Бухгалтерлік есептің тарихы
da Асемай Атагали
1. Кезеңдері
1.1. I. Тауарлы-ақшалай қатынастарының пайда болуынан бастап XVIII ғ. аяғына дейін; II. XVIII ғ. аяғынан XIX ғ. дейін; III. XIX ғ. соңы - XX ғ. басы; IV. XX ғ. бастап бүгінгі күнге дейін.
2. Бухгалтерлер елтаңбасы
2.1. 1946 жылы бухгалтерлердің халықаралық конгресі француз Ж.Б.Дюмарше ұсынған күннен, таразыдан және Бернулли қисығынан тұратын, әрі "Ғылым, сенім, тәуелсіздік" ұраны сызылған бухгалтерлердің елтаңбасын бекітті.
2.2. Күн - қаржылық әрекеттің жарық болуын, таразы - баланстық теңдікті, ал Бернулли сызығы - есептің бір кезде пайда болып, өмір бойы жүргізілетіндігін бейнелеген. «Есеп» термині құдайдың құпиясы мағынасында қаралған.
3. Ежелгі пікірлер
3.1. Ертедегі Египетте фараондар үйінің «бас бухгалтері» Неферхотеп бухгалтерлерді «Ақылы терең, жүрегі шыдамды, шындық іске қуанатын, әділетсіздікке сыртын көрсететін, қолы таза, жамандықты қуатын, шындықты жаза білетін, өтірікке бармайтын» деп жазып қалдырған.
3.2. Жазылған кітаптар мен ғылыми және тарихи мақалаларға сүйенсек, бухгалтерлік есеп тарихы алты мың жылды құрайды екен.
4. I. Тауарлы-ақшалай қатынастардың пайда болуынан бастап, XVIII ғ. аяғына дейін
4.1. Алғашқы сауда операциялары б.з.д. 3200 ж.саз кестелерде тіркелді.
4.2. 5000 жыл бұрын шоттар жүргізу әдісі, есеп объектілерін жүйелеудің жолдары, шығындар жұмсаудың сметасын жасау әдіснамалары пайда болды.
4.3. 1493 жылы Лука Пачоли "Арифметика сомасы, геометрия, пропорция мен олардың қатынасы туралы оқу" атты кітабын шығарды.
4.3.1. Осы кітаптың "Шоттар мен жазбалар туралы" тарауында алғаш рет екі жақты жазу туралы айтылады.