ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ЖӘНЕ ТАКТИКА Тукбаева Ляззат Максатовна

Get Started. It's Free
or sign up with your email address
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ЖӘНЕ ТАКТИКА Тукбаева Ляззат Максатовна by Mind Map: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ЖӘНЕ ТАКТИКА Тукбаева Ляззат Максатовна

1. Педагог пен әріптестері арасындағы қарым-қатынасындағы әдептілік кодексі

1.1. - Қатысқан ашық сабақты талдау барысында әуелі жақсы жақтарынан бастаңыз, бұл әріптесіңізге моральдік қолдау көрсеткеніңіз болады. - Егер, сіз сабақ беретін сыныпта оқушылар тапсырманы дұрыс орындамаса, тәртіптері нашар болса, онда оған оқушылар мен сынып жетекшісі, ата-аналар кінәлі емес, сәтсіздіктің себебін өзіңізден іздеңіз. - Есіңізде болсын: сіздің мейірімділігіңіз, дұрыс қарым-қатынасыныз, ортамен тіл табыса білуіңіз, іскерлік ынтымақтастыққа ұмтылуыңыз, жаңа бастамаларды қолдауыңыз-ұжымда жағымды ахуалдың және шығармашылық ортаның орнатылғаны.

2. Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр-сырын меңгермейінше, педагог ұстаздық шеберлікке қолы жетпейді. К.Д. Ушинский

3. Педагогикалық такт

3.1. Такт – қарым-қатынас жасауда тиімді өнеге құралдарын пайдалану.

3.2. Педагогикалық такт – оқушылармен қарым-қатынас жасауда, педагогтың адамгершілігіне негізделеді. Педагогикалық тактіні жақсы меңгерген педагог қолданылған тәрбие құралының күтпеген нәтиже беретінін де ескереді.

3.3. Педагогикалық такт – мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі мен педагогикалық шеберлігі.

4. Кәсіби такт келесі жағдайларда көрінеді:

4.1. болған жағдайды тез және дұрыс бағалауы, сонымен қатар оқушының тәртібіне байланысты қорытынды шығаруға асықпауы; - қиын жағдайға тап болса, сабырлық сақтап, сезімдерін тежей білуі;

4.2. талап ету икемділігі, оқушыларға деген мейірімділігі;

4.2.1. - оқушылардың жас ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жетік білуі; - өз ісіне баға бере алуы.

5. Оқушылармен тіл табысуда , оларға әсер етудің әр түрлі құралдары.

5.1. Адамдық қадір-қасиетті құрметтеу

5.2. Ықпал жасау шамасы.

5.3. Көңіл қалдырмау.

5.4. Оқушымен жеке әңгімелесу кезіндегі мінез-құлық

5.5. Педагогтық тактика

6. Педагогикалық этика

6.1. Балаларға деген сүйіспеншілік

6.2. Педагогикалық оптимизм

6.3. Кәсіби әділдік

6.3.1. someone about your topic?

6.4. Кәсіби жауапкершілік

7. Педагогикалық этика

7.1. Педагогикалық этика-педагогтың әріптестерімен, ата-аналарымен және оқушыларымен қарым-қатынас жасауда жалпыәдептік нормаларды басшылыққа алуы.

8. Педагогтың қасиеттері

8.1. Адалдық

8.2. Мейірімділік

8.3. Балалардың жетістіктеріне деген қызығушылық таныту және тұлға ретінде оларды құрметтеу.

8.4. Өз еңбегінің нәтижесіне деген жауапкершілік

8.5. Тәртіп сақтауы

9. Педагогикалық әдептің талаптары:

9.1. Жетістікке деген сенім;

9.2. Мұғалім мен оқушы арасындағы дұрыс қарым-қатынастың орнатылғаны;

9.3. Әр оқушыға мейірімді көзқарас;

9.4. Оқушылармен жағымды тілдесу;

9.5. Мұғалімнің сыртқы келбеті, киім үлгісі және сыныптағы ахуал.