Web - технологиялар
by Ибраева Айдана
1. Интернет желісін қолданып пайдаланушылармен бірге жұмыс істеуді ұйымдастыру есептерін шешудің техникалық, коммуникациялық, программалық әдістер кешені.
2. Артықшылықтары: Web-технологиялар ақпаратты жеткізу құралы ретінде адам мен компьютер арасындағы әмбебап интерфейс болып табылады. Әр адамға жазбалар, тақырыпшалар, сілтемелер мен картинкалар ұғынықты. Веб-интерфейс ақпаратты алу құралы ретінде түсінікті. Интернеттің коммуникациялық арна ретінде кең ауқымды пайдаланылуы веб интерфейстің қарапайым екендігін көрсететіні даусыз. Браузер – веб-беттерді көруге арналған программа. Браузерлер – казіргі компьютерлер жабдықталған проограммалар. Кең тараған браузерлер: Internet Explorer, Firefox, Opera, Safari, Chrome.
3. HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML беттер ғаламторда браузерден серверге, жай текст немесе жасырын символдар(шифрлар) арқылы HTTP және HTTPS хаттамаларымен жіберіледі.
4. CSS Стильдің каскадты кестелері – HTML секілді веб-дизайнерге үлкен нақтылық және әсермен бетке элемент қосу және өзгертуге мүмкіндік беретін технология. CSS оқу, HTML оқыған секілді өте жеңіл. Ал негізінен CSS пен жұмыс жасау жеңілірек, себебі мұнда жаңа тегтер енгізбестен, бар тегтер қолданылады. Осы бөлімді оқи отырып, сіз стильдің каскадты кестелері қалай жұмыс жасайтындығын, олардың құрылу негіздерімен танысасыз. Ары қарай сіз осы кестелердің жеке қасиеттерін қолдануды үйренесіз.
5. Ерекшеліктері
5.1. Web-технологиялардың өзін ақпаратпен жұмыс істеу концепциясы деп алуға болады. Оның мынадай ерекшеліктерін бөліп қарастыруға болады:
5.1.1. Web-технологиялардың техникалық негізі – локальды және глобальды желілер, көбіне Интернет
5.1.2. Клиенттердің ерекше типін пайдалану: web-браузерлер
5.1.3. Ақпараттық көздердегі өзгерістер публикацияларда бірден бейнелене алады
5.1.4. ақпаратты тұтынушылар саны шектеусіз