Іш киім ауыстыру

Орындаған: Ташкараева Камила

Get Started. It's Free
or sign up with your email address
Іш киім ауыстыру by Mind Map: Іш киім ауыстыру

1. Ескерту: Қатаң төсек тәртібінде жатқан науқасқа түймесіз кең жейде кигізіңіз. Кеуде торының алдын жауып алдымен абайлап бір қолына, содан кейін екінші қолына кигізіңіз. Оның төсектегі қалпын өзгертпей, кең жейденің бос қалған екі жағын науқастың кеуде торының екі жағы бөлімдерінің астына қайырып қояды.

2. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшара мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. 2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. 3. Өзіңіздің сол қолыңызды науқастың арқасының астына салыңыз. 4. Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін көтеріңіз. 5. Ластанған жейденің етек жағынан жинап, оны қолтық асты аймағына және желкесіне дейін шыйыршықтаңыз. 6. Науқасты сүйемелдеп тұрып ластанған жейдені басынан асырып шешіп алыңыз. 7. Науқасты жастықтарға жатқызып, екі қолын жейденің жеңдерінен босатыңыз (егер қолының біреуі жарақаттанған болса, онда жейдені алдымен сау қолдан, содан кейін ауру қолдан шешіңіз). 8. Таза жейденің жеңдерін қолдарына кигізіңіз (егер қолының біреуі жарақаттанған болса, онда алдымен жарақаттанған қолға, содан кейін сау қолға кигізіңіз). 9. Жейдені басынан өткізіңіз және оны бойымен жазыңыз. 10. Науқасты жастықтарға жатқызыңыз, кеудесіндегі жейдені түзетіңіз. 11. Ластанған жейдені клеенка қапқа салыңыз. 12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

3. Мақсаты: Науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

4. Дайындау керек: Таза іш киім жиынтығын, ластанған киімдерді салуға арналған клеенка қапты.

5. Жағдайы ауыр науқасты киіндіру: 1. Таза жейдені арқасында жинаймыз 2. Ауру қолына жеңін кигізіп, содан кейін сау қолын кигіземіз 3. Қолдарын кеудесіне қойып, оң қолымен науқасты демеп және сол қолымен жейдені мойын тесігінен басы арқылы кигіземіз 4. Төменге дейін жейдені жазамыз.