Дезинфекциялау құралдарын дайындау

Get Started. It's Free
or sign up with your email address
Дезинфекциялау құралдарын дайындау by Mind Map: Дезинфекциялау құралдарын дайындау

1. Залалсыздандырудың технологиялық барысы мынандай кезеңдерден тұрады: 1)Медициналық құрал жабдықтарды зарарсыздандыру. 2)Залалсыздандыруға дейінгі тазалау. 3)Стерилизаторға материалды дайындау және жайғастыру. 4)Залалсыздандырудың өзін жүргізу. 5)Залалсыздандыру сапасын бақылау. 6)Залалсыздандырылған материалдарды сақтау. 7)Құрал-саймандарды стерилизация алдында тазалау

2. Залалсыздандыру алдындағы тазалау кезеңдері

2.1. І кезең. Медициналық саймандарды қолданып болғаннан соң 1% лизоформин (дез ерітінділердің басқа да түрлері) ерітіндісіне 22˚С 1 сағатқа салып қоямыз. ІІ кезең. 1 сағаттан соң медициналық құрал -саймандарды ағып тұрған судың астында 30 секундтан жуамыз. ІІІ кезең. Медициналық құрал -саймандарды жуғыш ерітіндіге 15 минут салып қоямыз. IV кезең. Жуғыш ерітіндінің ішінде құрал -саймандарды мақталы тампонмен инелерді мандренмен тазалаймыз. V кезең. Медициналық құрал -жабдықтарды жуғыш ерітінділерден алып, ағып тұрған судың астында жуып шаямыз. Жасалынып болғаннан кейін медициналық құрал- жабдықтардың тазалық сапасын тексереміз.

3. Медициналық саймандарды мен операциялық жаймаларды дайындау және бикске орналастыру

3.1. Биксті, халаттарды, жаймаларды, таңғыш материалдарды дайындаймыз; Бикстің ақаусыздығын тексереміз; Бикстің ішін 2 рет сүртеміз; Бикстің ішіне жайма төсейміз: Бикске біріңғай материалдан жасалынған заттарды саламыз; Халаттарды, жаймаларды, орамалды, салфеткаларды, мақта шариктерін т.б Бикске тек қана залалсыздандыруға дайын материалды қатаң тәртіппен саламыз;

3.2. Бикске салынатын материалдардың саны белгіленген болуы керек; Таңу материалдарын 10 дана етіп, орам түйіншегімен саламыз: Дәкелі шариктерді 50-100 дана етіп, дәкелі түйіншекке саламыз; Бикстің ішін спиртті салфеткамен өңдеп аламыз; Сосын жайманы төсейміз, материалдарды салып, жайманың шеттерімен үстін жабамыз, арасына бу кіріп, жақсы зарарсыздандыру үшін бос етіп саламыз; Материалдарды жайғастырған кезде вертикальді және қатарымен салуды қадағалау керек; Бикстің қақпағына индикатор қағазын саламыз;

4. Дезинфекция (зарарсыздандыру) – қоршаған ортадағы инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын жою. Дезинфекция кезінде микроорганизмдердің вегетативті түрлері ғана жойылады.

5. Стерилизация дегеніміз медициналық құрал жабдықтардағы микроорганизмдерді және оның спораларын, токсиндерін түбегейлі жою.

6. Медициналық құрал- саймандарды залалсыздандыру алдындағы тазалығын тексеру (көзге көрінбейтін қанды жуғыш ерітінділерді, дәрі – дәрмектерді, тат басқанды)

6.1. Азопирам сынамасы Мақсаты: медициналық құрал-саймандарда гемоглобин, жұғыш ерітінді, құрамында хлоры бар заттарды, тат басқан жағдайлардан, дәрілік заттардан тазалау сапасын бақылау. Жабдықталуы: азопирамды реактив: 100мл амидопирин 1 мл тұзқышқылды анилинды құрғақ ыдыста араластырып, 1л дейін 96% спиртпен араластыру; 1% азопирамның спиртті ерітіндісі және 3% сүтегінің асқын тотығына арналған пипетка; астауша мақта шариктерімен, құрал-саймандар (бақылауға алынатын). Міндетті шарттар: жаңа дайындалған 1% азопирамның ерітіндісін 2 сағат ішінде қолдану; азопирамды сақтау мерзімін бұзбау: жабық ыдыста 4˚С температурада 2 ай сақтау

7. Фенолфталеин сынамасы Бұл тексерістің көмегімен шприцтердің жуып-шайылғанын анықтауға болады. Жуылған шприцтердің бөлшектерін 1% спиртті фенолфталеин ерітіндісіне суланған мақтамен сүртеді. Жуу ерітіндісінің қалдығында 30 секунд ішінде көкшіл-күлгін түс пайда болады. Егер тексеріс оң болса, ағынды суық су астында қайтадан қайталау керек. Ескерту! Прогресс «Биолот» жуу заттарын қолданғанда фенолфталеин тексерісі қолданылмайды.