Laten we beginnen. Het is Gratis
of registreren met je e-mailadres
ҚҚС Door Mind Map: ҚҚС

1. Жанама салықтар

1.1. Жанама салықтар – бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушілердің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес.

1.1.1. Оларды саналы пайдалану баға белгілеу процесіне оңтайлы ықпал жасауы және тұтыну құрылымына әсер етуі мүмкін.

2. заң

2.1. “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер” туралы ҚР-ң кодексі бойынша қосылған құнға салынатын салық деп тауарларды өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған,оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ ҚР-ң аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды айтады.

3. Салық салынатын айналым мөлшері

3.1. Салық салынатын айналым мөлшері, оған қосылған құн салығын қоспай, мәміле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, өткізілген тауарлар құны негізінде анықталады

3.1.1. Өткізілген тауарлардың құны қандай бір өзгеріске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі.

3.1.2. ҚР-ң кеден заңнамасына сәйкес мағлұмдамалануға тиісті, Қазақстан аумағына әкелінетін және әкелінген тауарлар қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда салық салынатын импорт болып табылады.

4. төленуі

4.1. Қосылған құнға салынатын салық мөлшерлемесі 12 пайызға тең және салық салынатын айналым мөлшеріне қолданылады.

4.2. Экспортқа тауарлар өткізу бойынша айналымға, халықаралық тасылымдарға байланысты орындалатын жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынады.

4.3. Кеден заңнамасына сәйкес ҚР-ң кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады.

5. объектілері

5.1. 1) салық салынатын айналым;

5.2. 2) салық салынатын импорт қосылған құн салығы салынатын объектілер болып табылады.

6. Тауарларды өткізу бойынша айналым

6.1. 1) тауарға меншік құқығын беруді, оның ішінде:

6.1.1. тауарды сатуды;

6.1.2. кәсіпорынды тұтастай мүліктік кешен ретінде сатуды;

6.1.3. тауарды тиеп-жөнелтуді, оның ішінде басқа тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге айырбастауды;

6.1.4. тауар экспортын;

6.1.5. тауарды өтеусіз беруді;

6.1.6. жұмыс берушінің тауарды қызметкерге жалақы есебінен беруін;

6.1.7. кепiл берушiнiң кепiлге берiлген мүлiктi (тауарды) борыштың төленбеуi жағдайында беруiн;

6.2. 2) тауарды бөліп-бөліп төлеу шартымен тиеп-жөнелтуді;

6.3. 3) мүлікті қаржы лизингіне беруді;

6.4. 4) тауарды комиссия шарты бойынша тиеп-жөнелтуді;

6.5. 5) бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде қайтаруды білдіреді.

7. айналым емес

7.1. 1) мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру;

7.2. 2) жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүлікті қайтару;

7.3. 1) тауарға меншік құқығын беруді, оның ішінде:

7.4. 3) бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тауарды беру не сыйға тарту күнiне қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінен аспайтын тауарды жарнамалық мақсатта өтеусіз беру не сыйлау;

7.5. 4) тапсырысшының мердігерге дайын өнімді мердігердің дайындауы, қайта өңдеуі, құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеуі және (немесе) объектілер салуы үшін алыс-беріс тауарларын тиеп-жөнелтуі.

7.6. 5) қайтарылатын ыдысты тиеп-жөнелту.

7.7. 6) бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде қайтаруды қоспағанда, тауарды қайтару;

7.8. 7) егер мұндай әкету Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес «Тауарларды уақытша әкету» кеден режимімен ресімделсе, шартта белгіленген талаптар мен мерзімдерде қайта алып келуге жататын тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткізу үшін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкету;

7.9. 8) жер қойнауын пайдаланушы жаңадан құрған және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы сатып алған, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды орындау үшін пайдаланған және жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасына беруге жататын мүлікті жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының меншігіне беруі;

7.10. 9) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы;

7.11. 10) қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның негізгі құралдарын, материалдық емес активтерін және өзге де мүлкін оның құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына) беруі;

7.12. 11) концессия объектісін концедентке беру, сондай-ақ концессия объектісін концессия шарты шеңберінде пайдалану үшін кейіннен концессионерге (құқықтық мирасқорына немесе тек қана концессионердің концессия шартын іске асыру үшін арнайы құрған заңды тұлғаға) беруі;

7.13. 12) егер жеке тұлғаның жеке мүлкі кәсіпкерлік қызмет мақсатында пайдаланылмаса, осы тұлғаның осындай мүлікті өткізу бойынша айналымы;

7.14. 13) сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының мүлікті сенімгерлікпен басқарушыға беруі;

7.15. 14) сенімгерлікпен басқару туындауының негізі болып табылатын құжаттың қолданылуы тоқтатылған кезде сенімгерлікпен басқарушының мүлікті қайтаруы;

7.16. 15) сенімгерлікпен басқарушының сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табысты мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысына немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушыға беруі өткізу бойынша айналым болып табылмайды.

8. салық салынбайтын айналым

8.1. 1) Кодекске сәйкес қосылған құн салығынан босатылған;

8.2. 2) өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым салық салынбайтын айналым болып табылады.

9. салық кезеңі

9.1. Күнтізбелік тоқсан

10. тарих

10.1. Жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы 1992 жылы енгізілген қосылған құнға салынатын салық – ҚҚС болып табылады.

10.1.1. Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нәтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салықты төлеуді сатып алушыға аударады.

11. объект

11.1. материалдық шығындарсыз өндірілген өнім (амортизациясы бар таза өнім) болып саналатын қосылған құн болып табылады:қосылған өнімге кешенді шығыстар, мысалы, жарнамаға жұмсалатын және басқа бірқатар шығындар кіріктірілуі мүмкін.

11.2. салық салынатын айналым

11.3. салық салынатын импорт