Бала құқығы

Get Started. It's Free
or sign up with your email address
Бала құқығы by Mind Map: Бала құқығы

1. Баланың заңды құқықтары.

1.1. Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуіне толықтай құқығы бар.

1.2. Баланың құқықтары жөніндегі конвецияға сәйкес, әрбір бала өзінің даралығын сақтауға құқығы бар.

1.3. Баланың мүліктік құқығы да бар, ол көбінесе баланың өз ата-аналары мен отбасының өзге де мүшелерінен асырап-бағу үшін қаражат көмегін алуына байланысты. (алимет алу)

2. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы.

2.1. 1 бап.Бала – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;

2.2. Баланың заңды өкілдері – ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиелеуші, баланы қабылдайтын ата-аналар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар;

2.3. Баланы әлеуметтік оңалту – бала жоғалтқан әлеуметтік байланыстар мен функцияларды қалпына келтіру, тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз ету ортасын толықтыру, оған қамқорлық жасауды күшейту жөніндегі іс-шаралар;

3. 3-бап. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралыр

3.1. 1. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының бала құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады.

3.2. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттағы оны қолдану үшiн Қазақстан Республикасының заңын шығару талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

4. 14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы

4.1. 1. Әрбiр баланың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге құқығы бар.

4.2. 2. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, оның iшiнде жетiм балаларды оларға басқа тұрғын үй берiлмейiнше, тұрып жатқан тұрғын үйінен шығаруға болмайды.

5. 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы "Адам Құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын" қабылдады.

6. 1959жылы Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды.

7. 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ-да 61 мемлекет қол қойған "Бала Құқығы туралы конвенция " қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет қол қойды. Ал, ҚР 1994 жылы 8 маусымда "Бала Құқықтары туралы конвенцияны " бекітті.

8. 2002 жылы тамызда Қазақстанда "Бала Құқығы туразы заң" қабылданды.