Сақтандыру нарығы

Iniziamo. È gratuito!
o registrati con il tuo indirizzo email
Сақтандыру нарығы da Mind Map: Сақтандыру  нарығы

1. Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.

1.1. Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлгіштік функция ретінде көрінуі. Сақтандыру кезінде қоғамдық өндіріс үдерісінде белгілі бір қауіп-қатердің болуымен байланысты ақшалай қайта бөлгіштік қатынастар пайда болады. Бөлу функциясы алдын алу функциясы, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі, яғни иіп әкелінеді. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі (иіледі).

1.2. Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін

1.3. Тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен – қолайсыз оқиғалардан болған залалдың орнын толтырумен байланысты

2. Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъекті болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайларда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушы немесе оның қайта бөлу үдерістерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға болады

2.1. Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушы-лардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыруды қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық залалды төлеу үшін мақсатты ақшалай қорларды құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы деп қараған жөн

3. б

3.1. Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты.

3.1.1. Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер (ерекшеліктер)оған тән болып келеді

3.1.1.1. Қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымдa мемлекеттік, өңірлік деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).

3.1.1.2. Қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымдa мемлекеттік, өңірлік деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).

3.2. Қазақстан аумағында сақтандыру алғаш рет Кеңес өкіметі орнағаннан кейін енгізілді. Бұл кезеңде сақтандыру мемлекеттік іске айналды. Сақтандыруды ұйымдастыру мен жүргізудің жаңа нысаны Халкомкеңестің “Мемлекеттік мүлікті сақтандыру туралы” 1921 жылы 6 қазандағы декретімен жүзеге асырылды. Қазақстанда 1926 жылы мемлекеттік сақтандыру ауыл-селода есепке алынған барлық шаруашылықтардың 34%-ын қамтыды

3.2.1. 1929 жылы КСРО ОАК пен Халкомкеңесінің қаулысына сәйкес мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкін ерікті сақтандыру міндетті сақтандырумен ауыстырылды, мұның өзі қоғамдастырылған сектордың мүлкін сақтандыруды арзандатып, кеңейтуге және оңайлатуға мүмкіндік берді. Сақтандыру ұжымшарлардың ұйымдық-шаруашылық жағынан нығаюына септігін тигізді. 1930 — 40 жылдары мемлекеттік сақтандыру ісінде елеулі өзгерістер болды.

3.2.2. 2000 жылы ҚР Ұлттық банкі Сақтандыруды қадағалау органдарының халықаралық қауымдастығына (ІAІS) толық құқылы мүше болып кірді. Сақтандыру ұйымдарының есебі мен қаржы есептілігінің жаңа стандарттары енгізілді, ІAІS ұсыныстарына сәйкес сақтандыру нарығын ұйымдастырудың жаңа қағидалары мен стандарттары әзірленді. 2000 жылы Қазақстан Республикасында 42 сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы болды, оның ішінде төрт ұйымға шетелдік сақтандыру компаниясы қатысады