Бухгалтерлік есептің тарихы

Get Started. It's Free
or sign up with your email address
Бухгалтерлік есептің тарихы by Mind Map: Бухгалтерлік есептің тарихы

1. Қүжаттар өз міндеттеріне қарай кірістік және шығыстық болып екіге бөлінді. Ертедегі бухгалтерияда «дебет» және «кредит» категориялары қолданылмады.

1.1. Қайта бағалау мақсатында немесе қүндылықтарды бір өлшемге келтіру үшін арнайы термин «кар»1 қолданылды

1.2. Бухгалтерлік есеп зерттеушілерінің мәліметтеріне қарағанда есеп регистрларына жазылған жазулар екі қатарға жазылыпты. Кірістік фактылар регистрдың оң жағына, ал шығыстық фактылар сол жағына жазылған.

2. ХІІІ-ХУ ғасырларда Италияда ұлы математик және қазіргі есептің қалаушысы Лука Пачоли (1445-1517) есептің маңызын ашып, дамытуға жол салды.

2.1. 1493 жылы Лука Пачолидің «Арифметика сомасы, геометрия, пропорция мен олардың қатынасы туралы оқу» деген кітабінің ХІ тарауында «Шоттар мен жазбалар туралы» бірінші рет қос бухгалтерия жөнінде жазылды

2.2. Лука Пачоли математика мен бухгалтерияның тарихына жер жүзінде екі жақтылық принциптің негізін қағазға түсіріп жазған ғалым ретінде танылды. Алайда кейбір тарихи деректерге сүйенсек кептеген ғалымдардың келісілген түжырымдарына қарағанда бухгалтерлік есептегі екіжақтылық жазу Лука Пачолидің жазған трактатынан бүрын едәуір ертеректе пайда болса керек.

3. Ерте заманда, шамамен 12 — ші ғасырда, баніктер атқаратын міндеттерді шіркеулер және сауда қоғамы атқарған. Банктегі қаражаттар екіге: негізгі және айналымдағы капитал болып бөлініп қаралған.

3.1. Негізгі капитал есебінен қаражат алушы жақтарға пайыздық несиелер беріліп, ал айналым капиталының есебінен көпестер операцияларының ағымдағы шығындары жабылып отырған.

4. Бухгалтерлік есептің қалыптасу кезеңдері:

4.1. Ежелгі дүние

4.2. Ортағасырлық

4.3. — Ренессанс пен қосарлы бухгалтерияның пайда болуы.

4.4. — Ғылымның пайда болуы. XIX г. екінші жартысы.

4.5. — XX ғ. — бухгалтерлік есептің үдемелі (интенсивті) дамуы.

5. Греция мен Римде балауыз кестелер, мыс тақталар, кенеп, пергамент , папирус пайдаланылды. Галияда керамикалық тас тақталар мен қыш сынықтары, Перуде жіптер колданылды.

5.1. Б.з.д. 3200 ж. саз кестелерде алғашқы сауда операциялары тіркелген. Ертедегі Мысырдағы папирустар хронологиялык тіркеудің дамуына жол ашты. Осыдан бес мың жыл бұрын есеп жүргізу үшін піл сүйегінен жасалған кестелер қолданылды.

6. Ең әуелі Египетте бүдан соң Ертедегі Римде банктер пайда болды. Банктердің пайда болуына қарай банк жүйесіне тән жаңа терминдер қолданыла бастады. Мысалға кредит дейтін латын сөзі «бар» немесе «салған ақшасы бар» деген үғымды білдіретін болды. Кредит сөзі Римдіктерден орта ғасырдағы Италияға, одан Европаға,одан соң басқа елдерге өтіп, 1-ші Петр кезінде Россияда пайдалана бастаған екен.

6.1. Тарих мәліметтеріне қарағанда, банктер бухгалтериясы негізінен Ертедегі Римде дамыған. Мүндағы банк бухгалтериясының даму тәжірибесінің өркендеуіне, әсіресе қаржылық есеп айырысуларды тиісті заң актілерімен реттеп отыруға байланысты бухгалтерлік есеп дами бастады.

7. Ортағасыр дәуірінде негізінен екі бағыттағы: камералдық және қарапайым бухгалтерия қалыптасқан.

7.1. Камералдық бағыттағы бухгалтерияда есеп объектісіне тән кассалық және кассаға түсетін ақша мен кассадан төленетін ақшалар есебі жүргізілген.

7.1.1. Қарапайым бухгалтерияда барлық мүліктер есебін жүргізу мен қатар, кассаның толық есебінде күнделікті жүргізіліп, табыстар мен шығындар есебі бухгалтерлер үшін ең негізгі объектілер болып танылған.