Несие нарығы

Começar. É Gratuito
ou inscrever-se com seu endereço de e-mail
Несие нарығы por Mind Map: Несие нарығы

1. Бағытына байланысты несие: - тұтынушылық - өндірістік - саудалық - ауыл шаруашылық - инвестициялық - бюджеттік болып бөлінеді

2. Қызмет ету сферасына байланысты несие 2 түрлі болады: - негізгі қорлардың өндірісін кеңейтуде қатысатын ссудалар; - айналмалы қорларды ұйымдастыруға қатысатын несиелер.

3. Қолдану мерзімдеріне байланысты несие мерзімді және талап еткенде дейінгі болады. Мерзімді несие келесілерге бөлінеді: - қысқа мерзімді (1 жылға дейін) - орта мерзімді (1-3 жылға дейін) - ұзақ мерзімді (3 жылдан жоғары)

4. Несие нарығы - қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті несие ресурстары шоғырландырылатын, бөлінетін және қайта бөлінетін нарықтық қатынастардың аясы; түрлі төлем құралдарына сұраныс пен ұсыныс болатын нарық;

4.1. Несие нарығының инструменті несие болып табылады.

5. Функциялары: -Несие арқылы тауарлы нарыққа қызмет ету; -Шаруашылық жүргізуші субъектілердің, халықтың, мемлекеттің, сонымен қатар шет ел клиенттерінің ақшалай жинақтарын тарту; -Ақшалай қорларды тікелей ссудалық капиталға аудару және оны өндіріс процесіне қызмет ету мақсатында капитал салу түрінде пайдалану; -Мемлекеттік және тұтынушылық шығындарды жабу үшін капитал көзі болып табылатын мемелекет пен халыққа қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сонымен қатар қуатты қаржы-өндірістік топтардың құрылуына жәрдемдесу.

6. Банктік несиенің келесідей формалары бар:

6.1. Мерзімді несие – мерзім басында толық берілетін несие. Ол бойынша пайыздар несие сомасының барлық сомасына есептеледі, ал негізгі сома периодты жарналар түрінде несие мерзім соңында бірреттік төлеммен өтеледі

6.2. Овердрафт бойынша несие – мерзімсіз несие, ол бойынша қарызгер өз талабы бойынша базалық ставканы асатын келісім шарты бойынша ала алады.

6.3. Несие линиясын ашатын несие – банк қарыз алушының талабы бойынша несиені беру міндетті. Бұл несие бойынша банк белгіленген мерзімді несиені жаба алмайды.

6.4. Қайта жаңару несиесі – несие линиясы да, овердрафт та револьверді несие түрінде болу мүмкін, қарызгер белгіленген соманы қолданып, оны өтейді.

6.5. Сендициялық несие. Бұл несие бойынша келісім банкпен шаруашылық субъект арасында болады. Егер субъектке бір несие аз болса, ал банк өзіне қосымша несие бойынша тәуекелді алғысы келмесе, онда кәсіпорынға банк тобымен несие ұсынылады, яғни сендициялық несие.

6.6. Ипотекалық несие – алынатын тұрғын пәтер немесе жерді кепілге ала отырып, банктің беретін орта немесе ұзақ мерзімді несиесі