1. ТОК КҮШІН ӨЛШЕУ
1.1. Ток күшін тізбекке тізбектей жалғанатын амперметрдің көмегімен өлшейді
1.2. Көшірмелі (тасымалды) және қалқанды амперметрлер болады
1.2.1. Көшірмелі амперметрлер негізінен лабораториялық өлшеулер үшін қолданылады
1.2.2. Қалқанды амперметрлер қалқанға монтаждалады, оларды, әдетте, өлшеу жұмыстары аяқталғаннан кейін тізбектің басқа элементтерінен айырмайды.
2. ҚУАТТЫ ӨЛШЕУ
2.1. Электр тоғының қуатын ваттметрдің көмегімен өлшейді.
2.1.1. ВАТТМЕТР - қуатты өлшеудің құралы. Ваттметрлердің көпшілігінің негізіне электродинамикалық механизмдер жатады. Олардың көрсететіні екі токтың арасындағы фазаның ығысуын есепке алатын токтардың өзара әсерлесуінің нәтижесі.
3. КЕРНЕУДІ ӨЛШЕУ
3.1. Кернеуді тізбекке параллель жалғанатын вольтметрдің көмегімен өлшейді
3.2. Көшірмелі (тасымалды) және қалқанды вольтметрлер болады. Осы вольтметрмен өлшеу шегін кеңіте түсу үшін оған тізбектеп қосымша кедергіні жалғайды
3.2.1. Қосымша кедергі дегеніміз-катушка түрінде оралған өткізгіш
4. ТОКТЫҢ ЖҰМЫСЫН ӨЛШЕУ
4.1. Токтың жұмысын (энергия шығынын) электр энергиясы есептегішінің көмегімен өлшейді
4.1.1. Есептегіш жұмыс істеген кезде оның дискісі айналып тұрады, оның айналу жылдамдығы токтың жұмысына (электр энергиясының шығынына) тура пропорционал. Дискінің айналымдар санын есептеуші механизм есептеп отырады да, ол механизм электр энергиясының шығынын тікелей көрсетіп отыратындай етіп жасалынған.
4.1.1.1. Сондай-ақ электр есептегіші номинал тұрақты деп аталатын шамамен сипатталады. Ол сан жағынан электр есептегіші дискісінің бір айналымына келетін электр энергиясының мөлшеріне тең.
5. ЭЛЕКТР КЕДЕРГІСІН ӨЛШЕУ
5.1. Электр кедергісін тікелей өлшеу үшін омметрлер мен мегаомметрлер, автометрлер қолданылады.
5.1.1. АВОМЕТРЛЕР
5.1.1.1. Авометр (ампервольтомметр) - ток күшін, кернеуді, кедергіні кең шекаралықта өлшеуге арналған электр өлшеуіш жан-жақты құрал
5.1.1.1.1. АВО-63 авометрлері көмегімен жүргізілетін өлшеу жұмыстары
6. Дәлдік классы
6.1. ДӘЛДІК КЛАСЫ - өлшеу құралдарының кепілдік берілген қателік шекарасының сандық бағасы.Дәлдік класы өлшеу құрал-жабдықтарының қателігін сипаттайды, берілген құралмен (жабдықпен) жүргізілген өлшеу қателігімен жанама байланысқан.
6.1.1. Дәлдік класының мәнін нормалаушы мәнді, мысалға өлшеу аралығының соңғы мәнін, шкала ұзындығын, шын мәнін қолданып анықтайды. Егер 23°С қалыпты температурада өлшеу кезінде класс (мысалға, I. Класс) қалыпты эксплуатациялау шартындағы процентпен берілген қателіктің кепілдік шекарасын сипаттайды (± І%, мысалға 100 В аралықтың соңғы мәнінен, ± I В. Егер әсер етуші шама жұмыстық аралықтың шегінде өзгерсе мысалға, І00С...230С...30°С/,онда көрсетудің өзгеруі ± I %, дәлдік класының шегінен шығып кетпеуі керек, яғни ± I В .
7. ӨЛШЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ТӘРТІБІ
7.1. Құралдардың көмегімен электрлік шамаларды өлшеген кезде қауіпсіздік техникасының ережелері қатал сақталуға тиіс. Құралдарды мына тәртіпте даярлап, өлшеу жүргізеді.
7.1.1. І. Құралды, тиісті өлшеу жағдайларын және дәлділігін ескере отырып, таңдап алады.
7.1.2. 2. Қайта қосқышты /егер ол бар болса/ керекті өлшеу шегіне дәлдеп қояды.
7.1.3. З. Шкала бөліктерінің құнын тағайындалған өлшеу шегінде анықтайды, ол үшін өлшеу шегін шкала бөліктерінің санына бөледі.
7.1.4. 4. Корректордың көмегімен стрелканы нөлдік бөлікке келтіреді.
7.1.5. 5. Құралды схемаға сәйкес және мұғалімнің рұқсаты бойынша тізбекке қосады.
7.1.6. 6. Стрелканың ауытқыған бөліктерінің санын есептегенде, көз бен стрелканың ұшын қосатын түзу шкалаға перпендикуляр болатындай етіп, қарау керек.
7.1.7. 7. Бөліктің құнын стрелканың ауытқыған бөліктерінің санына көбейту арқылы өлшеу нәтижесін шығарып алады.
7.1.8. 8. Жұмыс аяқталғаннан кейін тізбекті ағытады. Егер қажет болса, құралды тізбектің басқа элементтерінен ажыратады.