
1. Топтық немесе жеке болуы мүмкін
2. Практикалық тапсырмалар
2.1. Студенттің лекция барысында және өзіндік жұмыс барысында алған білімдерін дамытуға ықпал ететін, теория мен практиканың байланысын қамтамасыз етеді.
2.1.1. ЕРЕКШЕЛІГІ: білім алушылар қызметінің айқын тәжірибелік бағыттылығы
2.1.1.1. Тапсырмалар жүйесі: бақылау-тапсырмалар, оқу-жаттығу сипатындағы тапсырмалар,жеке кәсіби қасиеттер рефлексиясына арналған тапсырмалар
3. Семинарлар
3.1. Студенттің өз бетінше оқуынан тұратын, реферат не баяндама, т.б. түрінде материалдарды рәсімдеуден тұратын оқу процесін ұйымдастыру нысаны.
3.1.1. ЕРЕКШЕЛІГІ: теориялық мәселелерді талқылаудың жоғары деңгейі, ұйымдастырушылық жұмыс көлемінің артуы.
3.1.1.1. Тапсырмалар жүйесі: әңгіме, семинар-диспут, пікірталас, ойлау дербестігіне арналған жаттығулар, коллоквиум, жазбаша бақылау жұмыстары, т.б.
4. СӨЖ
4.1. Студенттің танымдық іс-әрекетінің әртүрлі нысандарын, аналитикалық қабілеттерін, оқу еңбегін тиімді ұйымдастыру біліктері мен дағдыларын, оқу материалын шығармашылық қабылдау мен ұғынуды дамытатын оқытуды ұйымдастырудың нысаны.
4.1.1. ЕРЕКШЕЛІГІ: студенттің дербестігі, қарастырылған мәселе бойынша жеке көзқарастың қалыптасуы.
4.1.1.1. Discovery Learning, Independent Study, Self-Directed Learning
5. Деңгейлік тапсырмалар
5.1. Студенттерге өз таңдауы бойынша, өздері үшін "сәттілік баспалдағын" құруға және алынған білімдерді болжауға, кешендік тексеруге, білімді шығармашылық қолдануға мүмкіндік береді.
5.1.1. ЕРЕКШЕЛІГІ: пәнге деген қызығушылықтың артуы, білім сапасының артуы, білім алушының жекебастылығын (индивидуальность) сақтайды және т.б.