САЛЫҚ - белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер
by Эсмира Турганбек
1. Өндіріп алу тәсілі немесе салықтарды салу объектісі бойынша
1.1. тікелей салықтар - тікелей табыс, немесе меншік иеленушілерін алынады.
1.2. Жанама салық – тауар бағасына қосылады және тауар сатқанда тұтынушылардан өндіріп алынуы
2. Салықты алатын және оған иелік ететін органдардың ерекшелігіне қарай
2.1. Жалпы мемлекеттік
2.2. Жергілікті
2.2.1. жалпы салықтар
2.2.2. мақсатты салықтар
3. Салық субъектілеріне қарай немесе салықты төлеушіге байланысты
3.1. заңды тұлғалардың салықтары
3.2. жеке тұлғалардың салықтары
4. Салықтардың қолданылу қызметтеріне орай
4.1. Жай салықтар – мемлекеттің күнделікті қызмет барысында қолданылады
4.2. Төтенше салықтар – мемлекеттік шығындардың деңгейлерінің көбеюіне орай қосымша табыстарды қажет еткен жағдайда, форс-мажор кезінде қолданылады
5. Салықты есептеу және төлеу субъектісі бойынша
5.1. қызметақылы
5.2. қызметақысыз
6. салық төлеушілердің арасында бөлуге байланысты
6.1. үлестірме (репартиционды, контингенттеу)
6.2. сандық (үлесті)
7. негізгі қызметтері (функциялары)
7.1. Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу жүзеге асырылады
7.2. Фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттік кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады
7.3. Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды
8. Салық салу элементтері
8.1. Субъект, объект, салық көзі, салық мөлшерлемесі, салық өлшем бірлігі, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеуші мен салық органдарының құқықтары мен міндеттері, салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары
9. салық салудың принциптері
9.1. Салық салудың міндеттілік принципі
9.1.1. Салық төлеушілер салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті болуы тиіс
9.2. Салық салудың әділдік принципі.
9.2.1. Қазақстан Республикасының салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Кез келген салық төлеуші үшін салық салу жүйесі әділетті түрде шешілуі қажет
9.3. Салық салудың біртұтастық принципі
9.3.1. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің Қазақстан республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады.
9.4. салық салудың жариялылық принципі
9.4.1. Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға тиіс