Get Started. It's Free
or sign up with your email address
ЕЛ by Mind Map: ЕЛ

1. ел отарлаудан кейін

1.1. Елі де тұтас, жері де тұтас қазақ халқын Ресей отаршылдары ұзақ жылдар бойы тәлкек етіп келсе «өз билігіңді өзіңе беремін» деген Кеңес үкіметі де алаштың жерін, елін біріктіруге келгенде неше түрлі құйтырқыға басты. Ең әуелі большевиктер қазақ ұлтының бірлігін, тәуелсіздігін, еңселі егеменді мемлекеттігінің туын көтерген Алаш Орда өкіметін жойды,аяулы азаматтарының көзін құртты. Содан кейін барып Ресейдің ашса алақанынан, жұмса жұдырығынан шыға алмайтын қазақ автономиясын құруға келісім берді. Елде тап тартысының, яғни кедей шаруалар мен ауқатты топтардың арасындағы қайшылықтың күшеюі, қазақ шаруаларының отаршылдық саясатқа қарсы күресі барысында іске асты. Орыс мемлекетінің отарлау саясаты қазақтың ел басқару ісіне қойған адамдарының небір өрескелдіктерді істеуіне жол ашты. Олар алым-салықты көбейтіп, патша әкімшілігінің, жергілікті өкімдердің пайдасына халықтың малын, қаржысын алып, өздерін бет қаратпай бағынышты етіп ұстағысы келді, Ал, қазақ шаруалары өздерінің адамдық құқын пайдаланып, біз де бір атаның ұрпағымыз деп зорлық-зомбылыққа көнгісі келмеді, әділдік пен адалдықты көргісі келді. Міне, осыдан келіп, қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы басталды.

2. ел отарлаудан бұрын

2.1. Саяси

2.1.1. қазақ халқы үшін күрделі сыртқы саяси жағдайымен ерекшеленді. Қазақ хандығының саяси таңдауына солтүтік пен батыстан – Ресей мемлекеті, шығыстан-жоңғарлар, оңтүстіктен-ортаазиялық хандықтар әсер етті. Мұнымен қатар қазақ қоғамының ішкі саяси жағдайы тығырыққа тірелді: Көшпелілер арасындағы алауыздық, орталыққа бағындырудың күшеюі, руаралық қақтығыстардың жиілеуі, билік үшін күрес. Феодалдар арасындағы соғыстар мемлекеттің экономикалық негізін бұзды, оның материалдық ресурстарын әлсіретті және адам шығынын ұлғайтты

2.2. Қоғамдық

2.2.1. Тәуке хан (1652-1715жж.) басқарды. Оның басқарған кезеңі Қазақ мемлекеті үшін алтын ғасыр болып саналады. Өйткені, тыныштықта өмір сүрді, тәртіп болды, заңдар мен әділ сот қызмет жасады.Бұл аталған кезеңде қазақ жүздері солтүстікте Тобылдан Ертіске дейінгі, шығыста Жоңғар Алатауындағы Сарыемел өзеніне дейінгі, батыста Еділге дейінгі ұлан-ғайыр аумақты жайлады. Бұл уақытта қазақ жүздерінің ішкі саяси және экономикалық жағдайлары салыстырмалы түрде алғанда тұрақты болды. Ішкі ауызбірліктің арқасында елдің тұтастығы сақталды. Тәуке хан билікте тұрған кезде қазақтар Сырдария өзені бойына 32 қала тұрғызды. Оның негізгі тұрағы Түркістан қаласы болды. Хан кеңесінің мүшелері қарапайым адам құқығының аса білгірлері өз кезеңінің атақты шешендері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би болды.

2.3. Экономика

2.3.1. әлеуметтік — экономикалық жағдайы бір қалыпты болды.Қазақтардың шекара өңіріндегі орыс елімен сауда байланысының дамуында малдың жекеленген біртіндеп ішкі сауда дами бастады, бірақ ол негізінен айырбас түрінде болды. Айырбас саудасы тек қана рулар арасында ғана емес қазақ жүздерінің арасында да жүрді, ал кей жерлерде ақшаға да сауда жасалды. Айырбас сауданың дамуы барысында Қазақстанда несие сауда қатынасы кең қанат алды. Көпестер мен Сібір казактары заттарды қазақтарға несиеге әкеліп беріп, көп жағдайда оларды алдап кетіп отырды. Қазақтар арасында арнайы сауда серіктестіктерін құрып, жоғары өсіммен несиеге ақша беріп отырған арнайы саудагерлер де пайда болды.