Get Started. It's Free
or sign up with your email address
:white_ by Mind Map: :white_

1. Мектептегі ГЗЖБ бар баланың негізгі мәселелері

1.1. шамадан тыс ұтқырлық

1.2. сабақтың мазмұнына көңіл бөле.алмау

1.3. -

1.4. алаңдаушылыққа қолайсыз реакция

1.5. эмоцияны басқара алмау

1.6. Алаңдаушылық

1.7. іс-қимыл бағдарламасын өз бетінше құра және орындай алмау

1.8. бақылау және емтиханға дайындаудағы қиындықтар

1.9. уақыт шектеулерін сақтаудағы қиындықтар

2. ГЗЖБ диагностикалау

2.1. Бар белгілерге қарай осы диагноздың үш нұсқасы айқындалған 

2.1.1. -

2.2. Зейіннің жетіспеушілігісіз гипербелсенділік.

2.3. Гипербелсенділіксіз зейін жетіспеушілігі (бұл көбіне қыздарда байқалады, олар байсалды, тыныш, қияли болады).

2.4. Гипербелсенділік пен зейіннің жетіспеушілігі  

2.5. Бұдан басқа  бұл диагноздың қарапайым және күрделі түрі болады. Егер осы белгі бірінші жағдайда тек зейінсіздікпен және гипербелсенділікпен сипатталса, екінші жағдайда осы  белгіге бас аурулары, дене тартулары, кекештену, ұйқының бұзылуы секілді  қолайсыз бұзушылықтар қосылады. 

3. Гипер белсенді балалармен жұмыс жүргізуде келесі жағдайларды ескеру қажет:

3.1. -

3.2. Екіншіден – баланың шамасы келмейтін, күші жетпейтін нәрселерді талап етуге болмайды, ол қарсылыққа апарады. Ал ең ұнамсызы – баланың тәртіпсіз мінезі. Әсіресе агрессия пайда болады.

3.3. Біріншіден – баланың «дегенімен» жүрмеу, бетімен жіберу – баланың тынымсыздығын күшейтеді.

3.4. Гипербелсенді балаларды тәрбиелеуде жағымсыз әдістердің балаға әсер етпейтінін ескеру қажет. Бұл балалардың нерв жүйесінің ерекшелігі – теріс құбылыстарды қабылдау сезімталдығының өте төмен болуы, сондықтан олар ескертулер мен жазаға көнбейді, бірақ мақтау естісе бірден жауап береді. Сондықтан бұл балаларға ерекше ілтипатпен қарау қажет.

4. Гипербелсенді балалармен жұмыс істеу бойынша мұғалімге ұсыныстар:

4.1. Гипербелсенді балалардың психологиялық ерекшеліктері. Олар сөгіс пен жазаға қарсы болып,  аздаған мақтауға үлкен мән беретін болады. Сондықтан жиі мақтауды қажет етеді.

4.2. Балаларға нұсқауларды  анық, нақты етіп тұжырымдап,  мейлінше қысқа етіп айту қажет (он сөзден артық болмауы керек), әйтпесе олар сізді тыңдамайтын болады. Мұғалім оларға біруақытта бірнеше тапсырманы бермей, бір нұсқауларды  жеке –жеке беруі тиіс.

4.3. Артық энергияны шығару үшін пайдалы бағытқа бағыттаңыз: сабақ барысында олардан көмек сұраңыз - тақтаны жуыңыз, қағаз таратыңыз және т. б..

4.4. Мінез-құлықты түзеу үшін баламен талқылай отырып, жақсы және жаман мінез-құлықты көтермелеу және жазалау жүйесін қолданыңыз; сонымен қатар мектепте балаға ыңғайлы болатын жерге мінез-құлық ережелері жиынтығын орналастырып, содан соң баладан оны дауыстап айтып беруін сұраңыз. Бір нәрсеге тыйым салу кезінде тыйымдардың көп болмауы шарт