

2.2.2. Табысқа салынатын салық

2.2.2.1. салық төлеушілердің әр түрлі табыстарынан түскен ақша қаражаттары

2.3. Салық көлемін анықтау тәсілі бойынша

2.3.1. Үйлесімді салық

2.3.1.1. табыс көлеміне қарамастан салық мөлшері өзгеріссіз қалады,

2.3.2. Үдемелі салық

2.3.2.1. салық мөлшері табыстың өсуіне қарай өсіп отырады

2.3.3. Кемімелі салық

2.3.3.1. салық мөлшері табыс өскен сайын кеміп отырады

2.4. Салық сомасы түсетін бюджет деңгейіне қарай

2.4.1. Республикалық бюджетке түсетін салықтар

2.4.1.1. Республикалық бюджетке түсетін салықтар, салықтық түсімдер

2.4.1.2. Республикалық бюдетке түсетін салықтық емес түсімдер

2.4.1.3. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

2.4.1.4. Республикалық бюджетке ресми трансферттердің түсімдері

2.4.1.5. Республикалық бюджетке берілген  несиелерді өтеуден, мемлекеттің республикалық меншіктегі қаржы активтерін сатудан, үкіметтік қарыздан түсетін түсімдер

2.4.2. Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер

2.4.2.1. Облыстық бюджетке түсетін түсімдер

2.4.2.1.1. салықтық түсімдер

2.4.2.1.2. салықтық емес түсімдер

2.4.2.1.3. ресми трансферттердің түсімдері

2.4.2.2. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне түсетін түсімдер

2.4.2.3. Аудан бюджетіне түсетін түсімдер

2.5. Салықтарды пайдалану ретіне қарай

2.5.1. Жалпы

2.5.1.1. бір қазынаға түсетін және жалпы бір мақсатқа жұмсалатын салықтар

2.5.2. Мақсатты немесе арнайы салықтар

2.5.2.1. белгілі бір мақстатқа арналған

2.6. Салықтарды төлеуге байланысты

2.6.1. заттай салықтар

2.6.2. ақшалай салық

2.7. Заңды және жеке тұлғалардың салықтары

2.7.1. Заңды тұлғардың салықтары

2.7.1.1. КТС

2.7.1.2. заңды тұлғалардың мүлік салығы

2.7.2. жеке тұлғалардың салығы

2.7.2.1. ЖТС

2.7.2.2. жеке тұлғалардың мүлік салығы

2.7.3. Аралас салықтар

2.7.3.1. ҚҚС

2.7.3.2. акциздер

2.7.3.3. жер салығы

2.7.3.4. әлеуметтік салық

2.8. Салықтардың қолдану қызметіне қарай

2.8.1. Жай

2.8.1.1. мемлекеттің күнделікті қызмет барысында қолданылады

2.8.2. Төтенше-

2.8.2.1. мемлекеттік шығындардың деңгейінің көбеюіне байланыстықосымша табыстарды қажет еткен жағдайда қолданылады

2.8.2.1.1. Әскери салықтар

2.9. Салықты есептеу және төлеу субъектісі бойынша

2.9.1. Қызметақылы салық

2.9.1.1. салық органдары салық сомасын есептейді

2.9.2. Қызметақысыз салық-

2.9.2.1. салық төлеушілердің өздері есептейді

2.10. Салық базасының пайда болуы және салықты төлеу көзіне қарай

2.10.1. Активті салықтар

2.10.1.1. -салық төлеушінің ағымдағы шаруашылық және өндірістік қызметтерінің нәтижесінде салық салынатын объект

2.10.1.1.1. Барлық жанама салықтар жатады

2.10.2. Пассивті салықтар

2.10.2.1. салық төлеушілердің белгілі бір қызметтерінің нәтижесінде алынған түсім

2.11. Салықты  төлеушілер арасында бөлінетін

2.11.1. Үлестірме салық( репартиционды)

2.11.1.1. салық төлеушілерге тең үлеспен бөлінеді

2.11.2. Санды салықтар (үлесті)

2.11.2.1. салық төлеушінің мүмкіндігіне қарай салық салынады

2.12. Салықтардың төлеуіне байланысты

2.12.1. Тұрақты салықтар-

2.12.1.1. салық төлеушілердің меншігіндегі мүліктеріне немесе табыс табудағы қызметтеріне белшілі бір мерзім аралығында тұрақты түрде салынады

2.12.2. Біржолғы салықтар

3. Салық элементтері

3.1. Салық субъектісі

3.1.1. заңды және жеке тұлға

3.2. Салық объектісі

3.2.1. салық есептелетін база

3.3. Салық көзі

3.3.1. Салық көзі салық төлеу үшін белгіленген және қолданылатын ақша қаражаттары

3.4. Салық мөлшері

3.4.1. Салық төлеушінің табысына қарай алынатын салық сомасын білдіреді

3.4.1.1. Салықтың шекті мөлшері

3.4.1.2. салықтың жеңілдік мөлшері

3.4.1.3. салықтың орташа мөлшері

3.5. Салық  жеңілдіктері

3.5.1. Заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден толық босату

3.5.1.1. С.Г.Пепеляев бойынша салық жеңілдіктері

3.5.1.1.1. алып тастау

3.5.1.1.2. жеңілдіктер

3.5.1.1.3. босату

3.6. Салық ставкасы

3.6.1. салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді

3.6.1.1. Салық сомасын анықтау тәсілі бойынша

3.6.1.2. салық ставкаларын қолдану сипатына қарай

3.6.1.3. салық ставкасының мазмұнына байланысты

3.7. Салық кезеңі

3.7.1. салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі

3.8. Салықты есептеу тәртібі

3.8.1. Бірінші кезең

3.8.1.1. салық салынатын объектіні есепке ала

3.8.2. Екінші кезең

3.8.2.1. салық салу объектісінің салық базасын есептеу

3.8.3. Үшінші кезең

3.8.3.1. салық ставкаларын қолдану

3.8.4. Төртінші кезең

3.8.4.1. салық жеңілдіктерін қолдану

3.8.5. Бесінші кезең

3.8.5.1. салық сомасын есептеу

3.9. Салық есептілігі

3.9.1. салық төлеуші және салық агенті салық органдарына табыс ететін, салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпарат бар құжаттама

