«Өсімдікті қорғау химиясы және технологиясы» білім беру бағдарламасының мазмұнын құрастыру.
by Miras Zharylkassyn
1. Міндеттері:
1.1. Қазақстан Республикасының білім беру стратегиялық бағдарламаларына сүйеніп химия білімін дамытудың көзқарастарын қалыптастыру, зерттеу тақырыбын негіздеу;
1.2. «Өсімдікті қорғау химиясы және технологиясы» білім беру бағдарламасының мазмұны мен әдістемесін жасау;
1.3. Химия пәні бойынша құзіреттілікті дамытуға «Өсімдікті қорғау химиясы және технологиясы» тақырыбының химияны оқытудағы тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.
2. Зерттеу нысаны:
2.1. Қазақстан Республикасындағы химия білімі саласы бойынша мамандықтардың білім мазмұны (бакалавриат).
3. Зерттеу пәні:
3.1. Білім сапасын жоғарылату жолдары, студенттердің функционалдық сауаттылығы мен құзіреттілігін химия білім мазмұнын жетілдіру арқылы қалыптастыру, оқытудың технологиясы мен бағалау жүйесінің нәтижесін жасау.
4. Өзектілігі:
4.1. Қазіргі кезеңде бәсекеге қабілетті мамандар дайындау үшін жоғары оқу орындарында жұмыс беруші орындар мен білім алушылардың ұсынысын ескере отырып, әр түрлі таңдамалы курстар құрастырылуда. Осы құрастырылған курстар негізінде қазіргі заманға сай жаңа технологиялармен студенттерді таныстырып, олардың құрылымдары мен жұмыс жасау ережелері мүмкіндігінше оқытылуда. Осыған орай химия саласы бойынша құзіретті маман дайындауда «Өсімдікті қорғау химиясы және технологиясы» бойынша білім беру бағдарламасының мазмұнын құрастыру өзекті мәселе болып табылады.
5. Мақсаты:
5.1. «Өсімдікті қорғау химиясы және технологиясы» білім модулінің әдістемесін жетілдіру.
6. Зерттеу әдістері:
6.1. Жалпы теориялық әдістер (анализ, синтез, салыстыру, индукция, дедукция, классификация, жалпылау, анықтау, модельдеу), социологиялық әдістер (сауал-сұрақ жүргізу, сұхбаттасу), тәжірибелік әдістер (бақылау, дидактикалық эксперимент).
7. Теориялық және практикалық маңызы:
7.1. Жұмыстың қорытындысын Қазақстан Республикасының ЖОО-да химия саласындағы мамандықтар бойынша бакалавриат бөліміне қолдануға болады