ойын бизнесі салығы

Laten we beginnen. Het is Gratis
of registreren met je e-mailadres
ойын бизнесі салығы Door Mind Map: ойын бизнесі салығы

1. Төлеушілер

1.1. 1) казино;

1.2. 2) ойын автоматтары залы;

1.3. 3) тотализатор;

1.4. 4) букмекерлiк кеңсе қызмет көрсетулер жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар ойын бизнесi салығын төлеушiлер болып табылады.

2. Салық салу объектiсi

2.1. Ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде:

2.1.1. 1) ойын үстелi;

2.1.2. 2) ойын автоматы;

2.1.3. 3) тотализатор кассасы;

2.1.4. 4) тотализатордың электронды кассасы; .

2.1.5. 5) букмекер кеңсесiнiң кассасы;

2.1.6. 6) букмекер кеңсесiнiң электронды кассасы ойын бизнесiне салық салу объектiлерi болып табылады

3. Ойын бизнесіне салық ставкалары

3.1. Салық салу объектiсiнiң бiрлiгiнен ойын бизнесiне салық ставкасы:

3.1.1. 1) ойын үстелiне – айына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 830 еселенген мөлшерiн;

3.1.2. 2) ойын автоматына - айына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 30 еселенген мөлшерiн;

3.1.3. 3) тотализатор кассасына - айына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 125 еселенген мөлшерiн;

3.1.4. 4) тотализатордың электронды кассасына - айына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 125 еселенген мөлшерiн;

3.1.5. 5) букмекер кеңсесiнiң кассасына - айына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 75 еселенген мөлшерiн;

3.1.6. 6) букмекер кеңсесiнiң электронды кассасына - айына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 75 еселенген мөлшерiн құрайды.

4. Ойын бизнесi салығын төлеушiлердiң қосымша төлемi

4.1. 1. Қосымша төлем ойын бизнесi саласындағы қызметтен алынған табыстың сомасы төмендегі белгiленген табыстың шектi сомасынан асып түскен жағдайда есептеледi.

4.2. 2. Ойын бизнесi салығын төлеушiлер үшiн салық кезеңi iшiндегi табыстың шектi мөлшерi:

4.2.1. 1) казино қызметiнен - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң еселенген мөлшерiн;

4.2.2. 2) ойын автоматтары залы қызметiнен - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң еселенген мөлшерiн;

4.2.3. 3) тотализатор қызметiнен - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 25 00еселенген мөлшерiн;

4.2.4. 4) букмекер кеңсесi қызметiнен - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң еселенген мөлшерiн құрайды. Қосымша төлемдi есептеу және төлеу тәртiбi

5. Қосымша төлемдi есептеу және төлеу тәртiбi

5.1. 1. Қосымша төлем табыстың шектi мөлшерiнен асып түсетiн сомаға 15% ставканы қолдану арқылы есептеледi және ол есептi салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей төленуге жатады.

5.2. 2. Ойын бизнесi салығын төлеушiлер ойын бизнесi саласындағы қызметтiң бiрнеше түрiн жүзеге асырған кезде қосымша төлем ойын бизнесi саласындағы әрбiр қызмет түрiнен алынған табыстан бөлек есептеледi.

5.3. 3. Ойын бизнесi саласына жатпайтын кәсiпкерлiк қызметтiң өзге де түрлерiн жүзеге асыру кезiнде ойын бизнесi салығын төлеушiлер қызметтiң көрсетiлген түрлерi бойынша кiрiстер мен шығыстардың бөлек есебiн жүргiзуге және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпте бюджетпен есеп айырысу жүргiзуге мiндеттi.

6. Салық кезеңi

6.1. Ойын бизнесi салығы үшiн салық кезеңi күнтiзбелiк тоқсан болып табылады.

7. Салықты есептеу тәртiбi және төлеу мерзiмi

7.1. 1. Ойын бизнесi салығын есептеу әрбiр салық салу объектiсiне тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы жүргiзiледi.

7.2. 2. Салық салу объектiлерi айдың 15-iне дейiн пайдалануға берiлген кезде, ойын бизнесi салығы белгiленген ставка бойынша, 15-iнен кейiн белгiленген ставканың 1/2 мөлшерiнде есептеледi.

7.2.1. Салық салу объектiлерi айдың 15-iне дейiн шығып қалған кезде, ойын бизнесi салығы белгiленген ставканың 1/2 мөлшерiнде, 15-iнен кейiн белгiленген ставка бойынша есептеледi.

7.3. 3. Ойын бизнесi салығы есептi салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей салық салу объектiлерiнiң тiркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.

8. Салық декларациясын табыс ету мерзiмi

8.1. Ойын бизнесi салығы бойынша декларация есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына табыс етiледi. Ойын бизнесі салығын есептеу және төлеу реті