3.9.1.1. Салық базасын есептеу әдәсі

3.9.1.2. Кассалық әдіс

3.10. Салықты салу тәртібі

3.10.1. салық төлеушінің мемлекетке салық төлемдерін төлеуде жүзеге асырылатын салық заңдылықтарында бекітілген ереже

3.10.1.1. Салықты дербес төлеуде

3.10.1.1.1. Декларация негізінде

3.10.1.1.2. Салық хабарламасы негізінде

3.10.1.1.3. Салық  төлемдерін дербес есептеу және енгізу жолдары

3.10.1.1.4. бір жолғы талон және патенттерді сатып алу

3.10.1.2. Салықты мәжбүрлі төлеу

3.10.1.2.1. Төлем көзінен ұсталатын табыс салығы

3.10.1.2.2. Салық төлеуден бас тартқан тұлғалардан салықты мәжбүрлеп алу

4. Салық салу принциптері

4.1. Салықтардың созылымдылық принципі

4.1.1. мемлекет өзінің күнделікті сұранысына байланысты салық ставкасын көтере немесе төмендете алады

4.2. Салық кодексімен бассқару принципі

4.2.1. салық төлеу бойынша міндетті осы салықтар салық кодексімен қарастырылған жағдайда ғана болады

4.3. Шындық принципі

4.3.1. әр адам өз табысына сай мемлекетті қолдауға қатысу қажет

4.4. Үнемділік принципі

4.4.1. салық жинау ең төменгі шығындарда жүргізіледі

4.5. ҚР Салық кодексінде белгіленген принциптер

4.5.1. Міндеттілік

4.5.1.1. салық төлеушілер салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті

4.5.2. Айқындық

4.5.2.1. салық салу әрбір салық төлеуші үшін айқын болу керек

4.5.3. Әділдік

4.5.3.1. жалпыға бірдей және әділ болуы

4.5.4. Біртұтастық

4.5.4.1. ҚР бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бүртұтас болуы

4.5.5. Жариялылық

4.5.5.1. салық салу мәселеллері бәріне жариялануы керек

4.6. Салықтарды ұтымды ұймдастырудың классикалық принциптері

4.6.1. Адам Смит ұсынған

4.6.2. Әділеттілік

4.6.2.1. салық әрбір төлеушінің табысына қарай болуы керек

4.6.3. Анықтылық

4.6.3.1. салық мөлшері,мерзімі алдын ала,әрі нақты болуы

4.6.4. Қолайлылық

4.6.4.1. әрбір салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және тиімді  әдіспен алыну керек

4.6.5. Жалпылық

4.6.5.1. өндіріп алынатын салықтың шығындары мейілінше аз болуға тиіс

5. ҚР-ның салық жүйесі

5.1. Бірінші кезең

5.1.1. 1991 жылға дейін

5.1.1.1. КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті

5.2. Екінші кезең

5.2.1. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары

5.2.1.1. бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты

5.2.1.2. 1991 жылы ҚР "Салық жүйесі туралы"

5.2.1.3. 1995 жылы  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»

5.2.1.3.1. 42 салықтар мен алымдар   11ге қысқартылды

5.3. Үшінші кезең

5.3.1. 1995-2011 жылдары

5.3.1.1. Салық түрлері

5.3.1.1.1. КТС

5.3.1.1.2. ЖТС

5.3.1.1.3. ҚҚС

5.3.1.1.4. Акциздер

5.3.1.1.5. экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы

5.3.1.1.6. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері

5.3.1.1.7. Әлеуметтік салық

5.3.1.1.8. Жер салығы

5.3.1.1.9. Көлік салығы

5.3.1.1.10. Мүлік салығы

5.3.1.1.11. ойын бизнес салығы

5.3.1.1.12. тіркелген салық

5.3.1.1.13. бірыңғай жер салығы

5.3.1.2. Алымдар

5.3.1.2.1. тіркеу алымдары;

5.3.1.2.2. автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін алым;

5.3.1.2.3. аукционнан алынатын алым;

5.3.1.2.4. жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;

5.3.1.2.5. телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым;

5.3.1.2.6. азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым;

5.3.1.3. Төлемақылар

5.3.1.3.1. жер учаскесін пайдаланғаны үшін;

5.3.1.3.2. үстіңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшін;

5.3.1.3.3. қоршаған ортаға эмиссия үшін;

5.3.1.3.4. жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін;

5.3.1.3.5. орманды пайдаланғаны үшін;

5.3.1.3.6. ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін;

5.3.1.3.7. радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін;

5.3.1.3.8. қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін;

5.3.1.3.9. кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін;

5.3.1.3.10. сыртқы (көрінетін) жарнаманы орналастырғаны үшін

5.3.1.4. Баждар

5.3.1.4.1. Мемлекеттік

5.3.1.4.2. Кедендік

5.4. Төртінші кезең

5.4.1. 2011 жылдан қазіргі күндерге дейін