Болон процесінің тарихы

Болон процесінің тарихы - интелектуалды карта Максат Айдана

Get Started. It's Free
or sign up with your email address
Болон процесінің тарихы by Mind Map: Болон процесінің тарихы

1. 2001 жылы министрлер Прагада бас қосты, 2003 жылы – Берлинде кездесті. Берлин конференциясы барысында Болон Декларациясына қол қойған елдер саны, Ресейді қоса алғанда қырыққа жетті.

2. дамуы: Болон Декларациясынан кейін.

2.1. Бұдан әрі еуропаның білім министрлерінің кездесулері тұрақты түрде өте бастады және әр кездесу сайын Болон процесі қатарына жаңа елдер қосылатын болды.

2.2. Төртінші кездесу Норвегияның Берген қаласында 2005 жылдың мамыр айында өтті. Ол жерде Болон процесіне енуге Украинамен бірге бұрынғы Кеңес Одағының бес елі құлық танытты.

2.3. Бесінші кездесу 2007 жылы Лондонда, ал алтыншысы – 2009 жылы Левен/ Лувен-ла-Невада, жетіншісі – 2010 жылы Будапештте, сегізіншісі – 2012 жылы Бухарестте орын алды. Қазақстан Болон Декларациясына 2010 жылы қол қойды.

3. Орындағандар:Қосаева Лиза,Жалмаханова Жайна, Абаева Камила,Мақсат Айдана

4. Олар қабылдаған, «Еуропалық жоғары білім аймағы» декларациясы салыстырмалылыққа жеткізетіннегізгі мақсаттарды және Еуропа елдеріндегі жоғары білімнің ұлттық білім беру жүйелерін үндестіруді анықтады.

5. 2010 жылы аяқталуы тиіс Болон процесі осы декларациядан бастау алады.

6. алғышарт: Университеттердің Ұлы Хартиясынан (1988 ж.) Болон Декларациясына дейін;

6.1. Ал 1999 жылы Magna Charta отаны Болоньяда тарихи жағдай орын алды, білімге жауапты отыз еуропалық министрлердің Бірінші конференциясы өтті.

6.2. Еуропалық университеттер қауымдастығын және жоғары білімнің бірегей еуропалық кеңістігін құру идеясын Итлиядағы және жалпы Еуропадағы ең ежелгі Болон университеті ұсынып отыр.

7. басталуы: Болон Декларациясы (1999 ж.);

7.1. Олар қол қойған «Жоғары білімнің еуропалық жүйесінің сәулетін үйлестіру туралы» Сорбон декларациясы алғашқы рет еуропалық жоғары білім аймағын жасаудың стратегиялық мақсатын дәлелдеді және оқиғалардың бұдан әрі дамуын жеделдетті.

7.2. Біртіндеп еуропалық жоғары білімнің ықпалдасу үдерісі университет деңгейінен мемлекеттік деңгейге көтеріле бастады.

7.3. 1998 жылы Париждегі әлемге әйгілі Сорбон университеті қабырғасында мерейтой барысында 4 елдің білім министрлері (Франция, Ұлыбритания, Германия, Италия) кеңесі болып өтті.