Каспий маңы ойпаты

Get Started. It's Free
or sign up with your email address
Каспий маңы ойпаты by Mind Map: Каспий маңы ойпаты

1. сипаттамасы

1.1. Каспий теңізінің атырауларын қоса, солтүстік және оңтүстік-шығыс жағалауларын қамтитын экорегион.

2. шаруашылыққа пайдасы

2.1. Қар жамылғысының жұқа түсуі қысқы мал жайылымына қолайлы.

2.2. Көлдете суғару жемшөптен мол өнім алуға мүмкіндік береді.

2.3. Еділ – Ақтөбе жайылмасында бау-бақша, техникалық дақылдар және күріш егіледі.

3. жер бедері типі

3.1. Каспий маңы ойпатының жер бедері теңізден қалған қалыңдығы 1 км-ге дейін жететін беткі қабаты құм, шөгінді саз жыныстары қабаттарынан қалыптасқан.

3.2. Тегіс жазықтың үстінде жеке тұз күмбезді қыраттар кездеседі.

3.3. Шығысында Жем өзеніне дейін бор төбешіктері таралған.

4. шектесетін физ-географиялық нысандар

4.1. Шығысында Үстірт және Маңғыстау тауларының етегімен шектеседі.

4.2. Батысында Ергене қыратымен шектеледі.

4.3. Солтүстігінде Жалпы Сырт қыратымен шектеседі.

5. географиялық орны

5.1. Ресей мен Қазақстанның ішкі аумағында 300 км-ге дейін созылып жатыр.

6. климаты

6.1. Климаты қатаң континенттік.

6.2. Жазы ыстық әрі құрғақ.

6.3. Аңызақ жел жиі қайталанады.

6.4. Аймақта жауын-шашын мөлшері салыстырмалы түрде аз мөлшерде түседі.

7. табиғат зоналары

7.1. шөлейт

7.2. шөл

8. флора және фауна

8.1. флора

8.1.1. Солтүстігінде жусанды-бетегелі, оңтүстігінде жусанды-сораңды өсімдіктер басым.

8.2. фауна

8.2.1. Жануарлардан ұсақ кеміргіштер – сарышұнақ, қосаяқ, аламан тышқаны, т.б. жиі кездеседі.

8.2.2. Еділ мен Жайықтың аралығындағы құмдарда ақбөкен, қарсақ кездеседі.

8.2.3. Еділдің жағалауы су құстарына бай.