Мемлекет

mind map мемлекет

Jetzt loslegen. Gratis!
oder registrieren mit Ihrer E-Mail-Adresse
Мемлекет von Mind Map: Мемлекет

1. Саяси режим — саяси билікті жүзеге асырудың түрі, формасы, әдістері, оның салаларын ұйымдастыру қағидалары.

1.1. Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік)“халық билігі” деген мағынаны білдіреді.

1.2. Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі.

1.3. Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей)

2. өз дербестігі бар және қоғамды арнайы органдардың көмегі арқылы басқаратын саяси биліктің маңызды түрі

3. Формаларының эволюциясы:

3.1. Монархия — жоғарғы мемлекеттік билік өмір бойы бір ғана басшының, яғни, монархтың (патша, шаһ, сұлтан, хан, халиф, король, император, т.б.) қолында болатын және ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін басқару формасы.

3.1.1. Абсолюттік монархия (шектеусіз) — мемлекеттегі жалғыз жоғарғы орган болып табылатын монархы бар мемлекет.

3.1.2. Шектеулі монархия — монархтан бөлек басқа да мемлекеттік басқару органдары бар мемлекет, ал мемлекеттік билік барлық жоғарғы билік органдарына жүктелген, сондай-ақ монархтың билігі белгілі бір арнайы дәстүрдің немесе Конституция актісінің негізінде шектелген.

3.1.3. Сословиелік-өкілдік монархия — монархтың билігі белгілі бір сославиенің дәстүрлерінің негізінде шектелетін монархия түрі

3.2. Республика — мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарын белгілі бір мерзімге халық сайлайтын, не болмаса өкілдік мекемелері құратын басқару формасы.

3.2.1. Президенттік республикалар — бұл мемлекеттерде президент парламентаризммен қатар мемлекет және үкімет басшысының өкілеттігін қоса атқарады.

3.2.2. Парламенттік республикалар — бұл мемлекеттерде мемлекеттік басқару билігіндегі елеулі орында парламент алады.

3.2.3. Аралас республика — бұндай басқару формасы бар елдерде президенттің өкілеттілігі парламенттің өкілеттілігімен тең дәрежеде болады, сондай-ақ президенттің әр бір атқарған ісі, үкіметті құруы немесе таратуы міндетті түрде парламенттің қатысуымен жүргізілуі қажет

3.3. Теократиялық монархия - отыр нақты дін ілімі сәйкес, діни жазбаларда айтылғандай ресми саясаты тікелей Құдайдың басшылығына, Құдайдың еркіне түсіндіру, бақыланады онда азаматтық үкімет формасы.

4. Мемлекеттің пайда болу теориялары:

4.1. Ең алғашқы теориялардың бірі ТЕОЛОГИЯЛЫҚ ТЕОРИЯ - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.(Аквинский, Жак Маритен т.б.)

4.2. Патриархалдық теория — мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. (Фильмер, Михайловский т.б.).

4.3. Органикалық теория — адам қоғамында табиғаттың объективтік даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен мемлекетті құрады. бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б.з. I V - III ғ.). Бірақ теория толық түрде XIX ғасырда қалыптасты. Өкілдері: Блюнчли, Г. Спенсер, Вормс, Прейс т.б.

4.4. Табиғи құқықтық теория - XVII — ХVII ғғ. қалыптасқан теория. Өкілдері: Г. Гроцкий, Т. Гоббс, Д. Локк, Ж.Ж Руссо, Б. Спиноза, А.И.Радищев т.б. Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады (бостандық, тендік, еңбек жасау т.б.)

4.5. Психологиялық теория — XIX ғ. бұл теорияны уағыздаған: Ч.Тард, Л.И. Петражицкий. Коғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі — бәрі келісіп ұжымдық түрде басқаруы.