Бағалы қағаздар нарығы, Қор биржасы

Laten we beginnen. Het is Gratis
of registreren met je e-mailadres
Бағалы қағаздар нарығы, Қор биржасы Door Mind Map: Бағалы қағаздар нарығы, Қор биржасы

1. Қатысушылары

1.1. эмитенттер; инвесторлар; қор делдалдары; бағалы қағаздар нарығы қызметін қамтамасыз етуші ұйымдар; реттеуші және бақылаушы мемлекеттік органдар.

2. Анықтамасы

2.1. Мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат.

3. Түрлері

3.1. Халықаралық және ұлттық;

3.2. ұлттық және аймақтық;

3.3. нақты бағалы қағаз түрінің нарығы (акция, обигация, және т.б.);

3.4. мемлекеттік және корпоративтік (мемлекеттік емес) бағалы қағаздар нарығы;

3.5. алғашқы және туынды бағалы қағаздар нарығы.

4. Бағалы қағаздар нарығының қызметін шамамен екі үлкен топқа бөлуге болады:

4.1. басқа нарықтарға тән жалпы нарықтық қызметтер

4.1.1. коммерциялық, яғни нарықта жүргізген операциялардан табыс алу; баға белгілеу, яғни нарықтық бағаларды қалыптастыру; ақпарат тарату, яғни сауда объектілері және оған қатысушылар туралы ақпарат шығарып, оларды нарықтың қатысушыларына жеткізу; реттеу қызметі, яғни нарықтық сауда жүргізу және оған қатысу ережелерін, қатысушылар арасындағы тартысты шешу ережелерін шығару, бірінші кезекте істелетін қызметтерді белгілеу, басқару органдарын бекіту.

4.2. ек өзіне тән ерекше қызметі

5. Бағалы қағаздар нарығы

5.1. ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған;

5.1.1. нарыққа қатысушылардың барлығының ережені орындауын қажет етпейтін бағалы қағаздардың айналысы. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы деген лицензиясы бар нарықтың кәсіби қатысушылар- делдалдардың нарыққа басқа қатысушылардың тапсырысы бойынша бекітілген ереже негізінде бағалы қағаздардың айналысын ұйымдастыруы.

5.2. биржалық және биржадан тыс;

5.2.1. бағалы қағаздармен сауда жүргізілетін қор нарығы ал биржадан тыс нарық – қор нарығынан тыс бағалы қағаздармен сауда жүргізу.

5.3. дәстүрлі және компьютерленген

5.3.1. Компьютерленген нарықтың дәстүрлі нарықтан ерекше екі белгісі бар: сатушы мен сатып алушының кездесетін белгілі бір орнының болмауы және екі жақтың өзара тікелей кездеспеуі. Сауда процесі және оған қызмет көрсету толық автоматтандырылған .

6. KASE қызмет көрсететін нарықтар:

6.1. шетел валюталары (соның ішінде валюталық своп операциялары);

6.2. Мемлекеттік бағалы қағаздар

6.3. Үлестік бағалы қағаздар( акциялар мен пайлар)

6.4. Корпоративтік борыштық бағалы қағаздар

6.5. Репо операциясы

6.6. Деривативтер

7. Қор биржасының қызметтері

7.1. Биржалық делдалдармен бағалы қағаздарды сату жолымен уақытша жинақталған және қорланған еркін ақшаларды жұмылдыру және шоғырландыру

7.2. Ел үкіметінің шығындар мен өндірісті қаржыландыруы және кредиттендіруі

7.3. Жалған капиталдың қалыптасуы және ұсыныс аен сұраныстың деңгейіндегі көрінетін бағаларды белгілеу, құнды қағаздармен болатын операцияларды шоғырландыру

8. Басты адамдары

8.1. Қабашев Мақсат Рахымжанұлы (президент) Сәбитов Идель Марсильұлы (бірінші вице-президент) Цалюк Андрей Юрьевич (вице-президент) Хорошевская Наталья Юрьевна (вице-президент)

9. Эмитент түріне байланысты

9.1. Муниципалдық бағалы қағаздар – бұл бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджеттен эмиссиланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады.

9.2. Мемлекеттік бағалы қағаздар – бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақсатан Республикасының заң актілеріне мемлекеттік сыртқы және ішкі қарыздарын қайтару мақсатында шығарылған.

9.2.1. Түрлері: - Ұлттық жинақ облигациялары; – Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ) – Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ)

9.3. Корпоративтік бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдардыдың заң күшіне сүйене отырып, өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызыметін жүзеге асыру үшін шығарылатын бағалы қағаздарын корпоративтік бағалы қағаздар деп атайды.

10. Бағалы қағаздарды жалпы екі топқа бөлінеді:

10.1. Ақшалай бағалы қағаздар – ақшаны қарызға алғандығын білдіреді. Бағалы қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады

10.2. Капиталды бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдардың қорын (капиталын) құру немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады.

11. Табысқа байланысты:

11.1. Қарыздық бағалы қағаздар – бағалы қағаздың бұл түрі бойынша эмитент көрсетілген уақыт барысында белгіленген пайыз көлемінде (процентімен) тиісті қарыздарын өтуге (төлеуге) міндетті.

11.2. Инвестициялық бағалы қағаздар – бағалы қағаздың бұл түрі иемденуші активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді

12. Шығарылу мақсатына байланысты:

12.1. Қорлы бағалы қағаздар – мұндай бағалы қағаздар қор биржаларында айналысқан түсіеді және көп мөлшерде эммиссияланады.

12.2. Саудалық бағалы қазаздар – бағалы қағаздың бұл түрі белгілі бір коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.

13. Экономикасы дамыған мемлекеттерде биржалар бірнеше түрге бөлінеді.

13.1. қор биржасы (бағалы қағаздар сатады);

13.2. Валюта биржасы

13.3. Еңбек биржасы

13.4. Тауар биржасы

14. KASE еншілес ұйымдары

14.1. "ИРБИС" Қаржы нарықтарының ақпараттық агенттігі" ЖШС – қаржылық нарыққа, соның ішінде биржалық ақпаратқа қатысты аөпаратты жинау, өңдеу және ұсыну, ақпараттық өнімдерді әзірлеу және жеткізу, бейінді қызметтер көрсету; "eTrade.kz" ЖШС – Биржаға арналған бағдарламалық қамтуды әзірлеу, қолдау және түрлендіру; Биржаға және өзге тұлғаларға ақпараттық технологиялар аясында басқа да қызметтер көрсету; "РТРС" ЖШС – резервтегі сауда-саттық орталығын құру және қызметін қамтамасыз ету.