Инклюзивті білім беру

Get Started. It's Free
or sign up with your email address
Инклюзивті білім беру by Mind Map: Инклюзивті білім беру

1. толыққанды білім алу

1.1. ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларға білім беру процесіндегі кедергілерді жою негізінде оқыту мен оқу ортасын жетілдіру арқылы тең мүмкіндіктер жасауды көздейді

1.2. Н.М.Малофеев бойынша, инклюзивті білім беруді ұйымдастыру мектепке дейінгі кезеңде ең нәтижелі.

2. Саламанка декларациясы

2.1. «Жалпыға бірдей білім» бағдарламасына сәйкес 1994 жылы Саламанка қаласында (Испания) ЕББҚ балаларға білім беруді дамытуға арналған бүкіләлемдік конференция болды. Конференция соңында Саламан декларациясы жасалды. Соған сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай: Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс. Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады. Білім беру жүйесіне оң өзгерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.

3. Барлық адамдардың тең құқылы болу принципі

4. негізгі идеясы қоғам өміріне бейімдеу және кіріктіру

4.1. білім жүйесіне енуге бала дайындалмау керек, керісінше, жүйе кез-келген баланы қабылдауға дайын болу керек.

5. баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау

6. Білім беру жүйесінің дамуы «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілген.

7. Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға: - мүмкіндіктері шектеулі балалар; - мигранттардың, оралмандардың, босқындардың, саны аз ұлттар отбасыларынан шыққан балалар; - қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар (жетім балалар, девиантты мінез-құлықты балалар, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен отбасынан шыққан балалар)